2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба




Скачать 364.8 Kb.
Название2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба
страница1/4
Дата конвертации12.12.2012
Размер364.8 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы

түсіндірме жазба
ТҮСІМДЕР
2011 жылғы Орал қаласы жергілікті бюджетінің болжамы бойынша жоспары 22 106 930 мың теңге, түскені 21407849,4 мың теңге, немесе 96,8 % құрайды.

Болжамның орындалмау себебі:
103101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша болжам өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 747 765 мың теңгеге артық белгіленгендіктен 85,0% орындалды.

201102 «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері» болжам өткен жылғы түсімдер негізінде салыстырмалы түрде жоспарланғандықтан орындалмады.

202102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер» коды 50,2 % түскен нақты түсімдер бойынша орындалды.

203102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі» коды 96,2 % түскен нақты түсімдер бойынша орындалды

206107 «Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы» коды түскен нақты түсімдер бойынша 1,2 % орындалды.

206109 «Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер» коды 75,9 % түскен нақты түсімдер бойынша орындалды.

301103 «Азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер» мемлекеттік түрғын үй бағдарламасы шеңберінде салынған пәтерден алған 2 алушының төлем қабілетілігінің азаюынан болжам 99,5% орындалды.
Болжамның артық орындалу себептері:

101201 «Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы» коды болжам өткен жылы 2927 салық төлеушілердің еңбекақысының өсуіне байланысты 101,7 % орындалды.

101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды болжам өткен жылғыға қарағанда кейбір жеке кәсіпкерді банкрот деп жариялап, олардың салықтарды толық төлеуіне байланысты 102,0 % орындалды.

101203 «Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы» қоды бойынша 2010 жылмен салыстырғанда сатушылар санының 994-ке көбеюіне байланысты 106,8 % орындалды.

101204 «Төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» қоды бойынша ағымдағы берешектердің азаюынан 103,7% орындалды.

104101 «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық» қоды бойынша салық салынатын нысандардың көбеюінен 106,0% орындалды.

104102 «Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық» коды бойынша жүргізілген тексеріс актілері бойынша қосымша салықтар есептеліп, оның толықтай төленуінен 103,1% орындалды.

104301 «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы» коды өткен жылғы берешектердің түсуіне байланысты 102,7% орындалды.

104302 «Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы» коды нақты төлемдерден 102,9% орындалды.

104303 «Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы» коды нақты төлемдерден 104,8% орындалды.

104308 «Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы» коды нақты төлемдерден 100,1% орындалды.

104401 «Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық» коды нақты төлемдерден 100,2% орындалды.

104402 «Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық» коды өткен жылғы берешектердің түсуіне байланысты 105,2% орындалды.

104501 «Бірыңғай жер салығы» коды нақты төлемдерден 116,6% орындалды.

105296 «Заңды және жеке тұлғалар бөлшек саудада өткізетін, сондай-ақ өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылатын бензин (авиациялықты қоспағанда)» коды 100,9% орындалды, нақты түсімдер.

105297 «Заңды және жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізетін, сондай-ақ өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланылатын дизель отыны» коды бойынша бөлшек сауданы жүргізу өткен жылмен салыстырғанда 19,1% өсуінен байланысты және кәсіпорындардың алдынала төлемдер төлеуінен 105,0% орындалды.

105401 «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым» коды бойынша төлемнің артық орындалуы АЕК өсуінен 111,1% орындалды.

105402 «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым» коды бойынша түсімнің көбеюі лицензия алушылар санының өсуіне байланысты 117,5% орындалды.

105403 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым» коды нақты төлемдерден 110,0% орындалды.

105404 «Аукциондардан алынатын алым» коды аукцион өткізудің көбеюінен101,7% орындалды. ( 2010 жылы- 36 аукцион, 2011 жылы -40 аукцион).

105405 «Жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым» коды бойынша кепілдікке салушылар санының өсуіне байланысты 110,4% орындалды, (01.01.2010 ж.- 1795, 01.01.2011ж -1874).

105414 «Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым» коды бойынша салық төлеушілер санының көбеюіне (2011 жылдың 1 қаңтарына-21508, 2012 жылдың 1 қаңтарына 26237) байланысты 102,2% орындалды

105418 «Жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым» коды бойынша салық төлеушілер санының көбеюінен 109,4% орындалды.

105420 «Жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем» коды нақты төлемдерден 106,0% орындалды.

105502 «Тіркелген салық» коды бойынша өткен есепті кезеңмен салыстырғанда алдынала төлемнің көп төленуінен 109,9% орындалды.

108102 «Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше өндірістегі істер бойынша арыздардан (шағымдардан), жүгіну шағымдарынан, атқару парағының көшірмесін беру туралы мәселе бойынша сот анықтамасына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, сондай-ақ соттың шет ел соттары мен тәрелік соттарының шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін алынатын мемлекеттік баж» коды нақты төлемдерден 104,6% орындалды.

108104 «Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн мемлекеттік баж» коды нақты төлемдерден 104,6% орындалды.

108105 «Шет елге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін алынатын мемлекеттік баж» коды бойынша төлемнің артық орындалуы АЕК өсуімен және шет елге бару үшін құжаттарды ресімдеушілер санының көбеюінен 102,7% орындалды.

108106 «Шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін алынатын мемлекеттік баж» коды нақты төлемдерден 102,0% орындалды.

108107 «Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін мемлекеттік баж» коды нақты құжаттар рәсімдеген азаматтар санына байланысты 108,0% орындалды.

108108 «Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мемлекеттік баж» коды 121,6% орындалды, төлемнің артық орындалуы АЕК өсуімен түсіндіріледі.

108109 «Аңшылық құқығына рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж» коды 108,6% орындалды, төлемнің артық орындалуы АЕК өсуімен түсіндіріледі.

108110 «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын пневматикалық қаруды қоспағанда және калибрі 4,5 мм-ге дейінгілерін қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін алынатын мемлекеттік баж» коды 100,8% орындалды, төлемнің артық орындалуы АЕК өсуімен түсіндіріледі.

108112 «Қаруды және оның оқтары сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж» коды 107,7% орындалды, төлемнің артық орындалуы АЕК өсуімен түсіндіріледі.

108121 «Тракторшы-машинистің куәлігі берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж» коды 121,9% орындалды, түсім тракторшы-машинисттің куәлігін алушылар санына байланысты. 31.12.2011 жылы - 78 куәлік берілсе, былтырғы есепті кезеңде - 53.

201504 «Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер» коды 107,5% орындалды, төлемнің артық орындалуы АЕК өсуімен түсіндіріледі.

201505 «Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалдаудан түсетін кірістер» коды 117,7% орындалды, нақты түсімдер.

204114 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар» коды нақты төлемдерден 152,2% орындалды.

206105 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі» коды нақты төлемдерден 1213,2% орындалды.

301102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер» коды 100,0% орындалды, нақты түсімдер.

303101 «Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер» коды жер участкелерінің төлем мөлшерлемесінің өсуіне байланысты 109,1% орындалды.

303202 «Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем» коды жер учаскелерін жалға алғандардың төлемдерді мерзімінен ерте («Стройресурсбатыс» ЖШС-н 4827,9 м.т.) төлеуіне байланысты 1660,7% орындалды.

Шығындар
2011 жылғы бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 96,6% немесе 22 106 930 мың теңге жоспардың орындалуы – 21 358 562,3 мың теңгені кұрап отыр.

мың тенге

Бюджеттін атауы

Жоспар

Орындалуы

Ауытқу

Орындалу %

Қалалық бюджет

10 182 214

9 954 963

227 251

97,8

Облыстық бюджет

2 051 915

1 924 442,3

127 472,7

93,8

Республикалық бюджет

9 872 801

9 479 157

393 644

96


БАРЛЫҒЫ

22 106 930

21 358 562,3

748 367,7


96,6



Қала мәслихатының аппараты қызметін қамтамасыз ету бағдарлама бойынша 17449 мың теңге қаражат қарастырылған, атқарылғаны 17445,3 мың теңге, қаражаттар аппаратты ұстауды толық қамтамасыз етуге бағытталды.

«Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарытандыру» бағдарламасы бойынша 5500 мың теңге қарастырылған, атқарылғаны 5498,0 мың теңге. Бұл қаражатқа 1 автокөлік сатып алынды.
Қала әкімінің аппараты бойынша 124 170 мың теңге қаражат қарастырылған, атқарылғаны 115 657,5 мың теңге, қаражаттар ағымдағы шығындарына бағытталды. Соның ішінде:

«Қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 79754 мың теңге қаражат қарастырылған, атқарылғаны 78974,9 мың теңге қаражаттар мемлекеттік орган аппаратын ұстауды толық қамтамасыз етуге бағытталды.

«Жалпығы бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс- шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша есепті уақытқа 32 065 мың теңге қаражат қарастырылған, атқарылғаны 26 984,0 мың теңге, қаражаттар ағымдағы шығындарына бағытталды.

«Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша есепті уақытқа 8351 мың теңге қаражат қарастырылған, игерілгені 7709,5 мың теңге, қарастырылған қаражатқа төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін жағдайды бақылау мен ақпараттандыру іс-шаралары өткізілді, құрылымдары техникамен, мүлікпен жарақтандырылды.

«Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» бағдарламасы бойынша 340 мың теңге каражат қарастырылды, келсім-шарт уақтылы жасамағаннан орындалмады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасына 3660 мың теңге каражат бөлінді, оның 1989,2 мың теңгесі Орал қаласындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді тамақтандыру мен 40 дана ұйықтауға арналған қапшықтар сатып алуға жұмсалды.
Кенттік округтер бойынша «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына 4 кенттік округтер әкімінің қызметін қамтамасыз ету үшін 44022 мың теңге қаражат қарастырылды, ағымдағы шығындарға бағытталғаны 43431,7 мың теңге.
Қаржы бөлімі бойынша 1 589 580 мың теңге қаражат қарастырылған, атқарылғаны 1560929,6 мың теңге, соның ішінде:

«Аудандық бюджетті орындау және коммуналдық меншікті (областық манызы бар қала) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 22 220 мың теңге қаражат қарастырылған, атқарылғаны 22 208,1 мың теңге ағымдағы шығындарға бағытталды.

«Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» бойынша есепті уақытқа қарастырылғаны 7350 мың теңге, бөлінген қаржы жеке тұлғалардың мүліктеріне: 27798 жеке тұрғын үйлерге, 61391 пәтерлерге, 10193 саяжайларға, 7000 гараждарға бағалау жүргізу жұмыстарына бағытталды.

«Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру» багдарламасы бойынша есепті уақытқа 27157 мың теңге қарастырылған, атқарылғаны 27070 мың теңге, қаражаттар ағымдағы шығындарды қаржыландыруға бағытталды.

«Коммуналдық меншікті  жекешелендіруді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша есепті уақытқа 1500,0 мың теңге қарастырылған, 2011жылы жекешендірілуге жататын нысандардың бекітілген тізімдерінің жоқтығынан, мүлік нысандарын бағалау жүргізілмеуіне байланысты игерілмеді.

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасы бойынша есепті уақытқа 27027 мың теңге қарастырған, сұраныстың болмауына байланысты игерілмеді.

«Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар  мен өзге де төлемдерді төлеу» бойынша борышына қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша есепті уақытқа карастырылған 19752 мың теңгенің, 19727,5 мың теңгесі облыстық бюджетке аударылды.

«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша 1 000 000 мың теңге қарастырылған. Соның ішінде жылыту мерзіміне әзірлік шеңберінде «Жайықжылуқуаты» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 900 000 мың теңге, жылыту маусымына әзірлеу бағытында «Орал СуАрнасы» МКК-ның капиталын ұлғайтуға 100 000 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде толығымен игерілді.
  1   2   3   4

Похожие:

2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconМақтарал ауданының 2011 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебі
Бюджеттің орындалуы барысында аудандық мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессияларында бюджетке 7 рет өзгерістер мен толықтырулар...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconОрал қалалық мәслихатының 2012 жылға арналған жұмыс жоспары 1 тоқсан
...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба icon2011 жылғы Арыс қаласының жергілікті бюджетінің орындалуы
...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconКөкпекті ауданы бойынша 2011 жылдың 1 жартыжылдығына арналған «Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы» есебіне талдамалық жазба

2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconАбай ауданы бюджетінің 2010 жылға орындалуы туралы ақпарат
Абай ауданы бойынша 2010 жылға арналған меншікті кіріс көздері 131083,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 134379,1 мың теңгеге немесе 102,5...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconАстана қаласы,Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8
Заңының 22 бабына сәйкес, Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №3107 «Орал қаласы бойынша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба icon2011 жылға аудан бюджетінің орындалуы туралы
Негіздер бөлігінде үш негіздер бойынша жоспар орындалған жоқ (қызметтің бөлек түрімен айналысу құқығына және мүлікке салық заңды...
2011 жылға арналған Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы түсіндірме жазба iconБатыс Қазақстан облысының 2011 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша жылдық есепке түсіндірме жазба
Жыл ішінде кірістер (ресми трансферттерді есептегенде) 99,6%-ға атқарылды, болжанған 97840,4 млн теңгенің 94478,1 млн теңгесі немесе...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница