ТӘртібі жалпы ережелер




Скачать 50.73 Kb.
НазваниеТӘртібі жалпы ережелер
Дата конвертации12.12.2012
Размер50.73 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар

министрлігінің 2011 жылғы «11» мамырдығы № 131 бұйрығымен бекітілді

Бағдарлама операторының сараптамалық бағалау жүргізу

ТӘРТІБІ

1. Жалпы ережелер
1. Осы Сараптамалық бағалау жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Өнімділік – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру және инвестициялық жобаны сараптамалық бағалау (бұдан әрі – СБ) мақсатында әзірленді.

2. Осы Тәртіпте мынадай түсініктер пайдаланылады:

1) Бағдарлама әкімгері – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

2) Бағдарламаның өңірлік өкілі - өңірлік деңгейде бағдарлама операторының өкілі – облыстың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметік – кәсіпкерлік корпорациясы;

3) Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы;

4) Аспап операторы – оның жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін заңды тұлға;

5) өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі кәсіпкерлік субъектісі;

6) Бағдарлама қатысушысы – Бағдарлама қатысушыларына қойылатын Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағалауы бар кәсіпкерлік субъектісі;

7) инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті;

8) сараптамалық бағалау – инвестициялық жобаның Өтінім берушінің Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар өлшемдеріне бағалау.
2. СБ ұйымдастыру және өткізу
3. Өтінім берушіден Бағдарлама операторы құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін СБ жүргізеді, оның ішінде мыналарды қарастырады:

1) 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігі;

2) салалық бағдарламаларға сәйкестігі;

3) жобаның Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігі;

4) кәсіпорынның қаржылық жағдайы, ағымдағы өтімділігі, меншікті қаражатпен, кредиторлық және дебиторлық қарыздармен қамтамасыз етілуі, табыстылық көрсеткішінің есебімен айналымнан тыс және айналымдағы активтермен қамтамасыз етілу туралы ақпаратты қамтитын кәсіпорынның қаржылық орнықтылығы;

5) жоба бойынша еңбек өнімділігін бағалау, ағымдағы және жоспарланған өнімділік мәнін экономиканың тиісті салаларында салыстыру;

6)жоба бойынша энергия тиімділігін бағалау, экономиканың тиісті салаларында шетелдік баламаларымен көрсеткішті салыстыру;

7) ішкі және сыртқы нарықтарда бар сұраныс пен ұсыныстарды талдауды болжайтын өнімнің бәсекеге қабілеттігін бағалау;

8) саланың ағымдағы жағдайы, саланың жобаны іске асыруға әсер ететін негізгі проблемалары;

9) жоба шеңберінде өндірілуі жоспарланатын өнімдер түрінің бөлігіндегі кәсіпорынның экспорттық әлеуеті;

10) негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері және жобаның орналасу орны мен әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткіштер;

11) жобаны басқарудың ұйымдастыру сызбасы;

12) жоба бойынша болжамды тәуекелдіктер және оларды азайту жөніндегі шаралардың болуы;

13) жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер;

14) жаңғыртуды жүргізу қажеттілігі (өндірістік технологиялар, технологиялық жабдық, маркетингтік-өткізу үдерісі, басқару технологиялары) және мемлекеттік қолдау шараларын беру;

15) қорытындылар мен ұсынымдар.

4. СБ Бағдарлама Операторының Бағдарламаның Өңірлік өкілдерінен түсетін Өтінімдерді есепке алу журналында құжаттар пакетін тіркеу күнінен бастап 14 жұмыс күннен артық емес мерзімде өткізілуі тиіс.

5. Оң СБ кезінде Бағдарлама операторы жаңғыртуды жүргізу және Бағдарлама Операторының ішкі құжатымен бекітілген белгіленген нысанда Өтінім берушіге мемлекеттік қолдау шараларын беру қажеттілігі туралы қорытындыны шығарады, сондай-ақ, СБ көшірмесін 3 жұмыс күні ішінде Өтінім беруші мен Аспап операторына осындай қорытынды шығару күнінен бастап жібереді.

6. Теріс СБ жағдайында Бағдарлама Операторы Өтінім берушіге Бағдарлама Операторының ішкі құжатымен бекітілген белгіленген нысанда жаңғыртуды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды шығарады, сондай-ақ, СБ көшірмесін 3 жұмыс күні ішінде осындай қорытындыны шығару күнінен бастап Өтінім беруші мен Аспап операторына жібереді.

Бағдарлама Операторының

Сараптамалық бағалау

жүргізу тәртібіне

1-қосымша
«_____________________________»

(жобаның атауы)

«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау жасаудың

құрылымы


  1. Инвестициялық жоба туралы жалпы ақпарат


Жобаның мәртебесі (іске асыратын, іске асыру жоспарланған инвестициялық жоба)

Жобаның өтінім берушісі (ұйым атауы, байланыс деректері)

Жобаны іске асыру орны (облыс, қала, аудан)

Экономика саласы (ЭҚЖЖ коды)

Жоба құны

Қаражат көздері (жеке меншік және қарызға алған қаражат, аспап операторлары қаражаты)

2. Жобаның Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларына сәйкестігі

3. Салалық бағдарламаларға сәйкестігі

4. Жобаның Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігі

5. Кәсіпорынның қаржылық орнықтылығы, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайы ағымдағы өтімділігі, меншікті қаражатпен, кредиторлық және дебиторлық қарыздармен қамтамасыз етілуі және табыстылық көрсеткішінің есебімен айналымнан тыс және айналымдағы активтермен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты қамтиды.

6. Жоба бойынша еңбек өнімділігі, ол экономиканың тиісті салаларындағы ағымдағы және жоспарланған еңбек өнімділігінің көрсеткішін салыстыруды қамтиды (жобаның еңбек өнімділігін арттыру өлшемдеріне сәйкестігі 2 есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бойынша орташа салалық деңгейден кемі 1,5 еседен артық емес немесе жаңа салалар бойынша орташа салалық деңгейден 3 есе арттыру).

7. Жоба бойынша энергия тиімділігі, ол экономиканың тиісті салаларында көрсеткішті салыстыруды болжайды.
8. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, ол ішкі және сыртқы нарықтарда, негізгі өндірушілерде бар сұраныс пен ұсынысты талдауды болжайды.

  1. Жобаны басқарудың ұйымдастырушылық схемасы (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимыл жасау схемасы, шығын мен пайданы бөлу, баланс ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде Жобаны басқару схемасы).

  2. Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

11. Жаңғыртуды өткізу қажеттілігі туралы ақпарат (өндірістік технология, технологиялық жабдық, маркетингтік-өткізу үдерісі, басқару технологиялары)

12. Қорытындылар мен ұсынымдар


Похожие:

ТӘртібі жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
ТӘртібі жалпы ережелер iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау...
ТӘртібі жалпы ережелер iconРегламенті жалпы ережелер
...
ТӘртібі жалпы ережелер icon1. жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі...
ТӘртібі жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
ТӘртібі жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
ТӘртібі жалпы ережелер icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
ТӘртібі жалпы ережелер icon«Тілге құрмет – елге құрмет» республикалық байқауы туралы ереже жалпы ережелер
«Нұр Отан» хдп өткізетін «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауының (бұдан әрі – Байқау) өткізілу тәртібі мен шарттарын анықтайды
ТӘртібі жалпы ережелер icon1-БӨлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды...
ТӘртібі жалпы ережелер iconМемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасы Жалпы ережелер
Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница