1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері




Скачать 423.97 Kb.
Название1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері
страница1/2
Дата конвертации30.11.2012
Размер423.97 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Ф.7.22-17

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Бекітемін

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

______________Ж. Бахов

(қолы, аты-жөні)

« » ______________ 20___ ж.


6D020500 ФилологиЯ

мамандығының Докторантураға қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6М020500-Филология:қазақ тілі мамандығының «Фонетика», «Лексикология», «Сөзжасам», «Морфология», «Синтаксис» пәндердің типтік бағдарламалары негізінде құрылған.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

« 06 » 04 2011__, № _9__ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _________________________ Боранбаев С.Р. (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған « 15» 04 2011ж., № __8_ хаттамасы

(факультеттің аталуы)

Төрағасы _______________________Г. Жетпісбаева

(аты-жөні, тегі)


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________Ж. Изтаев

Кіріспе

6D020500-Филология мамандығы бойынша дайындалған докторлар мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады: ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық, білім бері-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық. Докторантурада білім алу тек күндізгі оқу формасында жүргізіледі.
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері

1.1. Фонетика

ДЫБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, онын ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлык) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ қуысы, ауыз қуысы).

Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялык) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия-физиологиялык аспектілермен байланысы.

Дыбыстардың артикуляция-акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты.

Артикуляциялық дағды (артикуляционная база). Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін не дұрыс, не бұзып айтуына (орфоэпияға) тигізетін әсері; орфографиямен қарым-қатынасы.

Дыбыс және фонема олардың ортақ жактары мен айырмасы. Фонеманың өзіндік қасиеті; фонеманың түрлері (аллофондары); аллофондардың вариант, ариациялык ерекшеліктері. Әріп, алфавит. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.
ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялык мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері.

Қазақ тілі дыбыстарының кұрамы мен түрлері. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауысссыз (консонантизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР (ВОКАЛИЗМ)

Дауысты фонемалардың кұрамы. Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әр түрлі артикуляция-акустикалық тұрғыда топтастырылуы (классификациясы): а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай - жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып белінетін түрлер: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды - жіңішке, тіл арты - жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі (боз-бөз, тұз-түз, ал-әл т.б). а) жасалу жолына (жақтың қатысына) қарай ашық, қысаң болып бөлінуі; б) жасалу тәсіліне (ерін мен езудің катысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі (бірақ ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, жұптаса бөліну әрқашан тұрақты емес екендігі: олардың кейде мейлінше ашық немесе қысаң кейде орташа немесе қысаң болатындығы). Акустикасына қарай дауыстылардың ерекше айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып ерекшеліктері, в) үннің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстыларының жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонгоид дауыстылар: сөз басында «о,ө,е» дыбыстарының сапада, айтылуы «у,и» дауыстыларының (дифтонгоид сапада айтылуы) да кей жағдайда дифтонгоидқа айналуы.

Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Олардың ерекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жазылуындағы ю е (е)» әріптерінің қызметі: г) дауыстылардың сөз ішінде қолданылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын жәнс талғампаз дауыстылар).

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР (КОНСОНАНТИЗМ)

Дауыссыз фонемалардың құрамы: қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден косылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к, т, с, л, т.б). Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы (классификациясы). Дауыссыздар:

Жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы, 2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пассив сөйлеу мүшслерінің бір-бірімен карым-катынасына байланысты.

1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: тіл-тіс, тіл алды, қатты таңдай, тіл үшы - үстіңгі тіс, тіл арты - астыңғы тіс, тіл ортасы - орта таңдай, тіл арты - артқы таңдай сияқты тағы басқа түрлерге бөлінетіндігі.

2) ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: ерін мен ерін; ерін мен тіс болып түрленетіндігі.

Жасалу жолына қарай дауыссыздар: а) қабысыңқылар тобы, ә) жуысыңкылар тобы болып бөлінеді.

Жасалу тәсіліне қарай: а) қабысыңкылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен (үзілмелі -шұғыл, бүйір, үзілмелі-сүзілмелі, діріл, айналмалы) 5 түрге бөлінетіндігі; ә) жуысыңқылар тобындағы дауыссыздардың жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындығы; б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты болып естілетіні.

Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай: а) үнділер тобына және а) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз жолды, мұрын жолды болатыны; акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсіздер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына карай қатаң, ұяң болып бөлінеді.

Дауыссыздардың айтылуы: а) қатаң-ұяң болып және ә) тіл ұшының қызметімен байланысты жуан-жіңішке болып сыңар түзуі б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының (үн-ұн, от-от т.б) фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болатыны): халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет аткаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңішкс дауыссыздардың таңбалану тәсілі.

Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы (сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауыссыздар).

БУЫН (СИЛЛАБИЗМ)

Буын оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңінкс, - бәсең, айқын, күңгірт т.б) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің. буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары , қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орналасуына қарай буынның бөлінетін түрлері.

Сөздердің буын жігі мен морфемалык жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын

жылысуы, буын ығысуы т.б) оның себептері. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.

ДАУЫС ЫРҒАҒЫ (ИНТОНАЦИЯ)

Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылғаи пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі: дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөз таптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны аркылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындык жіктері (фраза, такт немесе синтагмалар).

Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындагы күшті соңғы буын.

Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі

суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері: сөз тіркестері, бірыңғай

мүшелер, айқындауыш мүшелер: төл соз бен автор сөздері сияқты түрлі категориялардың немесе хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің әртүрлі (біркелкі, тұтас, санамалы, көтеріңкі, бәсең, кідірісті т.б.с.с) дауыс ырғақтары.
ЕКПІН (АКЦЕНТУАЦИЯ)

Екпін, оның басты - басты түрлері: ой екпіні (логикалык екпін) және инверсия, көңіл күйі екпіні (эмфазалык скпін), сөз екпіні (словесное ударение) және олардын бір-бірінсн айырмалары. Сөз екпіні, онын түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екиін); лебізді (динамикалық, эксаираторлык) екпін. Лебізді екпіннін күшті лебізді, бәсең лебізді болып белінетіні: тіркес екпіні (фразалык немесе комплекстік); көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері.

Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тияиақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндеғі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексика -грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.

ДЫБЫСТАРДЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Дыбыс өзгерістерінің басты - басты түрлері: игерулі (комбинаторлык), шектік (позициялык), игерусіз (спонтанды).

Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес (контактное влияние), алшақ (дистактивное влияние), ілгерінді (профессивтік), кейінді (рсірессивтік), тоғыспалы (взаимное) ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері: 1) ассимиляция, оның түрлері: дауыстылардың ассимиляциясы иемесе үндесуі (созвучие гласных немесе сингармонизм), езулік немесе таңдай (палатальды) аттракция мен еріндік (лабиалды) аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимилияция мен сишармонизмнің ортак жақтары және олардың айырмалары. 2) аккомодация дауыстының дауыссызға немесе дауыссыздың дауыстыға әсері); 3) метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы); 4) диссимилияция , ұқсатпай өзгерту - расподобление); 5) орынбасар дыбпен алмастыру; б) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары.

Шектік (позициялық) өзгерістер, олардын игерулі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзгерістердің басты-басть, түрлері: үстеліп айтылатын дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза); дауыстының әлсіреуі редукция оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері; ұяң дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.
ИГЕРУСІЗ (СПОНТАНДЫҚ) ӨЗГЕРІСТЕР

Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері (олардың игерулі өзгерістерден айырмасы, тарихи дэстүрмен байланыстылығы).

ГРАФИКА ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯ

Графика (жазу). Қазіргі алфавиттің құрамы. Қазақ алфаритіндегі әріптер

мен фонемалардың ара қатынасы.

Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет: араб әліппесі тұсындағы емле; латын әліппесі тұсындағы емле; қазіргі емле.

Қазіргі кездегі қазақ орфографиясыныи негізгі (морфологиялык,

фонетикалық, тарихи дәстүрлі) принциптері; ол принциптерден ауытқитын

кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің (біріктіріп жазылатын, бөлек жазылатын, сызықша арқылы жазылатын) жазылуы; халықаралык сөздердің жазылуы; косымшалардың түрлері (алты вариант, төрт варианты, үш варианты, екі варианты және вианты жоқ), олардың емле ережесіне катысты.

Орфоэпия. Орфоэпия туралы қысқаша мәлімет. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің ара қатысы. Фонетикалық транскрипция. Қазақ орфографиясыныи нормалары.
1.2. МОРФОЛОГИЯ

Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің грамматикалық құрылысы екені туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.

Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны.
Грамматика және оның салалары
Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология мен синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.

Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін грамматиканың морфология саласы зерттейді. Сөз тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.

Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым екендігі.

Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену жүйесін, заңдылығын зерттегенімен, сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып, олардың атқаратын өзіндік қызметі болатыны, ол қызметтің синтаксиске қатысынан морфология мен синтаксистің байланысы шығатыны.

Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену заңдылығы морфологияға қатысты болғанымен, әр сөз тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені. Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.
Негізгі грамматикалық ұғымдар
Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте ғана деуге болмайтыны, сөздің сөздікте көрсетілетін лексикалық мағынасы сөйлемде де сақталатыны. Сөйлем мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде берілетіні.

Сөздер сөйлемде қолданылғанда, грамматикалық құрылыстың қарамағына түсіп, оның заңдылығына сай түрленіп, оның мағыналарын білдіретіндігі. Оның сөйлемге қатысы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма туралы түсініктер. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың байланысы. Грамматикалық мағынаның өзіндік белгілері., ерекшеліктері. Грамматикалық форманың белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық мағынаның түрлі тілдердегі әмбебаптық қасиеттері.

Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері, грамматикалық категорияның шарттары. Әр категорияның мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері болатыны. Грамматикалық категорияның мағынасы грамматикалық мағынаға жататыны, ол мағынаны білдіретін тұлғалардың грамматикалық формаға жататыны. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына байланыстылығы. Грамматикалық категориялардың қолданылу аясының бір сөз табының құрамында қалып қоймай, кеңею мүмкіндіктері. Сөз таптарының бәрінің де грамматикалық категориялары бола бермейтіні.

Грамматикалық категориялардың туыстас тілдермен туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті.
Сөз таптары

Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқаратын қызмет жағынан түрлілігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа бөлуі: 1.атауыш сөздер, 2. көмекші сөздер, 3. одағай сөздер.Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасына айрылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігісоған байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің түрлері. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат, құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні, сондықтан да оның сөйлемдегі ойды білдіретін сөздердің қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.

Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке толықтығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсатығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А. топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны. Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары жоқ, түрленбейтін сөз таптары болатыны. Одағай түрленбейді, сөйлемде синтаксистік қызмет атқармайды, үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
  1   2

Похожие:

1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconКіріспе Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері
М011100 – Информатика мамандығының пәндері: Алгоритмдер және оның күрделілігі (қиындықтары), Криптология, Бағдарламалық қамтаманы...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconКіріспе Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
Информатика мамандығының пәндері: Информатика, берілгендер қорын басқару жүйесі, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі,...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconПәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері Механика Кеңістік-уақыт
Физика бағыты бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларына түсуге арналған бағдарламасы
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconФ кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Тақырыбы: Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы, дамуы және оның ағзадағы ролі. Осы жүйенің негізгі бөлімдері, олардың құрылысы
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері icon«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconКурстың мақсаты
Курстың міндеттері: Студенттер паразиттердің құрылым деңгейі, паразиттік тіршілік кейпінің олардың дене құрылысына әсері,олардың...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconАлматы отд бойынша 27. 07. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Ақсу атт бойынша бос орындар
Электр техниканың негізі; телефондандыру және сымдарды сынау; телефондық аппараттың сызбасы және құралы; электр жабдығының бастауыш...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconАлматы отд бойынша 2011ж. 01. 12. бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
Электр техниканың негізі; телефондандыру және сымдарды сынау; телефондық аппараттың сызбасы және құралы; электр жабдығының бастауыш...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconАлматы отд бойынша 16. 07. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Ақсу атт бойынша бос орындар
Электр техниканың негізі; телефондандыру және сымдарды сынау; телефондық аппараттың сызбасы және құралы; электр жабдығының бастауыш...
1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері iconАлматы отд бойынша 20. 07. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Ақсу атт бойынша бос орындар
Электр техниканың негізі; телефондандыру және сымдарды сынау; телефондық аппараттың сызбасы және құралы; электр жабдығының бастауыш...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница