Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік




Скачать 66.16 Kb.
НазваниеПән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік
Дата конвертации15.12.2012
Размер66.16 Kb.
ТипДокументы
Орта ғасыр тарихы. 7 сынып

Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия

Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - Оқушыларды ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни наным-сенімдерімен таныстыру;

Дамытушылық: -Орта ғасырлардағы Қазақстанның жер аумағында өмір сүрген халықтардың мәдениетімен таныстыра отырып, оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, танымдық қабілетін дамытып, ізденіске баулу;

Тәрбиелік: - Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру, өнерге, сұлулыққа деген құштарлықтарын ояту;

Сабақтың түрі: аралас- сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Жобалау, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, т.б.

Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.

Сабақтың негізгі ұғымдары: Мәдениет түсінігі. Материалдық мәдениеттің түрлері. Рухани мәдениет- ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті, сөздіктер. Музыкалық аспаптар мен шығармалар. Діни наным- сенімдер. Мұсылман діні. Шамандық.

Сабақтың көрнекілігі: орта ғасырдағы Қазақстанның картасы, түрлі -түсті суреттер, тақырыптық слайдтар, қосымша әдебиеттер, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.

  2. Әр топ атын, ұран, эмблемасымен таныстыру.

I топ «Алаш»

II топ «Шежіре»

III топ «Тарих қазынасы»


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Шарты: /Тақтада үш бәйтерек суреті сызылып қойылады. Оқушылар алдында жапырақ бейнесінде парақшалар қойылған. Әрбір дұрыс жауап берген топ жапырақты бәйтерекке жапсырады. Сабақ соңында қай бәйтеректің жапырағы көп, сол топ жеңімпаз болып саналады /.
Үй тапсырмасының сұрақтары:

А/ 1. Қазақ-түрік сөзі. Қазақ терминінің бастапқы мағынасы қандай?

Әлеуметтік

2. Керей мен Жәнібек соңынан ерген топқа “Өзбектер - қазактар” атауы қашан берілді?

ХV ғ. 60-шы жылдары

3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуының хронологиялық шеңбері:

ХІV-ХV ғғ.

4. Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдеткен оқиға деп есептейді:

Монғол шапқыншылығы

5. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы осы этносаяси қауымдастықтар тарихымен тікелей байланысты?

Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасының

6. ХV-ХVІІ ғғ. қазақтарда шаруашылықтың қай түрі үстем болды?

Мал шаруашылығы

7. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі қандай мағына берген? /мықты, берік, алып/ мағынасын берген.

8. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы қандай сөзден құралған? /қазақ оғлұм/

9. «Алаш» сөзі шамамен қай ғасыр аралығында қолданған? / ІХ-Х/

Ә/ «Адасқан әріптерді орналастыр» /Үй тапсырмасын қорытындылаудағы негізгі ұғымдар/

  1. ЗАҚАҚ

  2. АХАШАЛНА

  3. ЖКӘНІБЕ

  4. ЕЙКЕР

  5. ҮЗЖ

  6. ШАЛА

ІІІ. Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  1. Материалдық мәдениет.

  2. Рухани мәдениет.

  3. Музыка өнері.

  4. Діни наным- сенім.

А/ Сабаққа кіріспе сөзді мұғалім бастайды.

Ә/ Оқушылардың назарын мультмедиаға яғни белсенді тақтадағы электронды оқулыққа назар салдыра отыра, тыңдап өздеріне керектерін жазып алады.

Б/ Үйге алдын- ала әр топқа берілген тапсырмалырын, слайдтарын жүйелеуге 5-7минут уақыт беру.
І. топ «Материалдық мәдениет оның түрлері»

ІІ топ «Рухани мәдениет, түрлері»

ІІІ топ «Музыка өнері, діни наным- сенімдер»

Әр топ белсенді тақтаның көмегімен өз тақырыптарын талдап, түсіндіру.
Тапсырмалар:
ІІ. А\ Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында әр топ бір- біріне сұрақ дайындап қояды.

Ә\ «Кім жылдам» ойыны әр топтың білімділігі мен шапшаңдығын тексеру.

  1. Қандай көлік көшпелі өмірде және жаугершілікте ең қажетті саналған?

  2. Қазақстан халықтарының ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы негізгі шаруашылығы?

  3. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады?

  4. Киіз үйдің есігі қалай аталады?

  5. «Тасаттық» деген не?

  6. «Бойтұмар» не үшін жасалған?

  7. Қазақстанда ислам дінінің қай тармағы тараған?

  8. Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін не деп түсінген?

  9. Тары түйетін құрал?

  10. Жаздыкүні ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған бас киім?


ІІІ. Авторларын ата

  1. Қыпшақтар шөлдеп келе жатқанда сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны олар «айран» деп атайтындықтарын жазған саяхатшы: /В.Рубрук/

  2. Қазақстанда ислам діні ҮІІІ ғасырда тарай бастағанымен, ХІХ ғасырдың аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қойған жоқ. Мұндай пікірді «Ислам діні» атты мақаласында кім айтқан? /Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов/

  3. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» деп жазған кім және кітабы? /Шыңғыснама кітабы/ Өтеміс қажы.


ІҮ. Сабақты бекіту: Тест сұрақтары арқылы.
Халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланылған ортағасырлық еңбек:

1) Кодекс куманикус

2) Жүсіп Зылиха

3) Оғызнама

4) Хұсрау мен Шырын

5) Мухаббатнама

2.Қуаңшылық жылдары жасалған ырым:

1) Тәңірге табыну

2) Тасаттық

3) Пұтқа табыну

4) Аруақтарға табыну

5) Отқа табыну

3. Ол өзінің «Шыңғыснама» еңбегінде «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» деп жазды:

1) Ш.Уәлиханов

2) Өтеміс қажы

3) Қадырғали Жалайыри

4) М.Х.Дулати

5) Баhадұр

4.XIII-XV ғғ. ауызша поэзияның өкілдері қатарынан қатені табыңыз:

1) Асан Қайғы

2) Сыпыра жырау

3) Кетбұға

4) Қотан

5) Үмбетей

5.XIVғасырдың көркем әдебиетінің керемет үлгісі болған лирикалық поэма, оның авторы Хорезми:

1) «Жүсіп пен Зылиха»

2) «Орақ - Мамай»

3) «Хұсрау мен Шырын»

4) «Мухаббат наме»

5) «Кодекс куманикус»

6. «Хұсрау мен Шырын» дастанының авторы:

1) Дурбек

2) Хорезми

3) Кутб

4) Фирдоуси

5) Низами

7. XIV-XV ғғ. өмір сүрген ру-тайпалардың ауызша әдеби туындылары-фольклор қатарынан қатені табыңыз:

1) Ертегілер

2) Жұмбақтар

3) Мақал мәтелдер

4) Дастан

5) Эпостық жырлар

8.Төмендегі ертегілер қатарынан катені табыңыз:

1) Құламерген

2) Ертөстік

3) Ер Сайын

4) Жоямерген

5) Керқұла атты Кендебай

9.Моғолстанда ислам дінінің таралуында белсенді роль атқарған, 1348 жылы исламды қабылдаған хан:

1) Есен Бұға

2) Сұлтан Саид

3) Мұхаммад хан

4) Тоғылық Темір

5) Уәйіс хан

10 . «Кодекс Куманикус» (XIVғ.) қанша бөліктен тұрды:

1) Екі бөлік

2) Үш бөлік

3) Төрт бөлік

4) Бес бөлік

5) Алты бөлік

11 . Фольклордың ертеректегі үлгісі:

1) Ертегі

2) Мақал-мәтел

3) Дастан

4) Мифология

5) Эпос

12 .Төмендегі ертеден келе жатқан жырлар қатарынан қатені табыңыз:

1) Алпамыс

2) Қобыланды

3) Қозы Көрпеш

4) Жоямерген

5) Ер Сайын

13 . XIV-XVғғ. тарихи батырлық эпостар қатарынан қатені табыңыз:

1) Ер Едіге

2) Ер Қосай

3) Қозы Көрпеш

4) Орақ Мамай

5) Ер Тарғын

14 . XIII-XVғғ. ауызша жеке поэзия өкілдерінің бірі артық:

1) Кетбұға

2) Қотан

3) Сыпыра жырау

4) Асан Қайғы

5) Хорезми

15 .Авторы белгісіз туындыны табыңыз:

1) Кодекс Куманикус

2) Мухаббат наме

3) Хұсрау және Шырын

4) Шыңғыс наме

5) Жүсіп Зылиха

Ү. Қорытынды.

Әр топтың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрай отыра, сабақты мұғалім сөзімен қорытындылау. Қай топтың алғырлық танытқанына тоқталу.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

32-параграфты оқу. Қосымша мәліметтер іздеу

Похожие:

Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік icon«№53 мектеп – лицей» тарих пәнінің мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстар»
Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі қазақ қоғамындағы мереке, ұлттық ойындардың, спорт жарыстарының ерекшеліктерімен...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconСабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында. Сабақтың мақсаты: Білімділік
...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconСабақтың тақырыбы: «Математикалық жарыс» 6а,б кл. – сабақтан тыс. Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік
Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушылардың математикаға деген білімін қосымша сабақтар арқылы негіздеу
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconI. Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары Сабақтың білімділік мақсаты
Сабақтың білімділік мақсаты: Үш параметрдің(Р, V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconСабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың етістіктің есімше категориясы жайлы білімдерін кеңейту; сөйлемдегі синтаксистік қызметін...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconПән аты: Информатика Класы: 7 Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconАшық сабақ : тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз -Қазақстан Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: оқушылырға Қазақстан Республикасының құрылуы және оның географиялық жағдайын, табиғат ерекшеліктері мен пайдалы қазбалары...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconСабақтың тақырыбы: excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: а Білімділік
Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларға excel-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік iconСабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторын қорытындылау. Сабақтың мақсаты: Білімділік
...
Пән мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік icon19 орта мектеп 11 сынып Тасқұлова А.Қ Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница