Скачать 178.8 Kb.
|
ИПК Әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : _______________ қарастырылды:________________ Бекітемін:______________ «__»______________2006 ж «__»______________2006 ж «__»______________2006 ж 5-сынып бойынша тереңдетіп оқытуға арналған информатика пәнінен жоспар (аптасына 3 сағат – барлығы 102 сағат) Информатика пәнінің мұғалімі: Камиль Айбек 2006-2007 оқу жылыТүсінік хатҚазiргi уақытта мектеп оқушыларын еңбекке, мамандыққа баулу бағыттарына дайындауда информатиканың рөлi ерекше. Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрлерiн ақпараттандыру процесi басталды. Олай болса, әрбiр мамандық иесiн осы сала төңiрегiнде технологиялық дайындықтан өткiзу қажеттiлiгi туындады. Сондықтан мектеп жасынан бастап оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру бағытында ақпараттық-технологиялық парктер құрылып, оған сәйкес информатиканы оқыту процесi енгiзiлдi. Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің үйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттың ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен,қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады. Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11 сыныптар үшін) стандарт әзірленді,оған сәйкес «Информатика» пәні 7-сыныптан бастап оқытылады.Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды.Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Информатиканы оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады, ақпараттық технология әдістерімен қарулануға себебін тигізеді. Төменде 5-сыныпқа арналған информатика тереңдетіп оқытуға бағдарлама даярланған. 5-сыныпқа арналған информатика бағдарламасының мазмұны оқушылардың оқу-танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды. Курс аптасына 3 сағаттан жалпы көлемі 102 сағатқа есептелген. «Информатика» пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады. Бұл бағдарлама мемлекеттік стандарттың 7-сынып бағдарламасы негізге ала отырып құрастырылды және бағдарлама құрылымына төмендегі мәселелер енеді: -5 сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы; -оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар; -тақырыптық жоспарлау. Тереңдетiлген курстың мақсаты төмендегiдей:
Тереңдетiлген курстың негiзгi мiндетi – оқушылардың ғылыми-танымдық әдiстерiн, ғылыми түсiнiктердi дамыту, ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, ақпараттық модельдеу әдiстерiн және түрлi салалар бойынша программалар жүйесiнiң құралдарын қолдану. Мектепте тереңдетiлген курсты қолдану оқушыға мынадай мүмкiндiк бередi:
Бағдарлама мазмұны Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпараттық түрлері мен формалары және оларды өңдеу тәсілдері.Ақпаратты түрлендіру,сақтау,жеткізу және өңдеу тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірліктері.Ақпаратты кодтау. Информатика дегеніміз не? Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы.Есептеуіш техникасыныңдаму тарихы. ЭЕМ-нің қолданылу салалары. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі.Компьютердің негізгі құрылғылары,олардың қызметтері және компьютердің жұмыс барысындағы өзара байланысы. ЭЕМ-нің жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері. Программа мен программалық қамтамасыз ету. Оператциялық жүйелер. Windows оператциялық жүйесі.Жұмыс үстелі. Тышқанмен жұмыс. Терезе. Терезе элементтері мен оның құрылымы.Файлдар, бумалар және жарлықтар. Объектілерді басқару.Сілтеуіш. Ақпаратты тасмалдаушылар. ЭЕМ-нің қолданбалы программалық қамтамасыз ету туралы түсінік.Қолданбалы программалық қамтамасыз ету түрлері. Компьютерде графиктік ақпаратты өңдеу. Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушылар: дискет, диск, USB Flash т.б. Олардың көлемдік ерекшеліктері мен жұмыс істеу тәртібі.Paint графиктік редакторы.суреттерді құру,редакторлау сақтау және ашу. Компьютерде мәтіндік ақпаратты өңдеу. Архивтеу бағдарламасы және оның түрлері мен атқаратын қызметі . Вирустан қорғау программасы. Атақты антивирус бағдарламалары. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережелері. Мәтінді редакторлау және форматтау. Калькулятор стандартты программасының көмегімен сандық ақпаратты өңдеу. Фонограф көмегімен музыкалық ақпараттарды өңдеу. Компьютер көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Компакт-дискіден программаларды қондыру және оларды жіберу. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Курс міндетіне оқушыларда ақпарат түсінігін және оларды өңдеу тәсілдерін қалыптастыру,компьютермен таныстыру;пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасау. Дағдыларына баулу; оқушылардың компьютердің мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыру;күнделікті өмірде компьютерді пайдалану қызығушылықтарын арттыру; компьютерді құрал ретінде еркін пайдала алуға үйрету кіреді. Оқушылар мыналарды: -ақпарат түсінігін, түрлерін, формулаларын және оларды өңдеу тәсілдерін; -ақпарат мөлшерінің негізігі өлшем бірліктерін; -компьютер түсінігін, оның неігзгі құрылғылары мен олардың орнын, -программалық қамтамасыз ету түсінігін; -компьютерді программалық қамтамасыз етудің рөлін, программалық қамтамасыз ету түрлерін: жүйелік, қолданбалы; -операциялық жүйе түсінігін; -терезе түсінігі мен оның мәнін; -файл мен бума түсінігін; -қолданбалы программалардың әр түрлілігін; -сандық, графиктік,мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды өңдеуді; -компьютерлік желі түсінігін білуі тиіс. Оқушылар мына біліктіліктерді: -қоғам мен адам қызметіндегі ,техникадағы,тірі табиғаттағы ақпараттарды жеткізу,өңдеу және сақтау тәсілдеріне мысалдар келтіруді; -компьютерді іске қосуды және өшіруді,пернетақтамен және «тышқан» типті манипулятормен жұмыс жасауды; -операциялық жүйені жүктеуді; -терезе элементтерімен жұмыс жасауды; -файлдармен және бумалармен жұмыс жасауды; -объектілерді басқаруды; -қарапайым мәтіндерді теруді және редакторлауды; -калькуляторды пайдалануды; -дыбыстарды жазуды және қабылдауды; -хабарларды жіберуді,қабылдауды; -әр түрлі стандарт программаларды іске қосуды игеруі тиіс. Курстағы берiлген сағаттардың басым көпшiлiгi компьютерде практикалық жұмыстарды орындауға есептелген. 5- сынып бойынша тереңдетіп оқытуға арналған информатика пәнінен тақырыптық жоспар (аптасына 3 сағат – барлығы 102 сағат)
5- сынып бойынша тереңдетіп оқытуға арналған информатика пәнінен күнтізбелік жоспары (аптасына 3 сағат – барлығы 102 сағат)
|
![]() | Бекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Қантар айының жұмыс жоспары Мектепте балабақша тәрбиенушілерінің интеллектуалдық олимпиадасын өткізу. «ЕД» орталығы, мектеп әкімшілігі | ![]() | Бекітемін: Мектеп директоры Б. Ш. Жалмағамбетова |
![]() | Бекітемін: келісемін: Мектеп директоры: А. Мәдибаев мкк төрайымы А. Мырзағазина Осы ереже Қр еңбек кодексіне және мектеп- жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және... | ![]() | Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ Тақырыбы: «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- сапарғали Бегалин 115 жаста.» |
![]() | "Келісемін" "Бекітемін" Эстетика және дене тәрбиесі Ә. Ж. №37 орта мектеп директоры Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын спортпен шұғылдануға және дене тәрбиесі сабағына еліктеу | ![]() | Методические рекомендации для школьных вожатых өскемен қаласы 2012 мектеп тәлімгерлеріне арналған әдістемелік ұсыныс «Шығыс» оқу-әдістемелік өңірлік орталығының директоры Асанова М. И., тәрбие жөніндегі кабинеттің меңгерушісі Абетаева Г. З |
![]() | Бекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Ақпан айының жұмыс жоспары Сабақ босатқан оқушылардың себептерін анықтап, әкімшілікке есеп таныстыру. Ельтаева Г. Р | ![]() | Бекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Қараша айының жұмыс жоспары Сабақ босатқан оқушылардың себептерін анықтап, әкімшілікке есеп таныстыру. Ельтаева Г. Р |
![]() | Бекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Желтоқсан айының жұмыс жоспары (1-2 аптасы) Сабақ босатқан оқушылардың себептерін анықтап, әкімшілікке есеп таныстыру. Ельтаева Г. Р | ![]() | №41 орта жалпы білім беретін мектеп бекітемін мектеп директоры Бағдарламаны жасақтағандар: №41 орта жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдері |