Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы




Скачать 53.67 Kb.
НазваниеҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Дата конвертации10.07.2013
Размер53.67 Kb.
ТипДокументы


Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын

реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы

№ 2 хаттама Қарағанды қаласы

2007 жылғы 12 шілде Обләкімдік
Облыс кәсіпорындарына шетел жұмыс күшін

тарту ерекшеліктері және мәселелері туралы

Шешім

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мәліметтері бойынша Қарағанды облысы бойынша 2007 жылға қолданыстағы ережеге сәйкес, шетел жұмыс күшін тартуға 1 және 2-санат бойынша 349 бірлік, 3-санат бойынша 524 бірлік квота анықталды және үш санат бойынша 873 бірлікті құрады. Жұмыс берушілерге рұқсат бергенде ерекше жағдай жасау жүктеледі: даярлық, қайта даярлау және шетел жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша қазақстандық азаматтардың біліктілігін арттыру; шетел жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыру және қосымша жұмыс орнын құру.

Шетел жұмыс күшін тартатын облыстың 25 ұйымында шетел азаматтарының саны 209 адам. Осы ұйымдарда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар мен шетел мамандарының және жұмысшыларының байланысы соңғы екі жылда және 2007 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 0,27%-дан 0,73%-ға өзгерді.

Қарағанды облысының аумағына шетел жұмыс күшін тартудың басты бағдарлары соңғы 2 жылда өндірістік қызмет кенішінде: тұрғын үй мен жолдар, әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы нысандар құрылысы; қазіргі заманғы құрылымдардың және кен өндіру өнеркәсібінің өндірісі; құрылыс материалдарының өндірісі; азық-түлік өнеркәсібі; білім беру саласы болып табылады.

Ағымдағы жылы аймақта санаттар бойынша квотаны теңдестіріп бөлумен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігі шетел инвесторлары Кеңесімен бірлесіп, 1,2 және 3-санаттар бойынша квотаның жалпы көлемін бөлу механизмін енгізуге жасап, ұсынған. Жасалған механизм көбінесе менеджерлер мен инженерлік қызметкерлерді тарту жөніндегі ірі компаниялардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ елдің жақсарған әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, қолда бар жұмыс орындары, көршілес мемлекеттер тарапынан жеткіліксіз көші-қон бақылауы, ТМД алқабына шекараның ашықтығынан бейресми қоныстанушылар үшін біздің мемлекетіміз аса тартымды болып отыр.

Көші-қон полициясы Басқармасының мәліметтері бойынша жыл сайын облыс аумағында қолданыстағы заңдарды бұзып, 10 мың шетелдік жұмыс істейді. Сонымен, қызметкерлер де, жұмыс берушілер де заңнамамен белгіленген салықтарды және басқа да төлемдерді төлемейді. Қарағанды облысында тексеріс нәтижесінде анықталған заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер саны 1 мыңнан асады. Шетел жұмыс күшін заңсыз қолданғаны үшін 33 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда еңбек нарығында білікті жұмыс күшінің аса тапшылығы сезіледі. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мәліметтері бойынша 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар санынан 48,0% білікті емес жұмысшылар.

Облыстың кәсіпкерлер Ассоциациясының пікірі бойынша, еңбек нарығындағы тапшылықпен сәйкестікте бейресми көші-қон белсенділігі еңбек көші-қон үрдісін мемлекеттік реттеу тиімділігінің әлсізденуі мен апаттың үдеуін куәландырады.

БАҚ құқықтық көмегінің Орталығы өткізген іріктеу талдауы құқық қорғау органдары, ішкі істер органдары, облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бейресми жұмыс күшін қолдану үрдісіне сирек араласатынын көрсетті. Жұмыс берушілер жұмыс күшін бейресми жалдаудың аса маңызды себептері ретінде еңбек тәртібіне, еңбекақыға, еңбек жағдайына Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген жұмыскерлердің аса төмен талаптарын, Қазақстанда қажетті жұмыскерді табу мүмкін еместігін атап көрсетеді.

Облыс кәсіпкерлерінің Ассоциациясы атап көрсеткендей, жұмыс берушіге бұл жағдайларда шетел жұмыс күшін тартуға мынадай себептер апарып соқтырады: отандық еңбек нарығында қазіргі заманғы станоктарда және жабдықтармен қатал бәсекелестік тәртібінде жұмыс істеуге жарамды мамандардың жоқтығы; жаңашыл шағын және орта бизнеске арналған кадрлардың жүйелі даярлығының жоқтығы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыста құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне байланысты жұмысшы құрылыс мамандықтарын әкелуге квотаны көбейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Шетел жұмыс күшін әкелуге рұқсат бергенде шетел жұмыскерлеріне де, қазақстандықтарға да тең еңбек төлемінің шарттарын анықтайтын ұжымдық шарттары бар жұмыс берушілерге артық қарау; медициналық тексеруден өтуге шетел жұмысшыларына құжаттар сұрату қажет.

Талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының мүшелері келесідей шешім етті:

1. Қарағанды облысының ІІД көші-қон полициясының Басқармасы (А.Х.Сәрсембаев) облыстың жұмыс берушілері мен кәсіпкерлер ассоциациялары (Т.К.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева, М.Х.Хамитов) бірлесіп, облыста бизнеске шетел жұмыс күшін тарту және бірлескен олардың рұқсаттары мәселелерін талқылау жөнінде үнемі әрекеттенетін штаб құрсын.

2. Білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев) кәсіподақтардың қатысумен (А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) және облыс жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері ассоциациялары (Т.К.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева, М.Х.Хамитов) 2007 жылдың екінші жартыжылдығында бірлескен консультациялар өткізуді ұсынсын және Қарағанды облысының экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті бизнес үшін жергілікті кадрларды даярлау іс-шараларының бірлескен Жоспарын құру мүмкіндігін қарастырсын.

3. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (Ж.А.Әбішев), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (К.Ж.Аманбаев), Кәсіпкерлік және өндіріс департаменті (М.Т.Божбанов), Қарағанды облысының ІІД көші-қон полициясының Басқармасы (А.Х.Сәрсембаев) облыс жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері ассоциациялары мен (Т.К.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева, М.Х.Хамитов), кәсіподақтардың қатысумен (А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) 2007 жылдың аяғына дейін шетел жұмыс күшін тарту мәселесі жөнінде ҚР заңнамасына толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі ұсыныстар пакетін әзірлесін.

4. Облыс кәсіпкерлері ассоциациялары (Т.К.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева), облыс жұмыс берушілерінің Кеңесі (М.Х.Хамитов) 2007 жылдың аяғына дейін жұмыс берушілермен кәсіптік кадрлар даярлау жөнінде КМ-мен шарт жасасу тәжірибесін кеңейту туралы мәселені; олардың өндірістік базасын жетілдіруге құралдар жоспарлауды; өз есебінен де, жұмыс берушінің есебінен де жұмысшылар үшін біліктілікті жетілдіру мүмкіндігін туғызуды талдасын.

5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (К.Ж.Аманбаев), облыстың Ішкі істер департаменті (К.О.Қожахметов) заңды тұлғалар қызметін, өкілдіктер мен филиалдардың, шетел азаматы болып табылатын бірінші басшылар мен құрылтайшылардың қызметін бақылауды күшейтсін. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын бұзғаны үшін, шетел азаматы болып табылатын, бірінші басшыларды әкімшілік және басқа да жауаптылыққа тартсын.

6. Осы шешімнің орындалуына жауапты ұйымдар басшылары келесі айдың 20-сына дейін 2007-2008 жылдардың әр жартыжылдығының қорытындысы жөнінде ОҮК-ге ақпарат берсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау ОҮК жұмыс тобына (С.Ш.Әкенов) және ОҮК үйлестірушісіне (Б.К.Шаханова) жүктелсін.


Тараптар:
Үшжақты комиссия Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы

А.Базарбаев А.Мадиярова М.Хамитов
Орталық Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін кәсіподақтары

ассоциациясының Президенті Конфедерациясының Президенті
Т.Доскенов С.Белкин

Қарағанды облысының кәсіпкерлері

Ассоциациясының атқарушы директоры Г.Құрбанбаева



Похожие:

Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Ағымдағы жылда жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың бюджеттерінде 513,2 млн теңге қаралған
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Р ек 124-бабы қарастырылғандай, еңбекақыны көбейту тиісті кезеңге ҚР нормативтік құқықтық актілерімен анықталған инфляция деңгейінен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия
Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар және Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Федерациясы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, заңнамасын орындауда еңбек шарттары ерекше жұмыстармен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Жезқазған қаласының жұмыс берушілерінің, кәсіподақтар бірлестіктерінің және атқарушы өкімет органдарының жұмысы туралы
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Облыстық үш жақты комиссияның 2009 жылғы 31 наурыздағы шешімімен комиссияның үйлестірушісі болып Қарағанды облысының әкімі аппаратының...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы
Тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары және табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру, жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница