2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат




Скачать 31.97 Kb.
Название2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат
Дата конвертации19.07.2013
Размер31.97 Kb.
ТипДокументы
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат
Алматы облысының коммуналдық меншіктегі нысандарын басқару мен жекешелендіру жұмыстары Алматы облысының қаржы басқармасымен жүргізіледі. 2010 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша келесідей жұмыстар атқарылды.
І. Шаруашылық жүргізу құқығындағы 80- мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның, пакет акцияларында мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамның қаржы-шаруашылық жағдайының 2009 жылғы І-тоқсандық, жартыжылдық, тоғыз айлық, жылдық қорытындысының есебі қабылданып, талдау есебі жүргізілді.

2009 жылы 44 –кәсіпорын таза пайдамен, 29-ы зиянмен, 7-уінің қаржы қорытындысы тепе-тең болды. (№1 қосымша тіркелген).

Барлық кәсіпорындарда жұмысшыларға еңбек жалақысы толық төленді.

ІІ. Коммуналдық меншіктегі мүліктерді есептен шығару:
Алматы облысы әкімдігінің 22 сәуір 2004 жылғы № 66 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулыққа» сәйкес, сапалық тозуының салдарынан жарамсыздыққа келген коммуналдық меншіктегі мүлікті есептен шығару жұмыстары орындалды.

2009 жылы 90 мемлекеттік мекеменің 145 248 мың теңге тұрған мүліктері есептен шығарылды.
IІІ. Аудандар мен қалалардағы иесіз бос қалған нысандар бойынша атқарылған жұмыстар:

Аудандар мен қалаларда иесіз бос қалған ғимараттарды коммуналдық меншікке қабылдау жұмыстарын атқару барысында 1 қаңтар 2010 жылға барлығы 302 нысан жылжымайтын мүлік орталығында тіркелген.

2010 жылдың 1 сәуіріне 187 нысан тіркеуден шығарылды, оның ішінде

64 - иесі табылғандар,

117 - соттың шешімімен шығарылғандар,

3 - бұзылып тіркеуден шығарылғандар,

3 - қате қойылып шығарылғандар,

32 нысан тіркеуге алынды, соның нәтижесінде барлығы 147 нысан иесіз бос болып, жылжымайтын мүлік орталығында тіркелген.

оның ішінде;

- 11 - тұрғын үйлер;

- 73 - пәтерлер;

- 6 - өндірістік ғимарат;

- 1 - энергожүйе нысандары;

- 23 - әлеуметтік саладағы нысандар;

- 13 – су жүйесі нысандары;

- 20 - басқа да нысандар.

Иесіз бос қалған 147 нысанның 89 нысан бірнеше жылдар бойы тіркеуде тұрғандар, ал 58–і жылжымайтын мүлік орталығына тіркеуге алғанына 1 жыл толмағандар. (№ 2 қосымша тіркелген).
ІV Нысандарды жекешелендіру және бәсекелес ортаға беру.
Алматы облысының қаржы басқармасымен 2010 жылдың қаңтар айынан бастап, 3 рет аукционға хабарландыру беріліп, 2 аукцион өткізілді. 69 автокөлік қойылып, 22 автокөлік 1 232,7 мың теңгеге сатылды.

Жалпы облыс бойынша сенімгерлік басқаруға берілген 31 нысан бар. Оның ішінде:

-1 нысан кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен;

-8 нысан кейіннен өз меншігіне сатып алу құқығымен;

-22 нысан кейіннен жеке меншікке сатып алу құқығынсыз берілген.

2010 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша сенімгерлік басқаруға берілген 23 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстары одан әрі жалғасуда. (№ 3 қосымша тіркелген).

Коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіруден 301 102 коды бойынша 2010 жылдың 1 тоқсанына жоспар 5 600 мың теңге болса, бюджетке 11 932,7 мың теңге түсті, яғни жоспар 213,1 % орындалды. Былтырғы жылдың 1 тоқсанына бюджетке осы мақсаттан 5 565,1 мың теңге түскен, биыл екі есеге артық орындалды.
V. Жекешелендіруден кейінгі бақылау.
Жеке меншікке берілген 49 нысан жекешелендіруден кейінгі бақылауда тұр. 2010 жылдың 1 тоқсанына 21 нысанға тексеру жүргізіліп, қорытындысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. (№ 4 қосымша тіркелген).

VI. Комуналдық меншік нысандарын жалға беру.
Алматы облысының қаржы басқармасының негізгі қызметтерінің бірі коммуналдық меншіктегі нысандарды жалға беру. Бәсекелестік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында нысандар жалға тек тендер арқылы беріледі.

2010 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша комуналдық меншік нысандарын жалға беру бойынша 7 тендер өткізілді, 299 келісім шарт жасалып, жоспарланған 4 988 мың теңгеден, бюджетке 9 348,4 мың теңге түсіп жоспар 187,4 % орындалды. Осы мақсаттан 2009 жылдың 1 тоқсанына бюджетке 4 663,4 мың теңге түскен, яғни биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі есеге артық орындалып отыр.

Басқарма бастығының

орынбасары Б.Керімбеков

Похожие:

2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат iconЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат iconҚарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы
Оқушы саны – 436. Биыл мектепті 42 оқушы бітіріп, 2010-2011 ж ж оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 91 балды...
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат icon2010 жылдың кірістер туралы ақпарат
Мен, Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы бастығының орынбасары Лебедева Асия Наильевна 2010 жылғы табысым мен маған тиеслі меншік...
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген
Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру туралы Оперативтік...
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат iconАлтынтөбе ауыл округінде 2011 жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың есебі
Ауыл округінде 2011 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың есебін беруге рұқсат етіңіздер
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат iconМемлекеттік коммуналдық меншікті басқару бойынша 2010 жылдың 1-жартыжылдығында жасалынған жұмыстар туралы
Коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерінен түсетін дивидентер
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2010 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы қорытынды «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп 100 аурухана салу»
Катонқарағай ауылында 75 орынға арналған аудандық аурухана құрылысы аяқталды, мердігер «Элхон» жшс (директоры Тумашинов Л. Ш.). 2010...
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат icon2010 жылдың І тоқсаны ішінде Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат icon2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы
Здравствуйте Людмила Ивановна! Высылаю вам новый материал под названием 2010 жылы атқарылған іс – шаралардың қорытындысы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница