Скачать 69.1 Kb.
|
Ф КГМУ 4/3-07/01ПП КГМУ 4/01ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Патологиялық физиология кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Антибластомды резистенттілік Мамандығы: 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс» Пән: Патологиялық физиология Курс: ІІ Құрастырушы: оқытушы Иманбаева Г.Н. Қарағанды 2011 Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген. № ____ хаттама ___ ________ 2011 ж. Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.
Негізгі:
Қосымша:
Сұрақтар:
Тесттік тапсырмалар: 1. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдерін ажаратады? А. антиканцерогендік Б. антиноцицептивтік В. антитіндік Г. трансформациялық Д. целлюлярлық 2. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдерін ажаратады? А. канцерогендік Б. антиноцицептивтік В. антитіндік Г. трансформациялық Д. антицеллюлярлық 3. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдерін ажаратады? А. канцерогендік Б. антиноцицептивтік В. антитіндік Г. антитрансформациялық Д. целлюлярлық 4. Антибластомдық резистенттіліктің антиканцерогендік механизміне не жатады? А. канцерогендерге қарсы антиденелер Б. ДНК репарациясы ферменттері В. ДНК ген-супрессорлары Г. макрофагтар Д. кейлондар 5. Антибластомдық резистенттіліктің антитрансформациялық механизміне не жатады? А. ДНК репарациясы ферменттері Б. киллерлер В. сенсибилизацияланған Т лимфоциттер Г. иммуноглобулин Д. ісіктер некрозы факторы 6. Антибластомдық резистенттіліктің антицеллюлярлық механизміне не жатады? А. канцерогендерге қарсы антиденелер Б. антиоксиданттық жүйе В. канцерогендердің инактивациялану реакциясы Г. апоптоз гендері Д. макрофагтар және олардан бөлінетін интерферондар 7. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдері ісіктік өсу жасушаларын тежеуге бағытталған? А. апоптоз гендері Б. супрессор гендер В. антиоксиданттық жүйе Г. өт құрамында канцерогендердің элиминациясы Д. NK-жасушалар 8. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдері қалыпты жасушалардың ісіктікке ауысуына кедергі жасайды? А. канцерогендерге қарсы антиденелер Б. антиоксиданттық жүйе В. онкогендік вирустарды жою Г. макрофагтар және интерферондар Д. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер 9. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдері канцерогендерге қарсы әсер етеді? А. ДНК репарациясы ферменттері Б. апоптоз гендері В. ісіктер некрозы факторы Г. киллерлер Д. онкогендік вирустарды жою 10. Антибластомдық резистенттілік механизміндегі NK киллерлердің рөлі қандай? А. ісіктік жасуша өсуін тежеу Б. сау жасушалардың ісіктікке ауысуына кедергі жасау В. канцерогендерге қарсы әсер ету Г. канцерогендік әсерге ие Д. ісіктік жасушалардың өсуін күшейту Жағдайлық есептер: №1. Асқазандағы карциномасын хирургиялық жолмен алып, химиотерапиялық ем жүргізгеннен кейін 7 ай өткенде науқаста сол жақ бұғана үсті аймағында лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы анықталған. Биопсияларды тексеру кезінде олардың бірінен рактық жасушалар және алынып тасталған ісік жасушаларына морфологиялық ұқсас жасушалар табылған.
№2. Тышқандардың тері астына химиялық қосылыстардың енгізілу кезектілігінің 3 нұсқасы берілген:
№3. 45 жасар әйел кісі хирург-мамологқа сол жақ сүт безінің ауырсынатынына шағымданып келген. Науқас мамандығы бойынша менеджер, соған байланысты стресстік жағдайларға көп ұшырайды. Сүт безінің УЗИ жасағанда – фиброзды-кистозды мастопатия анықталған. Дәрігер этиопатогенездік терапияға қосымша, науқасқа жеміс-жидектерді пайдалануды ұсынған.
№4. 30 жасар науқас дәрігер-эндокринологқа басының айналуына, тұншығу сезімінің болуына шағымданып келген. Тексерген кезде: қалқанша безі ұлғайған, оң жағында көлемі кептер жұмыртқасындай болатын, қозғалғыш, жұмысақ түзіліс анықталған. Дәрігер тироксинмен гормондық терапияға қосымша антиоксиданттарды қабылдауды ұсынған.
№5. Апитерапевтке қаралуға ер кісі жиі және ауырсынумен кіші дәретке баратынына, зәр қабында түйін барлығына шағымданып келген. УЗИ жасаған кезде зәр қабының алдынғы қабырғасында көлемі 0,2 мм – 0,3 мм болатын түзіліс анықталған. Апитерапевт науқасқа прополистің, жатыр сүтінің үлкен мөлшерін тағайындады және зәр қабы аймағына прополистің майлы ертіндісін жағуды ұсынды.
|