Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі




Скачать 71.48 Kb.
НазваниеАлқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі
Дата конвертации15.12.2012
Размер71.48 Kb.
ТипДокументы
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ.Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі
Әр жылдың өз ерекшелігі бар. Өткен жыл да ауылымыз үшін жаман жыл болған жоқ сияқты.

Барша Қазақстан халқы сияқты еліміздің басына түскен қаржы дағдарысының ауыртпалығын жеңу жолында қолдан келген бар мүмкіндікті бос жібермей, нақты іс-қимыл жасаудың арқасында ел іргесі сөгілмей, «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, елдің бірлігінің арқасында қиындықтарды жеңе білдік.

Бұл ел басына түскен алғашқы қиындық емес, сондықтанда халық үлкен сабырлық пен шыдамдылық танытып, сүрінбей өтуге мүмкіндік тудырды. Мұндайда халқымыздың «Алтау араз болса ауыздағы кетер, Төртеу түгел болса төбедегі келер» деген дана сөзін еске алуға тура келеді. Біздің округ тұрғындары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында көрсеткендей, әр адам өз үйінің маңынан бастап тазалық жұмыстарын жүргізіп, бау – бақшаларына картоп, көкөніс, жеміс-жидек өсіруді нақты қолға алды. Бұл жұмыс нәтижесін берді деп айтсақ, шындықтан алшақтамаймыз. Барлық тұрғындар қысқа қажетті азық – түлігін жеткілікті жинап алды.

Ауыл шаруашылығы үшін жаз қолайсыздау болғанымен егін, шөп мол болып, мал азығы да жеткілікті мөлшерде жиналды, енді қыстан қысылмай шығуға негіз мол. «Кеусен» ЖШС 6 500 га егін сепсе, «Куйбышев-Север» ЖШС -2580 га, шаруа қожалықтары -560 га, «Ескене- Жер» ЖШС -2 000 га алқапқа дән септі. Егіннің шығымдылығы әр гектарға шаққанда жалпы 10,4 ц. болды. 2010-шы жылы егіс көлемі тағы 1000 га көбееді деп жоспарлап отырмыз. Осынша байлықтың жемісін халық көріп отыр десек, шындықтан алшақ кеткен болар едік.

Жылдап жалақысын ала алмаған жұмысшылар қолдарынан ештеңе келмей фирма басшыларының қабағына жалтақтаумен отыр. Аудан басшыларының күштеуімен әйтеуір жалақы мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Жалақы мәселесінде ең күрделі жағдай «Баско» фирмасында болып тұр, аталмыш фирманың мектепке көмегі жоқ, ауылдың әлеуметтік мәселелеріне қол ұшын беруден бойларын аулақ салады. Сонда Елбасының кәсіпкерлер мен фирма басшыларына «Біз сендерді осы уақытқа шейін қолдап келдік, енді сендер де бір мезгіл халыққа бұрылыңдар» деп айтқан сөзі сол сабаздардың құлағына кірмегені ме деп таңданудан басқа амал жоқ.

Бірақ жалақы бермеді, ешқандай көмек жоқ деп қол қусырып отырған ешкім жоқ. Жеке меншік мал басын көбейтіп өсіруде, қазіргі кезде қорада 1241 бас қара мал, 874 бас жылқы, 2,1 мың бас қой мен ешкі, 2800 бас әр түрлі құс өсірілуде. Мал басын көбейтуге септігін тигізетін бірден бір фактор несие беру. Өткен жылы жекелеген адамдарға «Даяна банк» арқылы 1,2 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры арқылы 1,5 млн теңге ақша алуға мүмкіндік туды.

Бұдан басқа «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы «Асыр-Тобыл» шаруа қожалығының басшысы Ахметова Күләш 4 млн теңге несие алып, 45 асыл тұқымды қара мал сатып алып, бағуда. Алдағы жылы бұл жұмыс жалғасын табады деп отырмыз. «Асыр Тобыл» шаруа қожалығы 10 млн. теңге несие алуды жоспарлап отыр. Ауылда мал басын өсіруге мол мүмкіншіліктер бар, жайылым, су жеткілікті. Шөп шабатын кезде 9- звено жұмыс істейді.

Ауылда әлеуметтік салалардан жұмыс істеп тұрған орта мектепте 175 бала оқиды, оларға білім беретін 30 мұғалім бар. Білім ордасында аздап жөндеу жұмыстары болмаса, күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Биылғы жылы «Жол картасы» арқылы күрделі жөндеу жасалар деп деп күтіп едік, бірақ болмайтын түрі бар. Аудандық оқу бөлімі жағдай болса, біздің мектепті жөндетуді естерінен шығармас деп ойлаймыз. 1978 жылы салынған ғимарат әлі күнге не шатыры, не ішкі жұмыстары күрделі жөнделмей тұр.

Барлық жерде «мини центр» ашылсын деген өңір басшысының нұсқауына халық үлкен қолдау танытып отыр. Себебі бұрынғыдай бала -бақша жоқ, бірақ балаларын мектепке барғанша бір жерден тәрбие алғанын ата-аналар ұнатады. Сол нұсқауға байланысты орта мектептің ішінен «мини центр» ашып, оған 18 бала қабылданды, әлі балаларын бергісі келетіндер баршылық.

Ауылда жастар бар, жастар жүрген жерде келешек бар. Жылда 17-18 жас жұбайлар отбасын құраса, 20-ға тарта сәби дүниеге келіп жатыр. Елдің келешегі бар, шіркін жоғары жақ осыны ескеріп бала-бақша ашуды тездетсе нұр үстіне нұр болар еді.

Халыққа қызмет көрсетіп тұрған 5 дүкен, амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, стадион бар. Мәдениет үйі жастардың жиналатын бірден-бір орны, бұл жерде әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізіп, концерт, үйірмелер жұмыс істейді. Мәдениет үйі 2008 жылы облыстық конкурсқа қатысып 1-ші орынды иеленсек, 2009-шы жылы да облыстық мәдениет басқармасы атынан алғыс хат алдық. Мәдениет үйінің «Әжелер» тобы аудан, одан қалды облыс көлемінде танымал болды. Бұл жетістіктерге тоқмейілсінбей, алда әлі талай шыңдарды бағындырамыз деп ойлаймын.

Ауылдық кітапхана өз міндетін дұрыс атқарып тұр деуге негіз бар. Кітап қоры жылда толығуда, бұл мәселеде аудандық мәдениет бөлімі мен аудандық кітапхана үлкен көмек көрсетіп тұрғанын тілге тиек етуге болады. Кітапхана меңгерушісі Ахметжанова Назиканың өз жұмысына деген жауапкершілігін дұрыс түсінетін және өз біліміне сай жұмыс істейтінін дәлелдеді. Мәдениет үйінің жұмысын дұрыс жүргізіп, біліктілік танытып, ұйымдастырып тұрған меңгерушісі Маймакова Жұлдыз, әдіскер Абдрахманова Сандуғаштарға ел риза.

Өткен жылы аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы қатысқан ауыл тұрғындарымен өткен есеп беру жиналысында айтылған сын ескертпелерді уақытында түзетіп, қойылған сұрақтарға жауап берілгенін және орындалмай қалған сұрақ жоқ екенін айтуды жөн санадым. Қойылған сұрақтардың ішіндегі күрделісі, жол жөндеу Ленинград-Алқатерек жолы болатын, «Жол картасы» бойынша шұңқырларға асфальт төселіп біршама жақсарып қалды. Бұл жұмыс биылғы жылы да өз жалғасын тапса, дұрыс болар еді және халық соны қалайды. Сондай-ақ «Жол картасы» бойынша 9 адам жүргізуші, 30 адам аспаз, 30 адам тракторист мамандықтары бойынша куәлік алды.

Биылғы жылы елдің бірлігінің арқасында ауылдағы мешіт үйін жөндеуді қолға алып, қазіргі уақытта толық бітірдік деп айтуға болады. Неге мешіт үйін жөндедік, елдің бірлігін тексеру болса, жастарды имандылыққа баулитын бірден-бір жер мешіт. Иманы бар адам жамандыққа аяқ баспайды дейтін үлкендер, сол қағиданы еске ала отырып, осындай шараға бардық. Халықтың қаражатына салынған мешіт үйі бүгін ең көрікті ғимараттың бірі болды. Төрт қабырғадан басқаның бәрі жаңартылып қайта қалпына келді. Алла жазса ашу салтанаты кезек тосып тұр.

Үкімет тарапынан берілетін көмектерді халыққа мезгілінде беруге тырысудамыз. Балаларға төленетін қаражат мөлшері:

Тоқсан

Жанұя саны

Балалар саны

Төленген қаржы (теңге)

І

24

63

243 143

ІІ

32

82

313 158

ІІІ

23

64

248 832

ІV

24

59

224 392

Атаулы көмек, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға берілген ақша:

Тоқсан

Жанұя саны

Балалар саны

Төленген қаржы (теңге)

І

8

31

139 528

ІІ

3

11

84 411

ІІІ

4

16

98 478

ІV

2

8

53 508


Тұрмысы төмен, жалғыз басты адамдарға, баласы көп отбасыларына берілген көмек ақшалай, заттай берілгені – 378 000 теңгені құрады.

Әртүрлі мерекелерді өткізуге жұмсалған қаржы:

Кәрілер мен мүгедектер күніне- 100 140 теңге;

Халықаралық әйелдер күніне – 24 000 теңге;

Наурыз тойына – 72 000 теңге;

Жеңіс күніне – 95 000 теңге.

Қаржы саласында: берілген ақшаны уақытында орын-орнына, дер кезінде жұмсауға, артық шығын шығармауға тырыстық. Өз тарапымыздан жинауға тиісті салықтарды уақытында жинап, дер кезінде тапсырып отырдық



Салық атауы

Жоспар бойынша

теңге

Нақтылы орындалғаны теңге

% мөлшері

1

Мүлік салығы

16 486

16 877

102,4

2

Жер салығы

64 003

64 852

101,3

3

Көлік салығы

205 272

306 739

149,4

4

Бір жолғы талон салығы

31 500

35 712

113,9

Барлық орындалғаны 388 468 теңге

135,9

Елді көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілудің арқасында елдің іші таза, ауыл жылдан-жылға көркейіп келеді. Көшелерде түгел болмаса да жарық орнатылған, 200 үй телефон желісіне қосылған. Теледидарда Қазақстанның Хабар және Қазақстан екі программасы үзбей көрсетіледі.

Үш айлық тазалық жұмыстарының қорытындасы бойынша біздің ел аудан бойынша өткен жылы бірінші орынға ие болдық.

Барлығын қорытындылай келе айтатыным, айтылған кемшіліктерді уақытында жою, берілген нұсқауларды уақытында орындау бұл жауапкершілікті сезіну. Үлкен жауапкершілік әкімнің мойнына жүктелгенін біле отырып, халықтың әл-ауқытын жақсартуға, елмен иектене жақын болу, мұң-мұқтажын сезіп, уақытында қол ұшын беру мен үшін парыз.

Алда атқаратын жұмыс көп, сол жұмыстарды атқару үшін көп маңдай тер төгу керектігін түсінемін. Және ел сенімін ақтасам екен деп, еңбек етемін. Ел бірлігі үшін, елімнің абыройы үшін әлі де халықпен қоян-қолтық жұмыс істеу керек.

Похожие:

Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconЗайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі
Ел Президентінің Жарлығымен әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі халық пен мемлекеттік органдардың мақсатын біріктіріп,...
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconСырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconНижнебурлук селолық округі әкімінің округ тұРҒындары алдындағы есебі
Осы жылы өткен 2008-2009 жылдардағыдай аудан әкімінің селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесу алдында ұқсас кездесулер селолық...
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconИмантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімі бойынша барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында жариялы түрде есеп береді. Бұл...
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconКеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!
Себебі,кез-келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселерін тұрғындар нақ осында қозғайды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы...
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconВосход селолық оуругінің әкімі Қ. Б. Рамазановтың 2009 жылдың қорытындысы туралы халық алдындағы есебі
Тмд елдерінің ішінде түнғыш рет 2010 жылы обсе-де төрағалықетуге Қазақстанды таңдауы –еліміздің ірі жетістіктерінің бірі болып табылады....
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconБозанбай ауылдық округінің әкімі А. М. Сембаевтың Бозанбай ауылдық округі тұрғындары алдындағы 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Здеріңізге белгілі 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда....
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconЖетікөл селолық округінің әкімі Ш. М. Есімбаевтың тұрғындар алдындағы есебі. Құрметті жерлестер!
«Жергілікті орындаушы органдардың басшыларының есептік кездесүлерді өткізу туралы» №1546 жарғысына сәйкес, барлық жерлерде және де...
Алқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі iconҒ. Иманғалиевтің есебі Құрметті Серік Кенғанұлы!
Дамбы селолық округіне Амангелді, Дамбы елді мекендері қарайды. Аталған елді мекендер көлемінде 2012 жылдың 8 айының қорытындысы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница