Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»




Скачать 67.85 Kb.
НазваниеРегламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Дата конвертации10.07.2013
Размер67.85 Kb.
ТипРегламент


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2011 жылғы «13 » сәуірдегі

№ 127-ө бұйрығына

7-қосымша

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

2) Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі –ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпарат жүйелері және олардың кіші жүйелері;

3) тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

4) уәкілетті ұйым –арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін жүзеге асыратын ұйым (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны);

5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;

6) уәкілетті ұйымның филиалы –уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;

7) шешім – басқарма (бөлімше) маманының, басшысының және жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысының электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжат;

8) шешім жобасы – жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжат;

9) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.

3. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның бөлімшесі арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат беру бөлімінде ішінара автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1,2-тармағының;

2) Үкіметтің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының негізінде көрсетіліеді.

6. Жәрдемақыны тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің стенділерінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

9. Тұтынушыларды қабылдау демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа күндері сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу көзделмеген.

Тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің ең көп шекті уақыты (талон алғанға дейін) - 30 минуттан аспайды;

Тұтынушының өтініш берген күні сол жерде тұтынушыға қызмет көрсетудің ең көп шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

10. «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтар № 161 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, немесе жалған мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушы ұсынған құжаттардан қалыптасқан тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін (бұдан әрі – іс макеті) және электрондық-цифрлық нысанда және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы қалыптасқан тұтынушының электрондық іс макетін қалыптастырады. Электранды іс макетін қалыптастыру үшін уәкілетті ұйымның маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.;

2) уәкілетті ұйымның басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақының дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады. Электрондық іс макеті шешім жобасымен және электрондық хабарламамен бірге электронды байланыс арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберіледі.

3) уәкілетті ұйымның бөлімшесі келіп түскен электрондық іс макетін және шешім жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеу мен шешімді ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан соң электронды хабарламамен бірге оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті ұйымға жібереді. Шешім жобасы уәкілетті ұйымның маманы мен басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

4) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен бірге бес жұмыс күні ішінде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;

5) уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық іс макетін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімімен бірге алған соң іске нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жәрдемақы тағайындағаны немесе тағайындаудан бас тарқаны жөнінде өтініш иесіне хабарлайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы
12. Құжаттарды тікелей уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы жүзеге асырады, содан соң жәрдемақы тағайындау туралы өтініш пен оған қоса берілген құжаттар журналға тіркеледі.

Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.

Зейнетақы төлемдері жәрдемақысын тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтар № 161 қаулысында белгіленген.

14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:

1) уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы;

2) уәкілетті ұйым бөлімшесінің бастығы;

3) уәкілетті ұйым филиалының маманы;

4) уәкілетті ұйым филиалының басшысы;

5) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы;

6) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган басқармасының (бөлімінің) бастығы;

7) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның басшысы.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:

1) уәкілетті ұйым бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді, содан соң электронды байланыс арқылы шешім жобасымен және электрондық хабарламамен қоса электрондық іс макетін уәкілетті ұйым филиалына жібереді;

2) уәкілетті ұйымның филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

3) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.

17. Әрбір КФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.


Похожие:

Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconРегламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау»
Осы «Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті (бұдан әрі...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconЗейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconРегламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconРегламенті Жалпы ережелер
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметінің осы регламентінің 1 қосымшасында көрсетілген (бұдан әрі – Регламент),...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын,...
Регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен, олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы «Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница