«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей




Название«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей
страница1/3
Дата конвертации22.12.2012
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина»
І деңгей

?

Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі шаруалардың қатты қарсылығын туғызды. 1929-1931 жылдары қарулы қарсылықтар болды.

1929-1931 ж.ж. Қазақстанда көтерілістер мен толқуларға қатысты деп қанша адам айыпталды?

A. 5,5 мыңнан астам

B. 10 мыңнан астам

C. 4 мыңға жуық

D. 3 мыңға жуық

E. 20 мың адам.

?

1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды. 1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам қайтыс болды. 1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы өлгендер мен шетелге көшіп кеткендер 769 мыңнан асты. Ұжымдастыру салдарынан, аштықтан және соған байланысты эпидемиядан және өлімнің көбеюімен қазақ халқы қанша адамын жоғалтты?

A. 5,5 млн. астам адамын

B. 0 млн. астам адамын

C. 1,75 млн. астам адамын

D. 3 млн. жуық адамын

E. млн. адамын.

?

Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялаған нешінші съезд?

A. партияның XII съезі

B. партияның XV съезі

C. партияның XIV съезі

D. партияның XIII съезі

E. партияның XI съезі.

?

1929-1931 жылдары Қазақстанда болған күштеп ұжымдастыруға қарсы көтеріліс саны қанша?

A. 372

B. 410

C. 234

D. 287

E. 400.

?

1929-1931 жылдары көтерілістерге қанша адам қатысты?

A. 120 мыңға жуық адам

B. 80 мыңға жуық адам

C. 60 мыңға жуық адам

D. 100 мыңға жуық адам

E. 40 мыңға жуық адам.

?

Қазақ халқына ұжымдастыруға дейінгі санына жетуі үшін қанша жыл қажет болды?

A. 40 жыл

B. 20 жыл

C. 70 жыл

D. 10 жыл

E. 50 жыл.

?

1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2%-ы ұжымдастырылған болса, 1931 жылдың қазан айына қарай 65%-дайы ұжымдастырылды. Азықпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты, 1929 жылы ауыл шаруашылығы «әскери коммунизм» кезіндегі төтенше әрекет сипаты берілді. 1928-1932 жылдар ішінде Қазақстанда мүйізді ірі қара мал қаншаға қысқарды?

A. 6,5 млн.965 мыңға дейін

B. 4,3 млн.3,5 млн дейін

C. 10 млн 4 млн дейін

D. 5,2 млн.1,7 млн дейін

E. 10 млн.3 млн дейін.

?

1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында барлық малдың 80%-ы мемлекетке етке өткізілсе, 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғайлық асыра сілтеушілер: «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастап, онда млн-ға жуық малдың не бары 98 мыңы қалды.

1928 жылдан 1932 жылдар ішінде Қазақстанның жалпы мал басы қаншаға қысқарды?

A. 6,5 млн.965 мыңға дейін

B. 40,5 млн.4,5 млн дейін

C. 10 млн. 4 млн дейін

D. 5,2 млн 1,7 млн дейін

E. 10 млн. 3 млн дейін.

?

Андронов мәдениеті – Еуразиядағы ірі мәдениеттің бірі. Ескерткіштері Оралдан Енесей өзеніне дейінгі аралықта жатыр. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші Сібірдегі Ашынас (Ачинск) қаласының жанындағы Андроново селосының жанынан табылды. Андрондықтар қандай нәсілдік типке жатады?

A. тұрандықтар

B. монголоид

C. негроид

D. еуропеоид

E. арийліктер.

?

Б.д.д. ІІІ ғ. сақ тайпаларының орнына үйсіндер келді. Тиграхауда сақтарының мұрагеру танылған үйсіндер ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Олар Қазақстанда қай жерлерді мекендеді?

A. Сырдария өзенінің аңғары

B. Орталық Қазақстанда

C. Солтүстік Қазақстанда

D. Маңғыстауда

E. Жетісуда.

?

Ұлы қоныс аудару – ғұндар атымен байланысты. Еуразия халқын қозғалысқа келтірген, ұлы көшке әкеп соқтырған бұл үдеріс, талай ұлттар мен халықтар тариыхында маңызды рөл атқарады. Ғұндар бастаған «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» қашан болып өтті?

A. б.д. І мың-ІІ мың

B. б.д.д. 47 ж.

C. б.д. II-V ғғ.

D. б.д.д. І ғ.

E. 552 ж.

?

Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінген. Оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Солтүстік ғұндар Чжи-чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды. Ғұндар Қазақстан территориясына қашан енді?

A. б.д.д. ІІІ ғ. ІІ жартысында

B. б.д.д. ІІ-І ғғ.

C. б.д.д. І ғ.

D. б.д.д. ІІ ғ. ІІ жартысында

E. б.д. II-V ғғ.

?

Есік обасы – Алматыдан 50 шақырымдай жерде. Қорымнан 4000-нан аса алтын, күміс түймешелер табылды. 17-18 жасар сақ жауынгері «Алтын адам» табылды. Ол тиграхауда сақтарына жатады. Археологтар тапқан «Алтын адам» қай ғасырға жатады?

A. б.д.д. VII ғ.

B. б.д.д. II ғ.

C. б.д.д.V-IV ғғ.

D. б.д.д. I ғ.

E. б.д.д.III ғ.

?

Үйсіндермен қатар Қазақстан территориясын қаңлылар мекен етті. Б.д.д. І мың жылдығында өмір сүріп күшті, дамыған қаңлылардың алып бірлестіктері Қазақстанда орналасты:

A. Жетісу

B. Оңтүстік Қазақстан

C. Маңғыстау

D. Шығыс Қазақстан

E. Орталық Қазақстан.

?

Қазақстан территориясында алғашқы тайпалық одақтар темір дәуірінде пайда болды. Түрлі дәрежеде дамыған бұл мемлекеттер, Қазақстан территориясын түгелдей дерлік қамтыды. Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалар одақтары жалпы қалай аталды?

A. ғұндар

B. үйсіндер

C. қаңлылар

D. сақтар

E. түріктер.

?

Сақтар парсылармен соғысып ерлік көрсетті. Томирис парсы патшасы Кирді жеңген. Б.з.б. 519ж. І Дарий сақтарға қарсы жорық жасап, өзіне бағындырды. Бірақ тек парсы билеушілерімен соғыспен шектеліп қалмаған сақтар, түрлі саяси қақтығыстардың куәсі болды. Жиһангер Александр Македонский сақтармен қашан соғысты?

A. б.д.д. VII ғғ.

B. б.д.д. VI ғғ.

C. б.д.д. IV ғғ.

D. б.д.д. I ғғ.

E. б.д.д. II ғғ.

?

Сақтарда патша билігі әкеден балаға мұра болып көшті. Ел билеу ісінде әйелдер де ерлермен құқығы тең болды. Сақтар қоғамы қандай үш топқа бөлінді?

A. көсемдер, бектер, қауымдағылар

B. жауынгерлер, абыздар, қауымдағылар

C. патшалар, әмірлер, қауымдағылар

D. көсемдер, шаруалар, қауымдағылар

E. патшалар, абыздар, қауымдағылар.

{Деңгейі} = 1

{Оқулық} = (Қазақстан тарихы. (көне заманнан бүгінге дейін). 4 томдық. І том. – Алматы: Атамұра, 1996, 225 бет)

{Пән} = Қазақстан тарихы

{Курсы} = 1
?

Қазақстан территориясын мекендеген алғашқы адамдарда өнер тас дәуірінен қалыптасты. Құралдармен бірге, қолөнері де дамып отырды. Қола дәуірінде андрон мәдениеті өзіндік орын қалдырса, сақтарда бұл дәстүр әрі қарай жалғасын тапты. Сақ қорғандарынан табылған бұйымдардағы кездесетін бұйымдар қандай стильде жасалды?

A. соғды стилі

B. геометриялық стиль

C. гүлдік стиль

D. аңдық стиль

E. парсы стилі.

{Деңгейі} = 1

{Оқулық} = (Қазақстан тарихы. (көне заманнан бүгінге дейін). 4 томдық. І том. – Алматы: Атамұра, 1996, 220 бет)

{Пән} = Қазақстан тарихы

{Курсы} = 1

?

Аргиппейлер Сарыарқаның солтүстік батысын, аримаспылар – шығысын мекендеген. Ал исседон сақтары Қазақстанның қай жерлерін мекендеді?

A. Батыс Қазақстанды

B. Жетісуді

C. Орталық Қазақстанды

D. Оңтүстік Қазақстанды

E. Амудария мен Сырдария аралығын.

{Деңгейі} = 1

{Оқулық} = (Қазақстан тарихы. (көне заманнан бүгінге дейін). 4 томдық. І том. – Алматы: Атамұра, 1996, 196 бет)

{Пән} = Қазақстан тарихы

{Курсы} = 1

?

«Алтын Адам» жерленген Есік қорғаны қай ғасырға жатады?

A. б.д.д. VІІ ғ.

B. б.д.д. VІ ғ.

C. б.д.д. V ғ.

D. б.д.д. ІV ғ.

E. б.д. V ғ.

?

Ұлы Жібек жолындағы негізгі тауар – Жібек матасы болды. Батыс пен Шығысты байланыстырып жатуынан маңызға ие болған. Жібек жолы Қытайдағы Хуанхэ өзені аңғарынан басталады. Ертеректе бұл сауда сілемдері, Дала жолынан бастау алды. Монғолия мен Қытайға қарай Қара теңізден басталатын Дала жолы қашан пайда болды?

A. б.д.д. І-мыңжылдықтың ортасы

B. б.д.д. І-мыңжылдықтың аяғы

C. б.д.д. ІІ-мыңжылдықтың басы

D. V ғ.

E. б.д.д. VІІ ғ.

?

451 жылы Каталаун түбінде римдіктер мен франктердің біріккен күшімен шайқасқан. Ғұндардың жеңу себептері әскери техникалық басымдылығында болды. Атты әскер - әскердің негізгі құрамы болған. Ғұндар жорығы – Рим империясының құлауына, орта ғасырлардың басталуына әкелді. Ғұндардың Еуропа елдеріне жорығын кім басқарды?

A. Мөде

B. Аттила

C. Тумын.

D. Чжи-чжи

E. Скунх.

?

Ежелгі қалалар, елді мекендерді қазғанда археологтар жиі табатын қандай материал?

A. тас диірмендер

B. қола жебе ұштары

C. әсемдік бұйымдар

D. қыш ыдыс-аяқтар

E. қару жарақтар.

?

Қалалардың көптігімен темір дәуірінде болған мемлекеттер арасында ерекшеленеді. Мардан Күйік, Қостөбе елді мекендері темір дәуірінің қала мәдениетінің өкілдеріне жатады. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттердің арасында зәулім сарайлар салу қай мемлектке тән болды?

A. үйсіндерде

B. қаңлыларда

C. ғұндарда

D. Бактрияда

E. Ферғанада.

?

Темір дәуірінде сақтардың өзіндік аңызы қалыптасты. Аңдық стильінде де аңызды сипаттай білген сақтар, қазақ қолөнерінің тарихында өзіндік ізін қалдырды. Сақтар аңыздарында аттың бейнесі байланыстырылады:

A. күн бейнесімен

B. аспан бейнесі

C. жердің бейнесімен

D. құс бейнесімен

E. дүние жүзінің бейнесімен.

?

Ғұндар Еуропада қашан пайда болды?

A. б.д.д. ІV ғ.

B. б.д. ІV ғ.

C. б.д.д. V ғ.

D. б.д.ІІІ ғ.

E. б.д.д. ІІІ ғ.

?

Ғұндар – көшпелі париархалды ел. Ежелгі түрік тілінде сөйледі. Ғұндар өнерінде полихромдық стиль дамыды. Ғұндар өмірінде басты рөл атқарған қай шаруашылық?

A. жер өңдеушілік

B. мал шаруашылығы

C. жаулап алу жорықтары

D. қолөнер

E. аңшылық.

?

Ортағасырлар Қазақстан тарихында 13 ғасырдай уақытты алып жатыр. Үш кезеңге бөліне отырып, алғашқы ортағасырлық мемлекеттердің құрылуынан, Қазақстанның Ресейге қосылуы аралығын қамтиды. VІ - Х ғғ. Қазақстандағы мемлекет түрі қандай?

A. орталықтанған дамушы

B. дамушылық

C. ерте феодалдық

D. рулық-тайпалық

E. алғашқы қауымдық.

?

Территориясы Алтайдан Каспийге дейігі алғашқы ертефеодалдық мемлекет Түрік қағанаты. «Түрік» атауы алғаш рет Қытай деректерінде кездеседі. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» атауы шыққан. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Өте күшті түрік қағанатының құрамына Қазақстан жері қашан енді?

A. ІІІ-ғасырда

B. ІV ғасыр

C. І-ғасыр

D. VІ ғасыр

E. V-ғасыр.

?

603 ж. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарға бөліну процесі аяқталды. Астанасы –Суяб. Жазғы ордасы – Мыңбұлақ (Жамбыл облысында). Батыс Түрік қағанатының сауда саттық және қолөнер орталығы болған ірі қаланы атаңыз:

A. Ташкент

B. Мерке

C. Құлан

D. Тараз

E. Сығанақ.

?

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан түркі қалалары сауданың негізгі орталықтары болды. Теңгелер шығарып, айырбас саудасын жүргізіп, Қазақстанның оңтүстік аймақтарын жан-жақты қамтамасыз етіп отырды. Түріктер сауда-саттық байланыстарын қай мемлекетпен жүргізді?

A. Ресеймен

B. Қытаймен

C. Ауғаныстанмен

D. Византиямен

E. Мысырмен.

?

Қағанат тайпалық құрамын бес тайпа дулу мен бес тайпа нушебилер құрады. Қытай деректерінде дулулар дулаттар атауымен аталады. Деректерде қағанат «он тайпа» он-оқ бұдун атымен кездесті. Бұдун – халық деген мағына. Батыс Түрік қағанатында жоғарғы үкімет басшысы мен әскери қолбасшысы қалай аталды?

A. сюбашы

B. жабғу

C. елтебер

D. қаған

E. хан.

?

640-657жж ішкі соғыс, қағанатты әлсіретті. 659 ж Қытай мемлекеті Жетісуды басып алды. Батыс Түрік қағанатының құлауына себеп болған Қытай шапқыншылығы. Батыс Түрік қағанаты қашан ыдырады?

A. VІ ғ.басы

B. VІ ғ. аяғы

C. VІІІ ғ.басы

D. VІІІ ғ.ортасы

E. ІХ ғ. басы.

?

Түрік қағанатының негізгі шаруашылығының түрі қандай?

A. көшпелі мал шаруашылығы

B. жер өңдеу

C. натуралды шаруашылық

D. жартылай отырықшы жер өңдеу

E. қолөнер мен сауда.

?

Билік мұрагерлікпен берілді. Сот істерін – бұрықтар, тархандар атқарды. Селиф – салық жинаушылар. Қағанның туысқандары – ябғу, шад, елтебер титулдарына ие болды. Бек – жергілікті жердегі қағанның тірегі. Батыс Түрік қағанатының негізгі тұрғындарын кімдер құрады?

A. тархандар

B. елтеберлер

C. төленгіттер

D. қара бұдындар

E. тұдындар.

?

Ол 715-738жж Түркеш қағанатын басқарып күшейтті. Батылдығы үшін арабтар оны «сүзеген» деп атаған. 737 жылы арабтарды ойсырата жеңген. Бірақ қайтар жолда Навакет қаласында әскербасы Баға тарханның қолынан қаза табады. Соныман Түргештер қағанатының астанасын Суябтан Таразға көшірген қай қаған?

A. Сұлу

B. Мұқан

C. Бумын

D. Үш-елік

E. Сақал.

?

Түріктер қашан Жерорта теңізі елдеріне апаратын Ұлы Жібек жолы тармағының иесіне айналды?

A. Аварларды жеңгеннен кейін

B. Шығыс Түркістанды қосып алғаннан кейін

C. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін

D. Қидандардың Манчжурияны бағындырғаннан кейін

E. Енисей қырғыздарын бағындырғаннан кейін.

?

Ұлы Жібек жолы қай уақытқа дейін пайдаланылған?

A. XVII-XVIII ғғ.

B. III –V ғғ.

C. VI-VII ғғ.

D. IX –X ғғ.

E. XIV-XV ғғ.

?

Сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Сөз жүзінде жарияланған бостандық іс жүзінде жүзеге аспады. Дегенмен, саяси статусын қалпына келтіргендей болған, Қазақ АКСР-н одақтас республика етіп қайта құруды бекіткен конституция қашан қабылданды?

A. 5-желтоқсан 1937 ж.

B. 5-желтоқсан 1935 ж.

C. 5-желтоқсан 1936 ж.

D. 5-желтоқсан 1934 ж.

E. 5-желтоқсан 1938 ж.

?

Қытайдың Батыс пен Шығысты байланыстырған үлкен күре тамырлы сауда жолы, өз тарихын ертеден алады. Қашан Ұлы Жібек жолы дипломатиялық және сауда жолы ретінде қызмет ете бастады?

A. б.з.д. X-IX ғғ.

B. б.з.д. ІІ ғ. ортасында- б.з.д. VI-VII ғғ.

C. б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында

D. б.з.д. ІІ ғ. аяғында.

E. б.з.д V ғ.

?

Ортағасырлық сауда, отырықшылық, қолөнер мен архитектура, жалпы отырықшылық мәдениет Қазақстан дамуында ілгерінді рөл атқарды. Талай шетелдік зерттеушілер, саяхатшылар мен елшілерді таң қалдырып, дерек қалдыруға мәжбүр етті. VI-VII ғғ. Қазақстанның экономика мен мәдениет орталығы болған қай аймақ?

A. Солтүстік Қазақстан

B. Жетісу және Оңтүстік Қазақстан

C. Маңғыстау және Батыс Қазақстан

D. Қашқария және Шығыс Қазақстан

E. Сары-Арқа.

?

6-9ғ.ғ. Қазақстанда қала мәдениеті дамыған. М.Қашғари Испиджабтың тағы бір атауы Сайрам деп атап өткен. Қала халқының санының артуы көшпелілердің кедейленіп отырықшылануынан. Қала құрылыс жүйесі 3 бөліктен тұрады. Ежелгі қаланың экономикалық орталығы қалай аталды?

A. рабад

B. базар

C. шахристан

D. қыстақ

E. цитадель.

?

Қалалар көлемі, экономикалық жағынан 3 топқа бөлінеді. 1 топ – 30 гектардан асатын қала жұрттары. 2 топ – 10 гектардан 30 гектарға дейін. 3 топ – 10 гектарға жетпейтін қалалар. Ең көбі 3 топ. 10-12ғғ қалалар Орталық және Шығыс Қазақстанда да пайда болды. Мысалы: Ұлытау өңіріндегі – Басқамыр, Аяққамыр; Кеңгір өзені бойындағы – Сарайлы, Торайлы қалалары.

IX-XII ғғ. Жетісудың ірі саяси, экономикалық және мәдени орталығы болған қай қала?

A. Тараз

B. Отырар

C. Жанкент

D. Сығанақ

E. Пенчул.

?

Отырар қаласынан екі шығыс моншасының орны табылды. Мұндай моншалар Тараз, Йасы қалаларынан да табылды. 10-13ғғ қалалардағы өзгеріс рабадтың қалыптасуы есебінен қала көлемінің ұлғаюы. 11-12ғғ тұрғын үйлер құрылымында өзгерістер пайда болды. Құйрықтөбе қаласын қазғанда қатар ажасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты – қоржын үйлер табылды. Ал ІХ ғасырда ақша сарайлары қай қалаларда болған?

A. Тараз, Испиджаб

B. Отырар, Құлан

C. Жанкент, Мерке

D. Сығанақ, Шаш

E. Пенчул, Құлан.

?

Ерте орта-ғасырлардағы атақты туындылар «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны, эпосы. Ерлікті, бірлікті уағыздайтын шығармалар сол уақыттағы тарихи, саяси оқиғаларды айна-бүкпесіз ұсынып отырды. Қазіргі заманда сол кезең бойынша негізгі ғылыми еңбектердің бірі болып табылатын «Ежелгі түріктер» кітабының авторы кім?

A. Н. Рычков

B. Е. Бекмаханов

C. Л. Гумилев

D. Ш. Уәлиханов

E. А. Байтұрсынов.

?

Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінін таратушылар арабтар. 10-11ғғ қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды рөл атқарды. Әл Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың 10 ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын айтады. Қазақстанда ислам діні қашан тарала бастады?

A. XV ғғ.

B. III –V ғғ.

C. VI –VII ғғ.

D. VIII ғғ.

E. X ғ.

?

Түрік тілінде сөйлеген тайпалар – Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін мекендеген. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Әліпби ру тайпалар таңбалары негізінде жасалған. Түрік жазуы – руна жазуы деп те аталады. Түрік жазуының ірі ескерткіші «Орхон-Енисей» жазбаларын алғаш оқыған кім?

A. Н.Рычков

B. Е.Бекмаханов

C. В.Томсен

D. В.Вильяминов-Зернов

E. В.Маковецкий.

?

Отырар қаласында туып өсіп, қыпшақ тілінде білім алған. Шығармаларын араб тілінде жазған, философ, музыкант, математик. Ірі зерттеулерінің бірі «Философия және математикалық трактаттар» кітабы. Ортағасырлық зерттеушіні атаңыз:

A. Әл-Якуби

B. Әл-Фараби

C. Әл-Бируни

D. Низами

E. М. Қашқари.

?

Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын, түркі тілін зерттеген. «Диуани-лұғат-ат-түрік» еңбегінің авторы кім?

A. Әл-Якуби

B. Әл-Фараби

C. Әл-Бируни

D. Низами

E. М.Қашқари.

?

Сайрам қаласында туған. Сопылық ілімнің насихатшысына айналған. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. «Диуани хикмет» кітабының авторы кім?

A. Әл-Якуби

B. Әл-Фараби

C. Әл-Бируни

D. Ахмет Иассауи

E. М.Қашқари.

?

Самани әулетімен соғысты. Арабтарға қарсы қарлұқтар 200 жылдай соғысты. Арабтарға қарсы Білге Күл Қадыр ханның балалары Арслан мен Оғұлшақ күрес жүргізді. Үздіксіз жүргізілген соғыстан Қарлұқ мемлекеті әлсіреді. Соңғы кезеңдерде Қарлұқ мемлекеті не себепті ыдырады?

A. Қытаймен соғыс нәтижесінде

B. Арабтардың жаулап алуы нәтижесінде

C. Қашғар тайпаларының жаулап алуы нәтижесінде

D. Ұйғыр қағанатының құлауы нәтижесінде

E. Енисей қырғыздарының жаулап алуына байланысты.

?

Оғыздар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты. Әл Бируни күз айларында оғыздар Хорезм шекарасында көшеді деп жазған. Ибн Хаукәл Түркістан аймағындағы оғыздар елтірі беретін қойларды көп өсіреді деген. Әл Идриси оғыздар мен қимақтар туралы: «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп жазады. ІХ-ХІ ғғ. Сонымен бірге оғыздарда өзіндік қала мәдениеті де дамыды. Оғыз мемлекетінің қалаларын белгілеңіз:

A. Ферғана, Құлан, Тузун

B. Талғар, Тараз, Шаш, Суяб

C. Балиг, Тонг, Пенчуль

D. Жент, Сауран, Фараб, Сығанақ

E. Атлах, Барсхан, Мерке.

?

7ғ бұл тайпалар Жетісуды мекендеді. Жетісудан ығысуына Қарлұқ қағанатының құрылуы себеп болды. Сырдария бойында қанғар-печенегтерді ығыстыра отырып өз мемлекетінің негізін қалады. ІХ-Х ғғ. Сырдарияның орта және төменгі ағыстарын және Батыс Қазақстан далаларын қай мемлекет алып жатты?

A. қарлұқтар

B. оғыздар

C. қыпшақтар

D. қимақтар

E. қарақытайлар.

?

Түрік қағанатының билеушілері қай әулеттен тағайындалған?

A. ашина

B. дулу

C. шығыл және яғма

D. керей

E. найман.

?

Қарахандар мемлекеті Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігін алып жатты. Саяси-әкімшілік орталықты Орда деп атаған. Мемлекет негізі үлесті жүйеде қаланды. Шығыс және Батыс хандық болып бөлінді. Шығыс хандық – Жетісу мен Шығыс Түркістанды алып жатты. Орталығы – Орда, кейін Қашғар. Батыс хандық – Мәуереннахрды биледі. Орталығы – Үзкент, кейін Самарқан. Қарахан мемлекеті қалаларының дамуына не әсер етті?

A. көшпелі мал шаруашылығы

B. қолөнердің дамуы

C. транзиттік сауда

D. отырықшы жер өңдеу

E. зергерлер шеберлігі.

?

Қыпшақтардың қоғамдық құрылымы Қимақ қағанатына ұқсас. Құлдар болды. М.Қашғари қыпшақ тілінде құлдарды «яланкуг» деп атайды деген. Мүлік теңсіздігі археологиялық зерттеу нәтижесінде зираттардан байқалады. Жер иеленуде де теңсіздік болды. Қыпшақ хандығында отырықшы тұрғындардың қатарына өткен еркін қауым мүшесі қалай аталды?

A. шаруа

B. қарабодандар

C. жатақ

D. тархан

E. басқақ.

?

Қыпшақ қоғамындағы құлдардың құрамын толықтыру көзі қандай?

A. құл базарынан сатып алу

B. руластарының тоналуы

C. әскери тұтқындар

D. бір әлеуметтік топтан екінші топқа өту

E. міндеткерлік борыш.

?

ХІ ғ. – 1219 ж. кезеңіндегі Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы барлық түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан қайсы ең көп тайпа болды?

A. керейлер

B. түргештер

C. қидандар

D. моңғолдар

?

Қимақтар 10ғ басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Шығыс Түркістандағы Жамкелес қаласын басып алған. 10ғ екінші жартысында қимақтар жеріне Қарахандар шабуыл жасай бастады. 11ғ басында жиілей түскен. Қазақстанда Қимақтар мемлекеті қашан өмір сүрді?

A. XV ғ.

B. III – V ғғ.

C. VI-VII ғғ.

D. ІX- XІ ғғ.

E. X ғ.

?

1924 жылы «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүмкіндік негізінде жұмыс жүргізді. 1931 жылғы желтоқсанда республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді. 1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Мектеп құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын кеміту мен үш жылдық және төртжылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада арнаулы мектептер ашылды. 1931-1932 жылдары Оралда және Қызылордада педагогикалық институттар ашылды. 1929-1931 жылдары Алматыда зоотехникалық-малдәрігерлік, ауыл шаруашылығы жөне медициналық жоғары оқу орындары ашылды. Ал Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны қанша?

A. 10

B. 20

C. 30

D. 40

E. 50.

?

Алтын Ордада билік мұрагерлікпен берілді. Ислам діні қабыданғаннан кейін іс жүргізу жұмыстары түрік жазуымен жүргізілді. Білікшілер (хатшылар) – іс қағаздарды жүргізушілер болды. Алтын Ордада беклербек қандай мәселелерді шешті?

A. шаруашылық

B. елшілік

C. финанстық

D. мәдени

E. сауда-саттық.

?

Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған. Оның құрылуы туралы аңыз «Шыңғыснама» шежіресінде жазылған. Бату тұсында территориясы Алтайдан Дунайға дейінгі жерді қамтыды. Алтын Орда деген ұғым 16ғ-да орыс деректерінде пайда болды. Шыңғысханның шапқыншылығы нәтижесінде құрылған Алтын Орданың барынша күшейген кезінде қай хандар басқарды?

A. Бату және Берке

B. Бердібек және Шәйдібек

C. Өзбек және Жәнібек

D. Мамай және Темірлан

E. Тоқтамыс және Орыс.

?

14-15ғғ әдеби туындылар ауызша – фольклор түрінде дамыды. «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы» - Ғарыш пен Жердің немесе Күн мен Айдың, жұлдыздың қайдан шыққандығы туралы аңыздар. Алтын Орданың негізгі халқы қай тілде сөйлеген?

A. шағатай

B. қыпшақ

C. қазақ

D. парсы

E. моңғол.

?

Қазақстан жері Шыңғысханның 3 баласының қол астына қарады. Ұлыс – бөліп берілген жер. Шағатай ұлысы. Шағатай – екінші баласы. Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстан (Жетісу) және Орта Азия. Ұлыстың орталығы – Алмалық. Үгедей ұлысы. 3-ші баласы. Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысындағы жерлер енді. Төле – кіші баласы, Монғолияның өзін билеген. Жошы ұлысы қай территорияларды алып жатты?

A. Солтүстік-шығыс Қазақстан

B. Орталық Моңғолия

C. Орталық Қазақстан

D. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан

E. Жетісу және Мауеренахр.

?

1359-1379 жж. Алтын Орда тарихында қалай аталады?

A. Ең гүлденген кезең

B. Ақсақ Темірмен соғыс кезеңі

C. Мұсылмандыққа кіру кезеңі

D. Жаңа күшею кезеңі

E. “Ұлы дүрбелең” кезеңі.

?

Сарыарқа өңірі тиесілі болған Шыңғысханның ұлы:

A. Шағатай

B. Батый

C. Жошы

D. Төле

E. Үгедей.

?

Берке (1237-1266жж) тұсында саяси-экономикалық жағынан күшейді. Египет сұлтаны Бейбарыспен қарым-қатынас күшейді. Моғолиядан тәуелсіздігін алды. Мұсылман дінін қабылдаған. 1266 жылы Кавказға жорықта қаза тапқан. Меңгу-Темір (1266-1280жж) – Беркенің мұрагері. 1271 жылы Византияға қарсы жорыққа шығып, соғыссыз бағындырған. Тохты хан (1290-1312жж) – Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне үлес қосқан. Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған.

XIV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орданы айтарлықтай жетістікке жеткізген хан кім?

A. Бату

B. Өзбек

C. Жошы

D. Орыс

E. Ерзен.

?

Моңғол әскерлерінің Шығыс Еуропаға жорығын кім басқарды?

A. Төле

B. Үгедей

C. Бату

D. Жошы

E. Шағатай.

?

1206 жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген көшпелі шонжарлар құрылтайында Темүжінді хан сайлады. Торы «Жеңіс хан» болсын деп, сол кезден Шыңғыс хан атанған. 1206 жылы Монғол империясы құрылды. Осылай құрылған мемлекет, Еуразия материгінде үлкен өзгеріс әкелді. Моңғол шапқыншылығы жөнінде жазған ортағасырлық тарихшы кім?

A. Қашқари

B. Бируни

C. Әл-Фараби

D. Плано-Карпини

E. Әл-Идриси.

?

Шыңғыс хан басқа елдер туралы мәліметтерді саяхатшылар мен саудагерлерден алып отырды. 1217 жылы Жебе ноян Жетісуды жаулауға аттандырылды. Олар 1218 жылы Жетісуға енді. Моңғолдармен күрескен найман ханы кім?

A. Мөңке

B. Төле

C. Жүніс

D. Күшлік

E. Жамандық.

?

Моңғолдармен күрескен қыпшақ руынан шыққан Египет басшысы кім?

A. Темір

B. Қайыр

C. Хаммурапи

D. Бейбарыс

E. Ра.

?

Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерлеріне қарсы соғыста Алтын Орданың Мамай қолбасшылық еткен әскер жеңіліс тапты. Бұл жағдайды пайдаланған Тоқтамыс, Әмір Темірдің көмегімен Алтын Ордадағы билікті тартып алды. Тоқтамыс билігін нығайту мақсатында Мәскеуге басып кіріп, өртеп жібереді. Кейін Тоқтамыстың жасаған опасыздығы үшін Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап әлсіретті. XIV ғ. 30 жылдары Алтын Орда құлаған соң Еділ мен Днепр аралығы аумағында пайда болған мемлекет қалай аталды?

A. Көк Орда

B. Моғолстан

C. Ноғай Ордасы

D. Ақ Орда

E. Қырым хандығы.
?

Бұл мемлекет Ақ Орданың әлсіреуі барысында құрылды Қазақстанның солтүстік батысында құрылған. Орталығы Сарайшық қаласы: 10 ғасырда іргетасы қаланған. Гүлденген уақыты 13-14ғғ. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болды. Едіге негізін қалаған мемлекет қалай аталды?

A. Әбілқайыр хандығы

B. Сібір хандығы

C. Ноғай Ордасы

D. Моғолстан

E. Астрахань хандығы.

?

Түркістан автономиясының жақтасы, сталинизм мен кеңестік жүйені сынға алып бірнеше еңбектер жазған зор тұлға кім?

A. Міржақып Дулатов

B. Мұстафа Шоқай

C. Санжар Асфандияров

D. Сәкен Сейфуллин

E. Мағжан Жұмабаев.

?

14ғ соңында Әмір Темір Моғолстанға бірнеше жорықтар жасады. Қызыр-Қожа тимуриттерде вассалдылық бағыныштылықта болған. Тек Мұхамет билік құрған тұста тәуелсіздігін алды. 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, оның балалары Жүніс пен Есенбұға арасында таққа талас басталды. Нәтижесінде Есен-бұға хан тақ басына отырды. Есен-бұғадан кейін Жүніс хан таққа отырды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Түпкілікті Моғолстан мемлекеті қашан өмір сүруін тоқтатты?

A. XV ғасырдың ортасында

B. XІV ғасырдың басында

C. XV ғасырдың басында

D. XVІ ғасырдың басында

E. XІV ғасырдың ортасында.
  1   2   3

Похожие:

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей icon«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары І деңгей
...
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей icon«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары
Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей icon«Қазақстан тарихы» пәнінен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына арналған дайындық сұрақтары

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей iconҚорытынды тест сұрақтары Пән: Жалпы гигиена Мамандық: жалпы медицина Курс: үшінші

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей iconДүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары
ХҮіі ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей iconДүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары
ХҮіі ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей iconҚД 2217 «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» ПӘні «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша 3 курс студентеріне арналған тест сұРАҚтары
Салауатты өмірдің қолайсыз әсері (шылым шегу, ішімдікті пайдалану, балансерленген тамақтану)
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей iconҚазақстан тарихы тест сұрақтары

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей iconIm 2113 «Медицина тарихы» элективті пәні, 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, 2 курстың студенттері үшін тест тапсырмалары
«Медицина тарихы» элективті пәні, 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, 2 курстың студенттері үшін
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары «Жалпы медицина» І деңгей icon1 нұска Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары
Г берілген жауаптардың бәрі дұрыс Киім пішу және тігу технолиясы бөліміне арналған тест сұрақтары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница