Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы»




Скачать 76.15 Kb.
НазваниеБақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы»
Дата конвертации29.11.2012
Размер76.15 Kb.
ТипДокументы
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге

КЕЛІСІМШАРТ № ДТо-000001
Алматы қ. « « қаңтар 2011 жыл
________________________________________, әрі қарай «ОРЫНДАУШЫ» деп аталатын, жарғы негізінде әрекет етуші директор ___________________________ атынан, бірінші тараптан, және «Хабар» Агенттігі» АҚ, әрі қарай «ТАПСЫРЫСШЫ» деп аталатын, Филиал туралы ереженің және 12.07.10 ж. 01-09/818 сенімхатының негізінде әрекет етуші «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарушы директоры – АФ директоры Федорова С.В. атынан, екінші тараптан, бірлесе әрі қарай «Тараптар» деп аталып, 2009 жылғы 6 қараша күнгі «Хабар» Агенттігі» АҚ тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің негізінде төмендегідей келісімшартты (әрі қарай – Келісімшарт) жасады:

1. КЕЛІСІМШАРТ НЕГІЗІ.


    1. «ТАПСЫРЫСШЫ» тапсырады, ал «ОРЫНДАУШЫ» №1 Қосымшаға сәйкес бақылау-кассалық машиналарына (әрі қарай – БКМ) техникалық қызмет көрсетуді мойнына алады.

    2. БКМ техникалық қызмет көрсетуге пайдалану құжатнамасының (ПҚ) талаптарына сәйкес регламенттік алдын алу жұмыстары мен кепілдік жөндеулері (тек қана ТҚО-на кепілдік қызмет көрсетуге ТҚО-ға және оның филиалдарында сатып алу фактісі бойынша қойылған, немесе ТҚО-да тестілеуден өткен БКМ үшін).

    3. Техникалық қызмет көрсетуге ПҚ-на сәйкес жұмысқа жарамды және комплектіленген бақылау-кассалық машиналары қабылданады. БКМ техникалық ахуалын тексеруді «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» өкілдері «ТАПСЫРЫСШЫНЫҢ» өкілдерінің қатысуымен өткізеді.

    4. «ОРЫНДАУШЫ» осы келісімшарт бойынша орындалатын жұмыстардың сапасына және Техникалық Шарттарға, ПҚ-на және ҚР Салық Кодексінің талаптарына сәйкес БКМ жұмыс істеуіне кепілдік береді.



2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ.
2.1. БКМ-на техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар «ТАПСЫРЫСШЫНЫҢ» аумағында да, (1,2 тех. қызмет көрсету санаттары үшін), «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» техникалық орталығында да (3,4 тех. қызмет көрсету санаттары үшін) жүргізіледі.

2.2. БКМ-на техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізудің жиілігі – тоқсанына бір рет. БКМ режимін және пайдалану шарттарын өзгерткен кезде, тараптардың келісімімен, БКМ-на қызмет көрсету жиілігі өзгеруі мүмкін.

2.3. БКА-на техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарға мыналар кіреді:

1. БКМ профилактикалық тексеру: принтерді тазалау, картриджді мастикпен толтыру, пломбаларын тексеру, күні мен ағымдағы уақытын орнату, платаларының тұтастығын тексеру, байланыстарын тексеру, фискалды жадының жұмысын тексеру.

2. Салық Инспекторының блоктауын ашу.

3. Оператордың паролін ашу.

4. «Тапсырысшының» кассир-операцияшыларына кеңес беру.

5. Аккумулятордың сыйымдылығын өлшеу.

6. БКМ орнату орнын өзгертуге байланысты тіркеу карталарын шығару.

7. БКМ қалыптарын өзгерту.

2.4. «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» мамандары БКМ-на техникалық қызмет көрсету бойынша кезекті жұмыстарды аяқтағаннан кейін «ТАПСЫРЫСШЫҒА» орындалған жұмыстар актісін береді.

2.5. Осы Келісімшартта қарастырылмаған жұмыстарды орындауды «ТАПСЫРЫСШЫ» бөлек келісім жасау арқылы осы Келісімшарт сомасының үстінен қосымша төлейді.

2.6. «ТАПСЫРЫСШЫ» аппаратты пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде пайда болған ақауларды жоюды «ОРЫНДАУШЫ» осы Келісімшарт сомасының үстінен сәйкес ақыға жүргізеді. Бұндайда тараптар БКМ ақаулық актісін екі жақты рәсімдейд, БКМ жөндеу құны келісіледі және бөлек келісім жасалады.

«ОРЫНДАУШЫ» бастапқы электр желісінде кедергі туындаған жағдайда БКМ жұмысы үшін жауапты емес.
3. ОРЫНДАУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
3.1. Осы Келісімшартта қарастырылған жұмыстарды уақытында және сапалы орындау.

3.2. «ТАПСЫРЫСШЫҒА» аппаратты пайдалану мәселелері бойынша кеңестер беру.

3.3. «ТАПСЫРЫСШЫНЫ» осы Келісімшарттың 1 қосымшасында көрсетілген БКМ әрбір үлгісіне пайдалану бойынша қажетті құжатнамамен қамтамасыз ету.

3.4. Жұмыстар жүргізген кезде БКМ техникалық ахуалы туралы акт жасау.

4. ТАПСЫРЫСШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
4.1. БКМ-на техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру мәселелерін жедел шешу және осы Келісімшарт бойынша сәйкес құжаттарды рәсімдеу мақсатымен «ОРЫНДАУШЫМЕН» байланыс үшін БКМ орналасқан орны бойынша жауапты тұлғаны тағайындау.

4.2. БКМ пайдалануды сол аппаратты пайдалану бойынша құжатнамаға сәйкес жүзеге асыру.

4.3. «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» және өндіруші зауыттың БКМ-на салған пломбаларының бүтіндігін бұзбау.

4.4. БКМ пайдалануға арнайы оқыту курсынан өтпеген тұлғаларды жібермеу.

4.5. БКМ-на техникалық қызмет көрсетуді және басқа да жұмыс түрлерін өз бетімен және өзге тұлғалар мен ұйымдардың көмегімен өткізбеу.

4.6. «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» шоттарын осы Келісімшартта қарастырылған мерзімде төлеуге.

5. ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕСУ ТӘРТІБІ.
5.1. 1 (бір) тоқсан үшін техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың құны: ____________ теңге тұрады. Әрбір БКМ-на техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстың құнын есептеу техникалық қызмет көрсету санатын ескере отырып жүргізіледі және оның ажырамас бөлігі болып табылатын осы келісімшарттың №1 Қосымшасында көрсетілген.

Тараптар бұрынғы әрекет еткеннің орнына жаңа №1 Қосымшаға қол қойған жағдайда, бұрынғысы Тараптар үшін сәйкес жаңа №1 Қосымшаға қол қойған сәттен бастап өзінің күшін жояды.

5.2. Осы Келісімшарт бойынша орындалған жұмыстарды төлеу шоттың негізінде жүргізіледі. «ТАПСЫРЫСШЫ» орындалған жұмыстар үшін төлемді «ОРЫНДАУШЫҒА» шотта көрсетілген соманы Тапсырысшының 2011 жылға сатып алу Жоспарын бекіткеннен кейін шотты алған сәттен бастап 5 (бес) банкілік күннен кешіктірмей жүргізеді.

5.3. БКМ пайдаланудың кепілдік кезеңінен кейін «ОРЫНДАУШЫ» аппараттың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету үшін ауыстырған комплектідегі түйіндері мен қосалқы бөлшектерінің құнын «ТАПСЫРЫСШЫ» бөлек келісім бойынша осы Келісімшарттың сомасының үстінен төлейді.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ.
6.1. «ТАПСЫРЫСШЫ» орындалған жұмыстарды төлеу мерзімдерін бұзған кезде, «ОРЫНДАУШЫҒА» әрбір мерзімі асқан банкілік күн үшін жұмыстардың жалпы құнының 0.5% мөлшерінде өсімпұл төлейді. Жоғарыда аталған айып санкцияларын төлеу тараптарды осы Келісімшарт бойынша өзара міндеттерден босатпайды.

6.2. Осы Келісімшарт бойынша орындалған жұмыстардың құнын толықтау немесе бөлшектеп төлеуден бас тартқан кезде, «ТАПСЫРЫСШЫ» «ОРЫНДАУШЫНЫ» осы Келісімшарттың әрекетін уақытша тоқтату туралы алдын ала айтылған жарлықпен хабарландырады.

6.3. «ОРЫНДАУШЫ» «ТАПСЫРЫСШЫНЫҢ» кінәсінен бухгалтерлік құжаттарды (шоттар, есеп-фактуралар және орындалған жұмыстар актісі) уақытында алмағаны үшін жауапты емес.

6.4. «ТАПСЫРЫСШЫ» немесе үшінші тұлғалар БКА-дағы және оның түйіндеріндегі пломбалардың бүтіндігін бұзған жағдайда, «ОРЫНДАУШЫ» БКА кепілдігін ұзарту туралы мәселені бір жақты ретпен шешеді, акт жасайды және БКА тіркеу орны бойынша салық инспекциясына пломбалардың бұзылуы фактісі туралы хабарлайды.

6.5. Осы Келісімшарт бойынша барлық мәселелерді тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешеді.

7. БАСҚА ДА ШАРТТАР.
7.1. Осы Келісімшартқа өзгертулер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша жазбаша формада жүргізіледі. Егер ҚР Үкіметінің немесе оның ведомствоға қарайтын органдарының Қаулысы немесе Жарлығы нәтижесінде болса, Тараптар осы Келісімшарттар бойынша өзінің міндеттерін толықтай немесе бөлшектеп орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

7.2. БКА пайдалануға беруді, БКА бағдарламалау және іске қосуды, «ТАПСЫРЫСШЫНЫҢ» кассирлерін сәйкес куәлік бере отырып пайдалану ережелеріне оқытуды «ОРЫНДАУШЫ» бөлек ақыға «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» сервис орталығының қызметтердің қолданыстағы баға тізбесінде келтірілген бағаларға сәйкес орындайды.

8. КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ МЕРЗІМІ.
8.1. Қызметтерді көрсету мерзімі « « қаңтар 2011 жылдан 31 желтоқсан 2011 жылға дейін. Келісімшарт Абоненттің 2011 жылға сатып алу Жоспарын бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.

8.2. Осы Келісімшарттың әрекеті мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:

Тараптар Осы Келісімшартты бір жақты ретпен екінші Тарапты 15 (он бес) күн бұрын міндетті жазбаша хабарландыра отырып мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Бұндай жағдайда, Тараптар салыстыру актісін жасайды және соның негізінде осы Келісімшарт бойынша барлық өзара есептесулерді жүргізеді. Келісімшарт хабарламада көрсетілген күннен бастап Келісімшартта бекітілген мерзімдерді ескере отырып бұзылды деп есептеледі.

- «ОРЫНДАУШЫНЫҢ» ниеті бойынша – «ТАПСЫРЫСШЫ» техникалық жұмыстардың құнын шотты алған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда. Келісімшарт тоқсан сайынғы техникалық қызмет көрсету үшін шығарылған шотты төлеген сәттен бастап әрекетін автоматты түрде жалғастырады.

8.3. Келісімшартты бұзған кезде, Тараптар өзара есептесулер жүргізуі қажет, барлық борыштарды өтеп, міндеттерді төлеуі тиіс.

8.4. Келісімшарт 2 (екі) данамен қазақ тілінде жасалды, әрбір Тарапқа бір данадан келеді.

9. ТАРАПТЫРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ.
Тапсырысшы: Орындаушы:
«Хабар» Агенттігі» АҚ
010000, Астана қ., Сарыарқа даң., 30

СТН 600400087853,

БИН 980640000529

ЖИК KZ7384901KZ000363501

«Нұрбанк» АҚ филиалында Алматы қ.

БЖК NURSKZKX

«Хабар» Агенттігі» АҚ

Басқарушы директоры – АФ директоры
__________________ С.В. Федорова.

« « ____________ 2011 ж. № ДТо-000001 Келісімшартқа

1 ҚОСЫМША

Техникалық қызмет көрсетуге қойылған БКА

ТІЗІМІ




Тех. қызмет көрсету санаты

Зауыттық

номері

БКА маркасы

Тоқсандық құны

1.

Тех. қызмет көрсету санаты 3




Меркурий

115 Ф












БАРЛЫҒЫ






Тапсырысшы: Орындаушы:
«Хабар» Агенттігі» АҚ
010000, Астана қ., Сарыарқа даң., 30

СТН 600400087853,

БИН 980640000529

ЖИК KZ7384901KZ000363501

«Нұрбанк» АҚ филиалында Алматы қ.

БЖК NURSKZKX

«Хабар» Агенттігі» АҚ

Басқарушы директоры – АФ директоры
__________________ С.В. Федорова.





Похожие:

Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconТуристік қызмет көрсету шарты Алматы каласы 2012 ж. «Khan-Turan Travel»
То-108 0134026 берген лицензия негізінде әрекет етуші директор Ахметова Мунирам Касымовна, әрі қарай «Орындаушы» деп аталып, бір...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» icon1 Келісімшарт Екібастұз қаласы 2008 ж сәуірдің «05»
Мм атынан басшысы Абенов Б. Ж. бір тараптан және Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын директоры екінші...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconМұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай мдқ),...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconБорттық тамақтануға қызмет көрсетуге арналған № / шарт астана қ. 2010ж. «Астана халықаралық әуежайы»
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconБорттық тамақтануға қызмет көрсетуге арналған № / шарт астана қ. 2010ж. «Астана халықаралық әуежайы»
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconҚызметтерді сатып алу туралы № келісімшарт Астана қ. 2012 жыл «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың бірыңғай ережелеріне сәйкес (бұдан әрі – Сатып алу ережелері) және...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconҚатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсетуге № Келісім-шарты
«Тәртіп» АҚ-ы, (мемлекеттік тіркеу №75245-1910-ао куәлігі 26. 01. 2006ж берілген), атынан, негізінде әрекет ететін бір жағынан, ары...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» iconБорттық тамақтануға қызмет көрсетуге арналған № / шарт астана қ. 2011ж. «Астана халықаралық әуежайы»
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» icon2011 жылғы «12» мамырдағы №501 қаулысымен
«Алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі...
Бақылау-кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт № дто-000001 Алматы қ. ««қаңтар 2011 жыл, әрі қарай «орындаушы» icon«бта online» жүйесінде банктік қызмет көрсетуге шарт қ. 200 жыл «бта банкі»
Клиент” деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп “Тараптар” деп аталады, төмендегілер туралы осы Шартты жасады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница