Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы




Скачать 95.03 Kb.
НазваниеАшық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы
Дата конвертации10.12.2012
Размер95.03 Kb.
ТипДокументы
Ашық сабақ

6-сынып

Тақырыбы:

ШЫҒЫС СЕПТІК

АЛМАТЫ

Мұғалімі: Қоқышева С.М.

Астана, 2010-03-17

Сабақтың тақырыбы: Грамматика: Шығыс септік

Лексика: Алматы
Сабақтың білімділік мақсаты: Септіктерді одан әрі оқып-үйрену, септік жалғауларын еске түсіру, сөйлем, тілдесу біліктіліктерін жетілдіру
Дамытушылық мақсаты: Тіл дамыту жұмысын минитоптар арқылы ұйымдастыру, проблемалық сәт туғызу, ситуация жасау, ұлттық салт-дәстүріміз туралы білімдерін кеңейту
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық дәстүрімізді жүзеге асыра отырып, септік жалғауларын дұрыс жалғау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тақырыпқа байланысты оқушылардың пікірін қалыптастыру
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сұхбаттасу
Көрнекіліктер: Карта, магнитофон, үлестірмелі карточка, тест тапсырмалары, кесте, сызба, оқулық, тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка, әдебиет
Пайдаланылған әдебиет:

1. Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті. № 12, 2003

2. Қазақ тілі. 6-сынып. – Алматы: Атамұра, 2002

3. «Шаңырақ» энциклопедиясы. – Алматы, 1989
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.) күй ойнап тұрады).

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сабақ ерекше. Бізге қонақтар келіп отыр. Тұрып амандасайық. Бүгін сыныпта кім кезекші? Бүгін ауа-райы қандай? Бүгін ақпанның нешесі? Бүгін аптаның қай күні? Қыс айларына ақпаннан басқа қай айлар жатады? Қажеттің құрал-жабдықтарды дайындап болсақ, сабағымызды бастайық.
Мотивациялық кезең: - Балалар, бүгінгі сабақ той-думан сабағы. Бүгін тіл мерекесі болғандықтан, Қызылорда балалары Алматыға тойға келіп отыр. Әрине тойдың бірнеше түрі бар: үйлену тойы, шілдехана, т.б. Бүгінгі той – Тіл мерекесі. Тілді Алматы оқушылары қалай меңгереді, соны бақылау. Сынып оқушылары екі топқа бөлінген себебі, үй жұмысы жатыс септік, лексикалық тақырып Қызылорда, ал жаңа сабақ Алматы және грамматикалық тақырып Шығыс септік. Сондықтан екі топқа бөлініп Қазақстан қалалары Қызылорда мен Алматы туралы, жатыс және шығыс септік туралы білімдеріңді, сөз тіркестерін, сөйлемді дұрыс құра білесің бе, сөйлеу мәдениетін ескересің бе, міне осыны бақылау үшін топқа бөле отырып білімдерін тексереміз.
Операциялық кезең:

І этап

- Балалар, қашан да той болғанда жақсы ниетпен, мереке жақсы өтсін деп, жақсылық болсын, осы жақсылы бәріне жұғысты болсын деп, ата салтымыз бойынша шашу шашылады. Кәмпит қағаздарының ішінде сұрақтар бар, олар мыналар:

1) Қызылорда қандай қала?

2) Ол ХІХ ғасырда қалай аталды?

3) 1926 жылы қалай аталды?

4) Қызылорда деп қай жылы аталды?

5) Қай жылдары астана болып саналды?

6) Қызылордада қандай мәдени орындар бар?

7) Келешекте Қызылорда қандай болмақ?

8) Сендер қай қаладан келген оқушысыңдар?

9) Алматы қандай қала?

10) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
ІІ этап

Оқушының жауабына қойылатын шарттар:

а) жауап толық болу керек;

ә) сөз тіркестері, сөйлем дұрыс құрастырылуы керек;

б) қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі болу керек.
ІІІ этап

Қазақ халқының қонақжайлылығына көңіл аудару.

Мақсаты: оқушыларды көпшіл болуға тәрбиелеу.

  • балалар, шашу шашылды, тойдың нышаны байқалды, яғни біздің қазақ халқы қонақжай халық, қонақты қуанышпен қарсы алатынын көрдік. Енді сендер осы қонақжайлылықты өлеңмен қалай жеткізер едіңдер. Осы кезде бір оқушы ортаға шығып, «Қонақжайлылық» деген өлең оқиды.


ІҮ этап. Табақ тарту.

Мақсаты:

а) қонақ күте білу;

ә) табақтың түрлерін білу.

- Дұрыс-ақ, қонақ келгесін оларды күту керек, ол үшін табақ тартады. Табақтың қандай түрлерін білесіңдер?

- сыйтабақ кімге тартылады?

- құда табақ кімге тартылады?

- күйеу табақ кімге тартылады?

- жастар табағы кімге тартылады?
Ү этап. Картамен жұмыс.

Мақсаты: туған жерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

- балалар, өз қалаларыңды картадан көрсете білесіңдер ме? Олар қай жерде орналасқан, немен шектесіп жатыр, ненің бойында жатыр?
ҮІ этап. Қосымша мәлімет

Қызылорда Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойына орналасқан. Арал теңізінің Солтүстік және Шығыс жағалауының едәуір бөлігін алып жатыр. Климаты континенттік ыстық және қуаң өңір. Тұрғындарының көпшілігі қазақтар. Балық аулау және өңдеудің ірі орталығы. Совет одағы кезінде Шиелі ауданы Қызылту колхозының звено жетекшісі әйгілі күріш өсіруші, екі рет Социалистік Еңбек ері атағын алған Ыбырай Жақаев бәріміздің есімізде. Қазір оның ізбасарлары бар. Атақты Байқоңыр космодромы осы Қызылордада. Космодром біздің республикамыздың дамуына зор үлес қосады. Енді әрі қарай мәлімет алу үшін кітаптың 77-бетін ашыңдар.
ҮІІ этап. Мәтінмен жұмыс

Мақсаты:

а) мәнерлеп оқу және аудару;

ә) сұрақтарға жауап беру;

б) мазмұндау.
Оқушылар мына мәтінді абзац бойынша оқып аударады.
Қызылорда

Қызылорда – республикамыздағы ірі қалалардың бірі. Ол - әкімшілік, мәдени және экономикалық орталық.

Қаланың бай тарихы бар. Қызылорда ХІХ ғасырдың ортасында «Ақмешіт бекінісі» деп аталған. Ол 1906 жылға дейін Ақмешіт, кейін Перовск, 1925 жылдан бастап Қызылорда атанды. Ал 1926-29 жж. Қазақ АССР-нің астанасы болды.

Облыс орталығы Қызылордада химия, жеңіл, тамақ және құрылыс өнеркәсібі салаларының 30-дан астам кәсіпорын бар.

Қызылорданың күміс күрішін, нан комбинаттарын, күріш тазалау, балық зауыттарын ерекше атауға болады.

Қызылордада Қорқыт атындағы университет, Политехникалық техникум, Медицина училищесі, 30-ға жуық мектеп жұмыс істейді.

Н.Бекежанов атындағы Қазақ драма театры, Облыстық тарихи өлкетану мұражайы, көптеген мәдениет үйлері, кітапханалар бар.

Бүгінгі Қызылорда үлкен құрылыс алаңына айналды. Келешекте Қызылорда сұлу Сырдың жағасына қарай ойысып, бой түзеп, қанатын кең жая бермек.

ҮІІІ этап. Грамматикалық жұмыс

Мақсаты:

а) жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру;

ә) жатыс септік жалғауларын жалғау.

Сұрақтар:

- да, - де жалғауы, - та, - те жалғауы, - ында, - інде жалғауы қай уақытта жалғанады?
Осы мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөлейік, оларға септік жалғауын жалғап, сөйлем құрайық. Олар мына сөздер: Қызылорда, ірі қала, мәдени, облыс, кәсіпорын, Сырдың жағасы. Осының ішіндегі зат есімдерге жатыс септігінің жалғауын жалғаңдар. Жатыс септігінің жалғаулары қандай еді? Сұрақтары ше? Жалғаулары қандай жағдайда, қалай жалғанады?
ІХ этап. Тестпен жұмыс

Мақсаты:

а) септіктер туралы оқушының білімін тез арада тексеру;

ә) тестпен жұмыс істеуге қалыптастыру.

Екі топқа екі нұсқадағы тест сұрақтары беріледі.

І нұсқа

1. Жатыс септік жалғауы жалғанған сөзді тап:

а) доп

ә) соқаны

б) аулада

в) сәуле
2. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) бес

ә) төрт

б) үш

в) жеті
3. Мына жалғаулардың ішінен септік жалғауы жалғанған сөзді тап:

а) орманға

ә) терезелер

б) қаламым

в) балалар
4. Атау септігіндегі сөздер тобын көрсет.

а) оқушы, үй

ә) оқушының, үйдің

б) оқушыны, үйді

в) оқушыдан, үйден
ІІ нұсқа

1. ілік септігіндегі сөздер тобын көрсет:

а) орындық, мектеп

ә) орындыққа, мектепке

б) орындықта, мектепте

в) орындықтың, мектептің
2. Барыс септігіндегі сөздер тобын көрсет:

а) баласына, қағазға

ә) баласынан, қағаздан

б) баласын, қағазын

в) баласымен, қағазымен
3. Табыс септігіндегі сөздер тобын көрсет:

а) үйге барады, әкесіне береді

ә) мектептен келді, ағаштан жасады

б) айдынды көл, үйлі-баранды адам

в) журналды оқу, үйін көр
4. Жатыс септігіндегі сөздер тобын көрсет:

а) әке, күз

ә) әкеге, күзге

б) әкеде, күзде

в) әкемен, күзбен
Х этап. Қонақкәде

Мақсаты:

а) қонақтарға сый-құрмет, өнер көрсету;

ә) септіктерді әрі қарай бекіте түсу.

- балалар, осы қонақкәде деген болмаушы ма еді? Оған қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер? Сол кезде бір топ оқушылар шығып, Септіктің жеті ұлы атты көрініс көрсетеді. Одан біз балалардың септіктерді жете меңгергенін байқаймыз.
ХІ этап. Жаңа сабақ

Мақсаты:

а) шығыс септік сұрақтары мен жал,ауларын жаттығулар арқылы меңгерту;

ә) Алматы туралы мәлімет беру;

б) мәнерлеп оқу, аудару;

в) сөйлем құрауға машықтандыру.

- балалар, міне септікті оқып-үйреніп жатырмыз, келесі біздің өтетін септігіміз – шығыс септігі. Сұрақтары: кімнен? Неден? Қайдан? Қашаннан? Жалғаулары: -дан, -тен, -нан, -нен. Мысалы: қаладан, әкемнен, клубтан. Егер сөздің түбірі қатаң және ұяң: б, в, г, д дыбыстарына аяқталса, оған –тан, -тен жалғаулары жалғанады. Мысалы: Болаттан, клубтан. Шығыс септік жалғаулары іс-әрекеттің болған жерін және заттың жасалған материалын білдіреді. Мысалы: Біз театрдан келдік, үйді кірпіштен салды. Осы шығыс септігін бекіту үшін 1- және 2-жаттығу тақтаға орындайды.
ХІІ этап. Тақтамен және дәптермен жұмыс.

Оқушылар тақтаға шығып, берілген сөздерге түрлі септік жалғауларын жалғайды, оның дұрыстығын басқа оқушылар тексереді. Қалғандары оны дәптерге жазып алады.
ХІІІ этап. Тіл дамыту

1. Мәтінмен жұмыс:

а) мәнерлеп оқу;

ә) аудару;

б) сұрақтарға жауап беру.
2. Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс:

а) сөйлем құрау;

ә) септік жалғауы бар сөйлем құру.

Біз осы Алматы қаласына көңіл аудармай кеткен жоқпыз ба? Енді Алматы туралы айтайық.

- Алматы – республикамыздың ірі орталығы. Онда машина жасау, металл өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс өнеркәсіптері бар. Климаты – континенттік. Алматы – дүниежүзіндегі ең көгал қалалардың бірі. Қар жамылғысы жұқа әрі ұзақ сақталмайды. Көп ұлтты миллиондаған халқы бар қала. Ол өте сұлу, әсем. Мәдениет және ғылыми орталықтары, кітапханалар, мұражайлары бар. Алматыны, кербез Алатауды әнге, жырға қоспаған ақын мен сазгерлер жоқтың қасы. Ол туралы толығырақ мәлімет алу үшін кітаптың 81-бетін ашайық.
Алматы

Алматы – ең әдемі қалалардың бірі. Ол 1954 жылы бұрынғы Алмалық қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі. Ал 1867 жылдың көкек айының 11-нен бастап Верный қаласы деп аталды.

1921 жылдың 5-ші ақпанында Алматы қаласы деп аталды.

Қазақстан Республикасының астанасы ең алғашқыда Орынбор қаласы, одан кейін Қызылорда болды.

1929 жылы астана Қызылордадан Алматыға көшірілді. Алматы 1998 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды. Қазір елордамыздың Астана қаласы екенін білесіңдер.

Алматыда Республика сарайы, Достық үйі, спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үй бар. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті ғимараттар, бақтар өте көп.

Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып шығады. Алматы қаласының табиғаты – сирек кездесетін табиғат. Алатаудың етегінде Медеу мұз айдыны, көптеген демалыс, сауықтыру, емдеу орындары бар.

Оқып, аударып, сұрақтарға жауап береміз. Ол сұрақтар мыналар:

  1. Алматы қандай қала?

  2. Ол қашан салынды?

  3. Алматы қаласы деп қай жылы аталды?

  4. Астана алғашында қай қалаларда болды?

  5. Астана Алматыға қай жылы көшірілді?

  6. Алматыда не бар, атын атаңдар.


Сұрақтарға жауап беріп болған соң, сөз тіркестерімен жұмыс істейміз. Ол сөз тіркестері мыналар: қазақ қыстағы, бекініс, Алматы, ең әдемі, Верный қаласы, Орынбор. Міне, осы сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраймыз және зат есімдерге шығыс септігін жалғаймыз.

- «Республикама қарашы» деген өледі мәнерлеп оқиықшы. Осы өлеңнің ішіндегі мына сөздерге шығыс септігінің жалғауын жалғайық. Олар мыналар: ақ жайық, Алтай, республика, қырман, тау. Бұл өлеңді үйде жаттап келесіңдер. Келесі мына жаттығуға көңіл бөлейік. Бұл жерде мәтінді керісінше орысшадан қазақшаға аударамыз. Астындағы жаңа сөздермен танысайық. Олар:
Второй – екінші

Пришло – келген

Теплый – жылы

Солнечный – шуақты

Пробуждается – жандана бастайды

С водой – сулы

С травой – шөпті
Келесі тапсырма мына сөздерді дәптерлеріңе жатқа жазыңдар.
Сөздік диктант.

Алматы, Алмалық, қыстақ, бекініс, Орынбор, Ақмешіт, Перовск, Достық үйі, көп қабатты, сауықтыру, емдеу.

Тез арада тексеремін.
Дәптерлеріңе осы тақырыпта кездескен мақал-мәтелдер, жұмбақтарды жазып алыңдар.
Мақал-мәтелдер:

  1. Көп біл, аз сөйле.

  2. Біліп тұрсаң да, сұрап ал.

  3. Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.
Жұмбақтар:

Аппақ қардай тоны,

Күжірейген жоны,

Көзі – қызыл моншақ,

Білесің бе оны?

(Қ...н)
Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны.

(Т...а)
ХІҮ этап. Қорытынды

- балалар, сонымен, бүгінгі сабағымызда септіктерден шығыс септікті өттік. Тіл дамыту үшін Алматы мәтінін оқыдық. Сонымен, бекіту сұрақтары мыналар:

1) Қандай септіктерді өттіңдер?

2) Шығыс септігінің сұрақтары және мысал келтіріңдерші.

Дұрыс-ақ, тіл дамыту үшін Алматы мәтінін оқыдық. Алматы туралы тағы кім маған өз білгенін айтып береді?
ХҮ этап. Бағалау

Жарайды, енді бағалайық. Бүгін мен бәріңнің жауаптарыңа жақсы және өте жақсы деген баға қоямын.
ХҮІ этап. Үйге тапсырма

Септіктер: Мысал келтір, Алматы мәтінінің мазмұнын айтып бер. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар жаттап келу. «Республикама қарашы» деген өлеңді жаттап келу.

Похожие:

Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Өткізген : Мауленова Г. С. Ашық сабақ. Математика 2-сынып Сабақтың тақырыбы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті, суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconАшық сабақ (8-сынып) Сабақтың тақырыбы
ОҚО, Сайрам ауданы, №78 негізгі орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Айтқұлова Маржан Төлегенқызы
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconСынып: 10 Пән: География Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: § Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconХалықаралық тілдің жалпы оқулығы а Әліппе a a b b c c Ĉ ĉ d d e e f f
Зат есімнің екі септігі бар: атау мен табыс; табыс септік -n жалғауы арқылы жасалады. Көмекші есімдер басқа септіктердің ұғымын білдіреді(ілік...
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconКүнделік сабақ жоспары Мерзімі Сынып 9А, 9Ә
Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы icon3 мектеп-лицей ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Туған жерім тұғырым, өскен елім өзегім
Сабақ мақсаты: а Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін тиянақтап...
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы icon19 ом сынып: 8 Құрастырған: Шақамбаева. Б. М сабақтың тақырыбы
Сабақтың білімділік мақсаты: Септіліктерді одан әрі оқып-үйрену, септік жалғаулардың еске түсіру, сөйлем, тілдесу біліктіліктерін...
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconКүнделік сабақ жоспары Мерзімі Сынып 8А, 8Ә
Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы icon6-сынып Сабақ: 1 Мерзімі: Тақырыбы
Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы iconПәні бойынша Күнделікті сабақ жоспарлары
Алматы қаласы ббжмбк кд институтында шығарылған информатика пәнінен 7 сыныптарга арналған күнтізбелік жоспарга сәйкестендіріліп жасалган....
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница