Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар




Скачать 257.77 Kb.
НазваниеКөпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар
Дата конвертации17.12.2012
Размер257.77 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2011 жылғы «10» қазандағы

№ 46 бұйрығымен келісілген

Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1. Құрылымның салмақ түсетін элементтері кран жолына екі тіреу бағаны көмегімен тірелетін крандар төрттағанды деп, ал салмақ түсетін элементтері тікелей кран жолына тірелетін крандар көпірлі деп аталады. Жүкқарпығыш органның түріне бойынша көпір түріндегі крандар ілмекті, грейферлі, магнитті, мульдомагнитті, мульдогрейферлі, мульдоүюлі, құйылған, қадауышты, қондырылатын, шөмішті, құдықты, стрипперлі, кран-штабельдер және басқаларға бөлінеді.

2. Көпірлі және төрттағанды крандар жоғары қауіптіліктегі жүккөтергіш машиналарға жатады. Олар тиеу-түсіру жұмыстары, монтаждау, қайта монтаждау және жабдықты жөндеу үшін пайдаланылады, өндірістің жүктерді тасымалдауға арналған технологиялық процесстерінде пайдаланылады.

3. Көпірлі және төрттағанды крандарды пайдалану кезіндегі авариялар мен қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып:

1) тежегіштердің, жүктерді көтеру механизмдерінің соңғы іске қосқыштарының, кран мен арба қозғалысының, кран көпіріне шығуға арналған кабина есігі мен люк есігінің ақаулығы;

2) жүк арқандарының үзілуі;

3) металл құрылымдардың бұзылуы (тіреудің, аралық арқалықтың, арбаның және т.б.);

4) кран жолы мен тұйық тіреулердің ақаулығы;

5) кранды желдің бұруы;

6) кранды оқытылмаған жұмыскердің басқаруы;

7) электр жабдықтың ақаулығы және жұмыс істеушіні электр токпен зақымдау (күйдіру);

8) көпірлі крандарда жұмыс кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамау;

9) алаңдар мен айналатын бөліктер қоршауының ақаулығы немесе болмауы;

10) кран жолдары мен өту галереяларында жұмыстарды орындау кезінде наряд-рұқсатта көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтамау;

11) арқандардың, жүкқарпығыш органдардың және алынбалы жүкқарпығыш жабдықтардың ақаулығы;

12) арқанның еңіс қалпында жүкті көтеру;

13) жүктерді қате ілгеу, артық жүк немесе ыдыстың артық толуы;

14) жартылай вагондарда және басқа да көлік құралдарында оларды тиеу мен түсіру кезінде адамдардың болуы;

15) жүктерді қоймалау тәртібі мен аумақтарын сақтамау;

16) магнитті және грейферлі крандардың және тасымалданатын жүктердің әрекет аумағында адамдардың болуы табылады.

4. Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану сәйкес біліктілігі бар краншының (машинисттің) шебер және дұрыс әрекетіне байланысты болады.

___________

* Бұдан әрі мәтін бойынша - краншы.


2. Жалпы ұсынымдар



5. Жүккөтергіш крандарды басқару және оларға қызмет көрсету үшін ұйым жетекшісі бұйрығымен 18 жасқа толған оқытылған және аттестатталған, медициналық куәландыру нәтижесімен расталатын денсаулық жағдайы бойынша жарамды краншылар тағайындалады.

6. Көпірлі және төрттағанды крандардың краншыларының ІІ төмен емес электр қауіпсіздік бойынша біліктілік тобы болады.

7. Краншыларды дайындау мен аттестаттау кәсіптік-техникалық училищелерде, оқу орталықтарында, теориялық және өндірістік оқуға арналған сәйкес базасы бар ұйымдарды жүргізіледі.

8. Краншыларды дайындау оқу орталығы өңдеген және уәкілетті органның аумақтық бөлінісімен келісілген бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

9. Аттестатталған жұмыскерлерге фотосуреті бар белгіленген формада (куәлік формасы 1-қосымшада көрсетілген), комиссия төрағасы қол қойған куәлік беріледі.

Краншы куәлігінде ол басқаруға рұқсат берілген кран түрі көрсетіледі. Жұмыс уақытында куәлік краншының өзінде болады.

10. Краншы өзі жұмыс істеуге жіберілер алдында ол өзі жұмыс істейтін кранда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту ұзақтылығын жүккөтергіш машиналарды ақаусыз жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін тұлға кран құрылымы мен краншының жеке қабілетіне байланысты белгілейді, әрі жалпы және арнайы тағайындаудағы крандарда жұмыс істейтін краншы үшін 10 күннен кем емес және металлургия өндірісінде пайдаланылатын крандар мен тиегіш крандарда жұмыс істейтін краншылар үшін 1 айдан кем болмайды.

11. Иеленуші краншыларға кран құрылымын, оларды пайдалану шарттары мен орнату орындарын ескерумен технологиялық регламент өңдейді. Регламентте кран жұмысының қауіпсіздігіне, краншы мен жүк ілгеуші арасында сигнал алмасу тәртібіне әсер ететін аспаптардың, құрылымның және механизмдердің техникалық жағдайын бағалау бойынша нақты нұсқаулар болады.

12. Кранның бір түрінен екіншісіне ауыстырылған краншы, мысалы мұнаралыдан көпірліге лауазымға тағайындалар алдында сәйкес бағдарлама бойынша оқытылады және белгіленген тәртіпте аттестатталады. Бұл жағдайда оқу қысқартылған бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Краншыны бір көпірлі немесе төрттағанды краннан осындай, бірақ басқа құрылымды кранға ауыстыру кезінде ол осында кранға қызмет көрсету және құрылым ерекшеліктермен таныстырылады және тағылымдамадан өтеді. Тәжірибелік дағдылары тексерілгеннен кейін краншы аталған құрылымдағы кранда өзі жұмыс істеуге жіберіледі. Тағылымдамадан өту және тәжірибелік дағдыларын тексеру тәртібін кран иесі белгілейді. Краншыны ауысымда бір краннан екіншісіне ауыстыруға тек ол кәсіпорында белгіленген тәртіпте тағылымдамадан өткен крандарға ғана рұқсат беріледі.

13. Краншы білімін қайтадан тексеру:

кезең сайын (12 айда бір рет);

басқа кәсіпорынға жұмысқа ауысар кезде;

меминспектор немесе жүккөтергіш машиналарды қауіпсіз пайдалануды қадағалау жөніндегі тұлға талабы бойынша жүргізіледі.

Білімді қайтадан тексеру комиссиясының жұмысына уәкілетті органның аумақтық бөлінісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының мемлекеттік инспекторы қатысады.

Мемлекеттік инспектор қатыспаған кезде комиссия оның қатысуынсыз жұмыс істейді.

14. Оқытылған, қолында кранды басқаруға және оған қызмет көрсетуге куәлігі бар краншы:

1) кран құрылымын, қауіпсіздік механизмдері мен аспаптарының тағайындалуы мен құрылымын, кранның кинематикалық және электр схемасын, оның өлшемдері мен техникалық сипаттамасын;

2) технологиялық регламентті;

3) кранды басқару бойынша нұсқаулықты;

4) вахталық журналдың мазмұны мен жүргізу тәртібін (журнал формасы 2-қосымшада көрсетілген);

5) краншы мамандығына қатысты бөлікте электр қондырғыны пайдалануға қойылатын негізгі талаптарды;

6) кәсіпорын қолданысындағы наряд-рұқсаттарды беру жүйесін;

7) жүргізілген техникалық куәландырулардың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеулердің мерзімдері мен нәтижелерін;

8) слесарьлар мен электр монтерлер жүргізген қараулар мерзімдері мен нәтижелерін;

9) жұмысты ұйымдастыру жобаларын, технологиялық регламенттерді, тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясын;

10) жүктерді ілгеу мен шынжырлаудың қауіпсіз тәсілдері;

11) жүктерді тасымалдау мен қоймалау тәртібін;

12) көпірлі кранның түсіру алаңынан тыс амалсыз тоқтауы кезінде кабинадан қауіпсіз шығу тәртібін;

13) ұйымда белгіленген жүк ілгеушілермен сигнал алмасу тәртібін (ұсынылатын сигналдық белгі 5-қосымшада көрсетілген);

14) кран жолдарына қойылатын талаптарды;

15) арқандарға, алынбалы жүкқарпығыш жабдықтар мен ыдыстарға қойылатын талаптарды және олардың ақаулық нормасын (арқандарының ақаулық нормасы 4-қосымшада, алынбалы жүкқарпығыш жабдықтардың ақаулық нормасы 5-қосымшада көрсетілген);

16) майлау материалдарын тағайындау мен ассортиментін және кран түйіндері мен бөлшектерін майлау кезеңділігін;

17) кернеуге тап болған адамды электр ток әсерінен босату түрлерін және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін;

18) өрт сөндіру құралдарының орындары мен құрылғысын және оларды пайдалану тәртібін;

19) жүккөтергіш машиналарды ақаусыз қалыпта ұстайтын бақылаушы тұлғаны, кранмен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаны, слесарьлар, электрмонтерлер, жүк ілгеушілер мен қауіпсіздік аспаптарын реттеушілерді біледі.

15. Краншы кранды басқару мен оған қызмет көрсету дағдыларын біледі.

16. Кранды ақаусыз жағдайда ұстау бөлігі бойынша краншы жүккөтергіш машиналарды ақаусыз қалыпта ұстауға бақылаушы тұлға, ал жұмыс өндірісі бойынша крандармен қауіпсіз жұмысты бақылаушы тұлға тапсырмасын орындайды.

17. Краншы жүк ілгеуші жұмысын және оған бекітілген тағылымдамадан өтуші әрекетін, бұл ретте өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын бақылайды.

3. Краншының жұмыс басталар алдындағы міндеттері

18. Жұмыс басталарға дейін краншы вахталық журналдағы жазбалармен танысады, кранды қабылдауды жүргізеді, барлық механизмдердің, металл құрылымдардың, түйіндер мен кранның басқа бөліктерінің, кран жолының ақаусыздығына көз жеткізеді.

Бұл ретте краншы:

1) кәсіпорында белгіленген тәртіпте ауысымды тапсырушы краншыдан немесе кілт-таңбаны беретін бақылаушы тұлғадан көпірлі кранды басқаруға кілт-таңба алады. Егер ауысымды қабылдау сәтінде кран жөндеуде болса, кілт-таңба жөндеу аяқталған соң, жөндеуді жүргізуді бақылаушы тұлғадан алынады;

2) кран кабинасына кірген кезде стационарлық сатыларды, қондыру алаңдарын немесе өту галереяларын пайдаланумен қауіпсіздік шараларын сақтайды. Егер кабинаға кіру көпір арқылы болса, электр магнитті қоректендіретін магнитті крандарда бүйір жақтауларда есік ашылған кезде троллей ажыратылмайды және жанасуға қолжетімсіз орында орналасқан немесе қоршалған болады;

3) кран кабинасына көмекшімен, тағылымдамадан өтушімен, оқушымен (бұлар болған кезде) кіру және ауысымды қабылдау. Краншы келмеген жағдайда көмекшінің, тағылымдамадан өтушінің, оқушының кранға көтерілуіне рұқсат берілмейді;

4) кран механизмін, олардың бекітілуін және тежегіш, жүру бөлігі мен айдап әкетуге қарсы қарпығыштарын қарайды;

5) қоршау механизмдерінің болуы мен ақаусыздығын және кабинада диэлектр төсенішінің болуын тексереді;

6) берілістер, мойынтіректер мен арқандардың майланғандығын, майлау жабдықтары мен сальниктер қандай жағдайда екендігін тексереді;

7) көрінетін орыннан кранның металл құрылымын, дәнекерлеу, жапсырылған және бұрандалы қосылыстарды қарайды;

8) арқан жағдайын және оның барабанда және басқа орындарда бекітілуін тексереді. Бұл ретте блок тұтқалары мен барабандарда арқандарды төсеудің дұрыстығына назар аударады;

9) ілмекті, оның оқсауытта бекітілуін және ондағы түйісу құрылғысын немесе ілмек орнына орнатылған басқа ауыстырылатын жүкқарпығыш органды қарайды;

10) бұғаттауларды, аспаптар мен крандағы қауіпсіздік құрылғыларының болуын бақылайды;

11) кран мен жұмыс аумағының жарықтандырылу ақаусыздығын тексереді;

12) төрттағанды кранның кран жолдарын және тұйық тіреулерді қарайды;

13) көрінетін орындарда электр қозғалтқыштарды, троллей немесе иілмелі ток өткізгіш кабельдерді, ток қабылдағыштарды, басқару панельдерін, қорғаныс жерге тоғытуын қарау, қорғаныс панельдері шкафтарының, негізгі тоқтатқыштардың есіктері, магнит панельдері және негізгі ток қабылдағыштарға қызмет көрсетуге арналған алаңдар люктері тиекпен жабылғандығын тексереді;

14) кран жолының барлық бойында төрттағанды кран мен жүк штабельдері және басқа құрылыстар арасында ені 700 мм кем болмайтын өтулердің болуын тексереді;

15) галереяға шығатын орындарда жабық қоршаулар мен ескерту плакаттарының болуын тексереді.

19. Краншы жүк ілгеушімен алынбалы жүкқарпығыш жабдық пен ыдыстың ақаусыздығын, олардың салмаққа және жүк сипатына сәйкестігін, оларды таңбаның немесе жүккөтерімділікті, сынау мерзімі мен нөмірін көрсетумен биркасы болуын тексереді.

20. Жұмыс істеп тұрған кранды қабылдау кезінде оны қарау ауысымды тапсырушы краншымен бірге жүргізіледі. Кранды қарау үшін оның иесі краншыға қажетті уақыт бөледі.

21. Кранды қарау механизмдер жұмыс істемей тұрған және краншы кабинасында ажыратқыш ажыратылған кезде, ток жеткізгіш кабельді қарау – кранға кернеу беретін ажыратқыш ажыратылған кезде жүзеге асырылады.

22. Кранды қарау кезінде қажеттілік жағдайында краншы кернеуі 12 В артық емес жылжымалы лампа пайдаланады.

23. Кранды қарағаннан кейін оны байқап көру үшін краншы ажыратқышты және қорғаныс панелінің түйісу құлпын қосады. Алдын ала кранда ешкім жоғына, ал барлық контроллерлердің штурвалдары мен тұтқалары нөлдік қалыпта болуына көз жеткізеді. Түйісу құлыбының кілт-таңбасы болмаған кезде кранды іске қосуға рұқсат берілмейді. Кілт-таңбаның болмауы туралы жүккөтергіш машинаны ақаусыз жағдайда ұстауды бақылауша тұлғаға, ал ол болмаған кезде кілт-таңбаны беруді бақылаушы тұлғаға хабарланады.

24. Кранды жұмысқа іске қосар алдында краншы кранның барлық механизмдерін бос жүрісте іске қосып көреді және бұл ретте:

1) кран мен электр аппаратура механизмі;

2) көтеру және жылжту механизмдерінің тежегіштері;

3) бұғаттау, сигнал аспабы, кранда бар қауіпсіздік аспаптары мен құрылғылар. Көтеру механизмінің соңғы ажыратқышы әрекетінің ақаусыздығы ілмекті аспаны жүксіз көтеріп көрумен тексеріледі.

Бұл ретте аспадан оны тіреуге дейін тоқтатқаннан кейінгі қашықтық 200 мм кем болмайды. Тексеріс нәтижесі бойынша нақты қашықтықты көрсетумен вахталық журналда жазба жүргізіледі;

4) магнитті контролерлердің нөлдік бұғаттауы;

5) авариялық ажыратқыш пен кілт-таңбамен түйісу құлыбы әрекеттерінің ақаусыздығы тексеріледі.

25. Кранды қарау мен сынау уақытында қауіпсіз жұмысқа кедергі келтіретін ақаулық табылған және оны өз күшімен түзету мүмкін болмаған кезде краншы жұмысқа кірісер алдында вахталық журналда жазба жасайды және кранмен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаны және жүккөтергіш машиналарды ақаусыз жағдайда ұстауды бақылаушы тұлғаны хабардар етеді.

26. Краншы жұмысқа егер:

1) кранның металл құрылымында сызаттар немесе бұзылулар болса, бұрандалы немесе жапсырылған қосылыстар босаңсыған;

2) арқандарды бекіту қысқыштары болмаса, не зақымдалған немесе олардың бұрандалары босаңсыған;

3) кранды пайдалану бойынша нұсқаулықпен белгіленген нормадан асатын жүк арқанының сымының үзілуі немесе тозуы бар, сондай-ақ үзілген тарам немесе жергілікті зақымдалу;

4) жүкті көтеру, кранның немесе арбаның зақымдалу механизмінің ақауы бар;

5) кран тежегіштерінің немесе механизмдері бөлшектерінің ақауы бар;

6) ілмек тозуы зевада қиысудың алғашқы биіктігінен 10 % асса, ілмек зевына түйісетін құрылғы ақаулы, оқтізерде ілмектің бекітілуі бұзылған;

7) бұғаттау, дыбыстық сигналды аспап, жүк көтеру, кранның немесе арбаның жылжу механизмінің соңғы ажыратқыштары ақаулы немесе жоқ;

8) арқанды блоктар мен полипастар зақымдалған;

9) жүк ілмегі немесе блок айналмайтын;

10) қоршау механизмдері жоқ немесе электр жабдықтардың ток өткізгіш бөліктері оқшауланбаған, жерге тоғыту жоқ немесе зақымдалған;

11) кран жолдары ақаулы;

12) айдап алып кетуге қарсы құрылғылар зақымдалған немесе жоқ;

13) техникалық куәландыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету мен алдын ала қарау мерзімдері өткен болса кіріспейді.

27. Электр жабдықтың ақауларын түзету, кранды электр қоректендіру көзіне қосу, балқығыш сақтандырғыштарды алмастыру, жылыту аспаптарын іске қосу үшін краншы электр монтерді шақырады. Краншыға бұл жұмыстарды орындауға рұқсат берілмейді.

28. Краншы жұмыс орнының жеткілікті жарықтандырылуына көз жеткізеді. Жетімсіз жарықтандырылу, қатты қар басу немесе тұман кезінде краншы жұмысқа кіріспес бұрын кранмен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаға бұл туралы хабарлайды.

29. Кранды қабылдауды жүргізе келе краншы кранды қарау мен сынау нәтижесі туралы вахталық журналда сәйкес жазба жүргізеді және кранмен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлғадан жұмысқа рұқсат пен тапсырма алған соң жұмысқа кіріседі.

4. Краншының кранның жұмыс уақыты кезіндегі міндеттері


30. Жүккөтергіш кранның жұмысы кезінде краншы кранды пайдалану бойынша нұсқаулықта, жұмысты ұйымдастыру жобасы мен технологиялық регламентте көрсетілген талаптар мен нұсқауларды басшылыққа алады.

31. Кранның жұмысы уақытында краншы өзінің тікелей міндеттерінен, тазалау, майлау және механизмдерге жөндеу жүргізуге алаңдамайды.

32. Краншы кранға бөтен тұлғаларды жібермейді, жүккөтергіш машиналарды қауіпсіз жағдайда ұстауды бақылау тұлғасы рұқсатынсыз, кімге болса да кранды басқаруға бермейді.

33. Кранда тағылымдаман өтуші болған кезде, краншының да, тағылымдаман өтушінің де, кранда қалған адамға бұл жайлы ескертпей, қысқа мерзімге де кабинадан кетулеріне болмайды. Краншы болмаған кезде тағылымдаман өтушіге кранды басқаруға рұқсат берілмейді.

34. Кранның көтеру немесе жылжыту механизмдері немесе арба жұмыс істеп тұрған кезде кранға мінуге де және одан түсуге де рұқсат берілмейді.

35. Электр қоректендірудің кенет тоқтаған немесе басқа себептермен кран тоқтаған кезде краншы штурвалдарды немесе контроллер тұтқаларын нөлдік қалыпқа қояды және кабинада ажыратқышты ажыратады. Егер жүк көтерілген қалыпта қалған болса, краншы жүк ілгеуші немесе басқа жұмыскерлер арқылы крандармен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаны шақырады және оның қатысуымен қолмен тежеу арқылы жүкті түсіреді. Жауапты тұлға келгенге дейін краншы көтерілген жүк астынан адамдардың өтуіне немесе болуына жол бермейді.

36. Егер кранның көтеру немесе жылжыту механизмдері немесе арба жұмысында үзіліс (тоқтау) болса, онда оларды іске қосар алдында краншы ескерту дыбыстық сигналын береді.

37. Кез келген механизмді іске қосар алдында краншы тағылымдамадан өтушінің қауіпсіз орында екендігіне, ал жұмыс аймағында бөтен адамдардың жоқтығына көз жеткізеді.

38. Краншы қозғалыстарды (крандық операцияларды) қосуды тек кранды пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген нұсқауға сәйкес жүргізе алады, бұл ретте механизмдерді бір уақытта қосуға рұқсат берілмейді.

39. Кран механизмдерін іске қосу мен тоқтатуды краншы жұлқусыз, баяу жүргізеді. Жүкті жылдам түсіру, оны мәжбүрлі тежеу жолымен түсіруге 35-тармақта көрсетілгеннен басқа жағдайда рұқсат берілмейді.

40. Краншы тура жүрістен керіге механизм толық тоқтағанға дейін ауыстыруды аварияны немесе қайғылы оқиғаны болдырмау қажеттілігінен басқа жағдайларды қоспағанда жүргізбейді.

41. Краншы жылдамдықты кранның соңғы ажыратқышқа немесе оларды ажырату құрылғысына жақындау алдында төмендетеді. Соңғы ажыратқыштарды механизмдерді ажыратудың жұмыс органдары ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді.

42. Краншыға қауіпсіздік аспаптарын (байланысқыштарды сыналау, көтеру биіктігін шектегіштерді, электр қорғанысты және т.б. ажырату) әрекеттен шығаруға, кранмен оның ақаулы кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

43. Краннан кез келген уақытша кету кезінде краншы енгізу ажыратқышын ажыратады, кілт-таңбаны көпірлі кранның қорғаныс панелінен суырып алады, ал төрттағанды кран есігін құлыппен жабады.

44. Краншы персоналдың (жұмыскерлердің) кран жолдары мен көпірлі крандардың өту галереяларына қауіпсіз жұмыс өндірісі шарттарын анықтайтын наряд-рұқсат бойынша жөндеу немесе басқа жұмыстар өндірісі үшін жіберілуі туралы вахталық журналда жазумен хабарланады.

45. Көпірлі кранның түсіру алаңынан тыс мәжбүрлі тоқтауы кезінде кабинадан шығуды краншы технологиялық регламентте белгіленген тәртіпте жүргізеді.

46. Краншыға кранды жүктерді кран көпірінен құрылыс, сырлау және басқа жұмыстарды орындау кезінде тасымалдау үшін пайдалануға рұқсат берілмейді. Бұл жұмыстар қауіпсіздік шарасын, адамдардың краннан құлауының, электр токпен зақымдалудың, кран жолына шығудың, крандардың соқтығысуының алдын алу бойынша шараларды анықтайтын наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі. Арбада уақытша төсемдер, сатылар және т.б. құрылғысына рұқсат берілмейді. Жұмыстар арба төсеншінен немесе төсеніште орнатылған стационарлы төсемдерде жүргізіледі, бұл ретте адамдарды арбаға троллерден көтеру алдында кернеу ағытылады. Көпірді немесе кран арбасын краншы тек жұмысты өндіруші командасы бойынша ғана жылжыта алады. Кранды жылжыту кезінде жұмыс істеушілер кабинада немесе көпір төсеміне орналастырылады. Арбада адам болған кезде арба мен кран көпірін жылжытуға рұқсат берілмейді.

47. Жүк арбасының рельстері галерея төсемі деңгейінде орналасқан көпірлі кран галереясына жөндеуші персоналдың шығуы алдында краншы арбаны кабинадан төсемге шығатын жерге жақын орналастырады.

48. Бірнеше қабатқа орналасқан көпірлі крандардың жұмысы кезінде краншы жоғарғы кранның төмен орналасқан крандар үстінен тек жүксіз, ілмектері жоғары жұмыс қалпына көтерілген қалыпта өткізеді.

49. Егер кран жүкқарпығыш органмен (магнитпен, грейфермен, қарпығышпен, әр түрлі қамыттармен және т.б.) жарақталған болса, краншы жүкті көтерер алдында жүк жүкқарпығыш органмен сенімді қарпылғанына көз жеткізеді.

50. Жүктерді адамдары бар өндірістік және қызметтік үй-жайлар орналасқан жабындар үстінен тасымалдау кезінде краншы жұмысқа тек жұмысты қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін шаралармен танысу және ұйым басшылығының жазбаша өкімін алған соң кірісе алады. Жұмыстар тікелей крандар жұмысының қауіпсіз өндірісін бақылаушы тұлға басшылығымен жүргізіледі.

51. Жүкті екі немесе бірнеше кранмен тасымалдау бойынша бірлескен жұмысты краншылар тек жекелеген жағдайларда жүргізеді және жұмысты ұйымдастыру жобасына немесе жүк ілгеуші схемасы мен жүктерді тасымалдау операцияларын орындау кезеңділігі мен крандар жағдайы, жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша басқа да көрсеткіштер көрсетілген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырады.

Жүкті бірнеше кранмен тасымалдау бойынша жұмыстар тікелей бақылаушы тұлғаның басшылығымен жүргізіледі.

52. Жұмыс өндірісі кезінде краншы:

1) кран механизмін тек жүк ілгеуші сигналы бойынша іске қосуды басшылыққа алады. Егер жүк ілгеуші технологиялық регламентке қайшы сигнал беретін болса, краншы бұл сигналды орындауға тиіс емес. Дұрыс берілмеген сигнал салдарынан кран әрекетімен келтірген зақымдалу үшін краншы да, дұрыс сигнал бермеген жүк ілгеуші де жауап береді. Жүк ілгеуші мен краншы арасында сигнал алмасу кәсіпорында (ұйымда) белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Краншы «Тоқта» сигналын оны кім бергеніне қарамастан орындауға міндетті;

2) жүкті көтеру немесе түсіру алдында жүк ілгеушіні және жұмысты жүргізу орнындағылардың барлығын жүкті тасымалдау аймағынан және жүктің құлауы мүмкін аймақтан кету қажеттігі туралы ескертеді. Жүкті тек кранның жұмысы аймағында адамдар болмаған кезде ғана жүргізуге болады. Бұл талаптарды краншы грейферді немесе жүккөтергіш магнитті көтеру мен ауыстыру кезінде де орындайды. Жүк ілгеуші егер жүк алаң деңгейінен 1000 мм артық емес биіктікте болса, оны көтеру немесе түсіру кезінде жүк маңында бола алады;

3) вагоншаларды, автомашиналар мен тіркемелерді, теміржол жартылай вагондарын, платформаларды және басқа көлік құралдарын тиеу кезінде жүкті көтеру мен түсіруге көлік құралдарында адам болмауына краншы алдын ала көз жеткізіп қана рұқсат беріледі. Жартылай вагондарды ілмекті крандармен тиеу мен түсіру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі;

4) көтеру механизмі ілмегін жүк үстінен жүкті көтерген кезде жүк арқанының қисаю жағдайы болмайтындай орналастырылады;

5) жүкті көтеру кезінде оны алдын ала 200-500 мм артық емес биіктікке оның дұрыс жүктелуіне, жүктің сенімді бекітілуіне және тежегіштер әрекетінің ақаусыздығына көз жеткізу үшін көтеріп көру қажет, содан кейін оны керекті биіктікке көтеру жүргізіледі;

6) көлденең бағытта тасымалданатын жүктер немесе жүкқарпығыш жабдықтарды алдын ала жолында кездесетін заттардан 500 мм жоғары көтеру керек;

7) қабырғаға, колоннаға, штабельге, теміржол вагонына, автомашинаға, станокқа немесе басқа жабдыққа жақын жүктерді тасымалдау кезінде тасымалданатын жүк пен вагон, кабырға, колонна және басқа құрылыстар арасында адамдардың болмауына көз жеткізіледі. Жүктерді жартылай вагондарға, платформаларға және вагоншаларға орналастыру, сондай-ақ оларды түсіру жартылай вагондардың, вагоншалар мен платформалардың тең салмағын бұзбай жүргізіледі;

8) ұсақ даналы жүктерді тасымалдау осыған арналған ыдыста жүргізіледі. Бұл ретте жекелеген жүктердің құлау мүмкіндігі болдырылмайды. Кірпіштерді тұғырларда қоршаусыз көтеруге тек оларды автомашиналарға, тіркемелерге, теміржол жартылай вагондарына және платформаларға тиеу кезінде (және жерге түсіруге) рұқсат беріледі;

9) жүкті құдықтан, ордан, траншеядан, қазан шұңқырдан және т.б. көтеру алдында және жүкті түсіру алдында бос ілмекті (тиелмеген) түсіру жолымен барабанның төменгі қалыбында қысу құрылғысы астындағы орамды есептемегенде, бір жарым орамдай арқан оралған қалпында қалғандығына көз жеткізу керек;

10) жүктерді қатарластыру мен бөлшектеу біркелкі, жүктерді қатарластыру үшін белгіленген габариттерді бұзбай және өтетін орындарды үймей жүргізіледі;

11) арқандарды мұқият қарау қажет, олардың барабаннан немесе блоктан құлауы, ілмек пайда болған немесе ақау табылған жағдайда кран жұмысы тоқтатылады;

12) бірнеше кранның бір мезгілде бір кран жолындағы әрекеті кезінде олардың соқтығысуын болдырмау үшін краншылар жұмысты ұйымдастыру жобасында немесе технологиялық регламентте айтылған қауіпсіздік шараларын сақтайды;

13) кранда екі көтеру механизмі болған кезде олардың бір уақытта жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді. Жұмыс істемей тұрған механизмнің ілмегі әрқашан жоғары қалыпқа көтерілген болады;

14) жүктерді грейфермен немесе магнитпен тасымалдау кранды пайдалану бойынша нұсқаулықта айтылған талапты орындау кезінде ғана жүргізіледі. Кранның қауіпті жұмыс аймағы белгіленеді, жұмыс кранның әрекет ету аймағында адамдар болмаған кезде жүргізіледі, қосалқы жұмыскерлер өздерінің міндеттерін орындауға кран жұмысында үзіліс болған уақытта грейфер немесе магнит жерге (еденге, алаңға) түсірілгеннен кейін жіберіледі. Сусымалы және кесек материалдарды грейфермен тасымалдауға егер кесек өлшемі 300 мм аспаса, ал суситын салмақ осы грейферге белгіленген үлкендіктен аспаса рұқсат беріледі; даналы жүкті ауыстыру тек арнайы грейфер көмегімен жүргізіледі;

15) жүктерді (мысалы, плиталар мен қалыптар) магнитпен жарақталған кранмен тасымалдауға кранды артық тиеу мүмкіндігі болмаған кезде ғана рұқсат беріледі;

16) салмағы белгісіз жүкті тасымалдау кезінде тек оның нақты салмағын анықтағаннан кейін ғана жүргізіледі;

17) ұзын және ірі аумақты жүктерді тасымалдау кезінде оларды жүк ілгеуші ілмек немесе тартқыш көмегімен бағыттайды;

18) жүктерді жүк ілгеуші бекітілген технологиялық регламенттер, жүк ілгеу схемасына сәйкес жүргізеді. Жүк ілгеу схемасы өңделмеген жүктерді тасымалдау крандармен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлға басшылығымен және қатысуымен жүргізіледі. Жүк ілгеу үшін көтерілетін жүктің тарамдар саны мен олардың бұрылу бұрышын есепке алумен, салмағы мен сипатына сәйкес болатын жүк ілгеу пайдаланылады. Жалпы тағайындаудағы жүк ілгеулер олардың тарамдары арасындағы бұрыш 90° аспайтындай алынады;

19) кранның ілмекпен, көтергіш электр магнитпен немесе грейфермен жұмыс істеу кезінде жүкті, электр магнитті немес грейферді түсіру тек қозғалтқышпен жүргізіледі;

20) тасымалданатын жүкті түсіру жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен немесе технологиялық регламентпен көзделген жүктің құлау, ауытқу немесе сырғанау мүмкіндігі болмайтын орындарда ғана рұсқат беріледі. Жүктерді орналастыру орындарында алдын ала сәйкес беріктіліктегі төсемдер салынады. Жүктерді орналастыру мен бөлшектеуді жүктерді қатарластыру үшін белгіленген габариттерді бұзбай және өтулерді үймей біркелкі жүргізеді;

21) жүктерді кранмен домалату домалау алаңдарында немесе бөлінген орындарда жүргізіледі. Мұндай жұмыстарды операциялардың орындаулы кезеңділігі, жүкті жүк ілгеу тәсілі және жұмысты қауіпсіз орындау бойынша нұсқау көрсетілген технологиялық регламент бойынша орындауға рұқсат беріледі.

53. Краншыға кран механизмін оның қасында адамдар болған кезде (кранға тұрақты бақылау жасайтын тұлғаның кранды қарау жағдайынан басқа, мұндай қарау кезінде краншы механизмді тек қарауды жүргізуші тұлға сигналы бойынша ғана қоса алады) іске қосуға рұқсат берілмейді.

54. Кранның жұмыс процесінде краншы келесі жағдайларда дыбыстық сигнал береді:

1) кран мен арбаның жылжу механизмдерін іске қосу кезінде, көтеру механизмін технологиялық операцияларды магнитті, грейферлі, стрипперлі, қамытты, тырмалы крандармен және асыра тиеу крандарымен орындаудан басқа іске қосу кезінде;

2) жүгі бар кранның жүкті тасымалдау жолындағы адамдарға жақындаған кезінде. Егер адамдар жүкті тасымалдау жолынан кетпейтін болса, краншы кранды тоқтатады;

3) кранның сол кран жолында жұмыс істеп жатқан басқа кранға жақындаған кезінде;

4) жүкті төмен биіктікте тасымалдаған кезде.

55. Жұмыс өндірісі кезінде краншыға:

1) жүк ілгеуші куәлігі жоқ жұмыскерлер ілген жүкті тасымалдауға, биркасы немесе таңбасы жоқ жүкқарпығыш жабдықты пайдалануға. Бұл жағдайларда краншы жұмысты тоқтатады және крандармен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаны хабардар етеді;

2) кранмен жүктерді оларды дұрыс байлау мен ілудің бекітілген схемасы болмаған кезде тиеу мен артуды жүргізуді;

3) салмағы кранның жүккөтерімділігінен асатын жүктерді көтеру мен домалатуға. Егер краншы жүктің салмағын білмесе, ол крандармен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғадан ол туралы мәлімет (жазбаша түрде) алады;

4) арқанның қисайған қалпында кранның ілмегімен, грейферімен немесе электр магнитімен жүкті жермен, рельспен және лагпен сүйретуге;

5) шашылған немесе жерге қатып қалған, басқа жүктермен басылған, бұрандамен бектілген немес бетонмен құйылған жүкті ілмекпен үзуге, жүкті үзі мақсатында шайқауға;

6) жүкпен қысылған алынбалы жүкқарпығыш жабдықтарды кранмен босатуға (стоптар, қамыттар және т.б.);

7) салмақ таңбасы жоқ темір бетон өнімдерді көтеруге;

8) зақымдалған ілмекті темір бетон өнімдерді, дұрыс ілінбеген және тұрақсыз қалыптағы жүкті, жақтауынан биік толтырылған ыдыстағы жүкті, кірпішті, плитаны және тұғырға жақтаусыз орналастырылған басқа материалдарды көтеруге. Кірпіштерді тұғырларда қоршаусыз көтеруге тек оларды автомашиналарға, тіркемелерге, теміржол жартылай вагондарына және платформаларға тиеу кезінде (және жерге түсіру) рұқсат беріледі;

9) жақтауынан немесе толтыру сызығынан жоғары толтырылған ыдысты тасымалдауды жүргізуге;

10) кранмен платформаларды, жартылай вагондарды, арбаларды және басқа көлік құралдарын жылжытуға;

11) адамы, жүгі, ауырлықты түзетуші адамдар немесе қолмен демейтін адамдар мен жүктерді көтеруге;

12) соңғы ажыратқыштарды кран механизмдерін автоматты тоқтатуға арналған жұмыс органдары ретінде пайдалануға;

13) кранды бұған құқы жоқ тұлғаға және кәсіпорын бұйрығымен бекітілмеген краншыларға басқаруға беруге, оқушылармен тағылымдамадан өтушілерге олардың әрекетін бақылаусыз өздері басқаруға жол беруге;

14) кабинада жүргізуші немесе басқа адамдар болған кезде жүктерді автомашиналарға тиеуді жүргізуге;

15) көтерілген жүк кезінде көтеру механизмі тежегішін реттеуді жүргізуге;

16) баллондарды арнайы конейтнерге салынбаған, сығылған және сұйылтылған газдармен көтеруге;

17) алаңдар мен кран механизмдерінде аспаптарды, бөлшектерді, бөтен заттарды және т.б. қалдыруға рұқсат берілмейді.

56. Краншы 26-тармақта көрсетілген ақаулар туындаған кезде, сондай-ақ келесі жағдайларда жүкті түсіруге, кран жұмысын тоқтатуға және бұл туралы крандармен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаға хабарлауға міндетті:

1) кран механизмдері мен металл құрылымдары сынған кезде;

2) электр қозғалтқыш, контроллер корпусында, аппарат сыртында, ілмекте немесе кран металл құрылымында кернеу пайда болған кезде;

3) жүк полипастының арқандарын бұрау кезінде;

4) кран жолының ақаулығы табылған кезде;

5) кранның жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы, қатты қар басу немесе тұман кезінде, сондай-ақ жүк ілгеушінің немесе тасымалданатын жүктің нашар көрінуі кезінде;

6) ауа температурасының кран паспортында көрсетілгеннен төмен төмендеген кезінде;

7) жылдамдығы кран паспортында көрсетілгеннен асатын дауыл, қатты жел жақындаған кезде (бұл ретте кранды желдің айдап алып кетуіне қарсы шаралар қабылданады);

8) электр, жылу немесе кранның басқа қорғанысының, сондай-ақ қауіпсіздік аспаптарының жалған іске қосылуы кезінде;

9) арқанның барабаннан немес блоктан құлау немесе қате салыну және арқандардың зақымдалуы табылған кезде.

57. Арнайы тағайындаудағы (көпірлі, артық тиеу крандары, құйылған, шөмішті, қондырылатын, қадауышты, грейферлі, магнитті, мульдомагнитті, мульдогрейферлі, мульдоүюлі, стрипперлі, құдықты және т.б.) крандардың жұмысы кезінде краншы крандарды пайдалану бойынша нұсқаулықта және технологиялық регламентте айтылған қосымша қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

58. Қашықтан басқарылатын радиоэлектр құралдарымен жарақталған крандардың жұмысы уақытында краншы қашықтан басқарылатын радиоэлектр құралдарымен жарақталған көпір түріндегі жүккөтергіш крандар үшін дайындау бойынша нұсқаулық талаптарын сақтайды.

59. Жартылай вагондарды тиеу мен түсіру кезінде, жүкті бірнеше кранмен тасымалдау кезінде, жүктерді астында жүктерді тасымалдау кезінде адамдар болуы мүмкін өндірістік және қызметтік үй-жайлар орналасқан жабын астында тасымалдау кезінде, жүкті ілгеу схемасы өңделмеген жүктерді тасымалдау кезінде, жұмысты ұйымдастыру жобасымен немесе технологиялық регламенттермен көзделген басқа жағдайларда краншы жұмысты тек тікелей крандармен қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлға басшылығымен жүргізеді.

5. Краншының авариялық жағдайдағы әрекеті

60. Кранда авария немесе қайғылы оқиға туындауы мүмкін (металл құрылымдарда сызат, арқанның зақымдалуы, дөңгелек өзектері мен басқа да элементтердің сынуы, механизмдердің, тежегіштердің, электр жабдықтардың және т.б. ақаулығы) қауіпті факторлар туындаған кезде, механизмдерде жарық, соғылу, ұрылу, дүрсіл пайда болған кезде краншы тез арада жүкті тасымалдауды тоқтатады, ескерту дыбыстық сигналын береді, жүкті жерге (еденге, алаңға) түсіреді және авариялық жағдайдың себебін анықтайды.

61. Егер кран элементтері кернеумен болса, краншы технологиялық регламентте көзделген жеке қауіпсіздік шараларын ұстанады.

62. Кранда өрт туындаған кезде краншы жұмысты шұғыл тоқтатады, қоректендіру көзінің ажыратқышын ажыратады, өртке қарсы қызметті шақырады және кранда бар өрт сөндіру құралдарын пайдаланумен өртті сөндіруге кіріседі.

63. Табиғи қайғылы оқиға (дауыл, жер сілкініс және т.б.) туындаған кезде краншы жұмысты тоқтатады, жүкті жерге, алаңға немесе жабынға түсіреді, краннан шығып қауіпсіз орынға кетеді.

64. Кранды жел айдап алып кеткен кезде оны кранды пайдалану бойынша нұсқаулықта айтылған көрсеткіштерге (іске қосуға қарсыны пайдалану және басқалар) сәйкес тоқтату бойынша шаралар қабылдайды, электр қоректенуді ажыратады, краннан шығады және оны барлық айдап алып кетуге қарсы құралдармен, сонымен қатар арнайы башмактарды пайдаланумен бекітеді.

65. Жабын немесе ғимарат қабырғалары, кран жолдарының немесе көпірлі крандардың кран асты арқалықтарының бұзылу қатері туындаған кезде краншы жұмысты шұғыл тоқтатады, кранды тоқтатып, токсыздандырады және қауіпті аймақ шегінен кетеді.

66. Басқа авариялық жағдайлар туындаған кезде краншы кранды пайдалану бойынша нұсқаулықта айтылған қауіпсіздік талаптарын орындайды.

67. Егер кранның жұмысы кезінде авария немесе қайғылы оқиға болса, краншы кранның қауіпсіз жұмыс өндірісін бақылаушы тұлғаны дереу хабардар етеді және егер бұл адамдар өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін болса, авария немесе қайғылы оқиға жағдайының сақталуын қамтамасыз етеді.

68. Барлық авариялық жағдай туралы краншы вахталық журналда жазба жүргізеді және жүккөтергіш машиналарды ақаусыз қалыпта ұстауды бақылаушы тұлғаны хабардар етеді.

6. Кран жұмысын аяқтау бойынша краншы әрекеті

69. Жұмыс аяқталған соң краншы:

1) ілмекті немесе алынбалы жүкқарпығыш жабдықты жүктен босатады;

2) кранды қондыру алаңына немесе оны қоюға арналған орынға қояды;

3) ілмекті жоғары қалыпқа көтереді, ал көтеру электр магнитін, грейферді немесе басқа жүкқарпығыш органды жерге (еденге, алаңға) осыған бөлінген орынға түсіреді;

4) штурвалдар мен барлық контроллерлер мен командоконтроллерлердің тұтқаларын нөлдік қалыпқа ауыстырады, негізгі ажыратқышты ажыратады және кілт-таңбаны көпірлі крандардың қорғаныс панелінен суырып алады;

5) ашық ауада жұмыс істейтін кран кабинасын құлыпқа жабады;

6) ашық ауада жұмыс істейтін кранды желмен айда алып кетудің алдын алу үшін барлық құрылғылармен бекітеді;

7) вахталық журналға кранның түйіндері мен элементтерінің анықталған ақаулары мен қателіктері туралы мәліметті жазады және бұл туралы кранды ақаусыз жағдайда ұстауды бақылаушы тұлғаға хабарлайды.

70. Арқанның бірнеше ауысымда жұмысы кезінде ауысымды тапсырушы краншы өзінің ауысымшысына кранның барлық ақаулары туралы хабарлайды және вахталық журналда сәйкес жазба жасайды.

7. Кранды техникалық күту

71. Кранды техникалық күту кезінде краншы кранды пайдалану бойынша нұсқаулықта айтылған талаптарды орындайды, сонымен қатар:

1) кран механизмдері мен жабдықтарын тазалықта және ақаусыз ұстайды;

2) кранның барлық механизмдері мен арқандарын уақытылы майлауды жүргізеді;

3) майлау және сүрту материалдарын жабық металл ыдыста сақтайды, краннан пайдаланылған сүрту материалдарын алып тастайды;

4) кранда құралдарды, арнайы киімді және басқа заттарды қалдырмайды;

5) кран кабинасын (жұмыс орнын) тазалықта ұстайды.

72. Егер кранға техникалық тазалау жүргізген кезде ақаулар табылған болса, краншы бұл туралы кранды ақаусыз жағдайда ұстауды бақылаушы тұлғаға хабарлайды және вахталық журналда сәйкес жазба жүргізеді.

73. Техникалық тазалау жүргізу уақытында кран токсыздандырылады, ажыратқыш ажыратылады және құлыпқа жабылады.

________________________


Похожие:

Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconКөпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша
Жүк ілгеушінің ұсынылатын формасы желетке мен каска – сары түс, көйлек – көгілдір, байлағыш – қызыл
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconӨнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе
Осы әдістемелік ұсыным «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconГазды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
Газды тазарту қондырғысы өнеркәсіптік көзден келіп түсетін газды бөлуге немесе ауаны ластайтын заттарды зиянсыз түрге айналдыруға...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconАуыл шаруашылығы іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар
Ауыл шаруашылығындағы іріктеме дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар бас жиынтық сипаттамасының негізгі аспектілерін және талдаудың...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconКәсіпорындар іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар Астана, 2011 жыл Кіріспе
Кәсіпорындар іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар бас жиынтық сипаттамасын, іріктеме сапасының сипаттамасы мен талданатын...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconБұрғылау сорғылар мен олардың орауларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
Бұрғылау қондырғысы бақылау-өлшеу аспаптарымен, манометрлермен, салмақ индикаторымен, амперметрмен, вольтметрмен және басқалармен...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconГазлифті пайдалану кезінде жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Мұнай өндірудің газлифтік тәсілі орташа дебитті және табиғи газ көзі болған кезде жоғары дебитті ұңғымаларда басым болады
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconҰңғыма колоннасына қоршаулы құбырларды түсіру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Жүктерді көтеру көліктік жабдықтар (жүк көтергіш механизмдер) көмегімен көтеру мен тасымалдау бойынша жұмыстарды орындау кезінде...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconҚаржы шотын құру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдістеме және статистикалық...
Көпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница