Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
страница1/12
Дата конвертации31.12.2012
Размер2.12 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" газетi 3, 5 ақпан 2010 ж., № 38-39, 40-42 (25885, 25888); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 5, 61-құжат


      «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3)тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N  842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызмет стандарттары бекiтiлсiн:
      1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
      2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
      3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу»;
      4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N  842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен     
бекiтiлген        

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N 842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызмет Астана қаласы, Орынбор көшесi 8-үй, 14-кiреберiс 227-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – Комитет), интернет-ресурсы: www.mсi.gov.kz, сондай-ақ «электронды үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметiнiң нысаны: толық автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шiлдедегi Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкiмет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mсi.gov.kz орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу түрi мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет:
      а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күнi iшiнде;
      б) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiш тiркелген сәттен бастап – он бес жұмыс күнi iшiнде;
      в) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн портал арқылы электрондық сұраныс берiлген сәттен бастап – он бес жұмыс күнi iшiнде;
      2) өтiнiш берушi тiркелген кезде өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 5 минут;
      3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 5 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсеткенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес алынатын алымның ставкасы:
      1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алымды төлеген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң телнұсқасын беру үшiн төленетiн алымның ставкасы:
      1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген жеке және заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын 1,6 айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жеке және заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу тегiн жүзеге асырылады.
      Алым Қазақстан Республикасының банктерi арқылы төленедi, олар ақының мөлшерi мен күнiн растайтын түбiртек бередi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-дан 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Портал арқылы өтiнiш бiлдiрген кезде электронды сұраныстарды өңдеу Комитеттiң жұмыс кестесi бойынша жүргiзiледi.
      10. Құқықтық тәртiптi қорғау үшiн ғимаратта тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа қауiпсiздiк шаралары бар. Кiреберiс дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш нысан бойынша (осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес);
      2) жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;
      3) заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      4) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн қайта есепке алу үшiн, (меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң аты, басылымның тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты және шығару мерзiмдiлiгiнiң өзгеруiне байланысты) тұтынушы:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш нысан бойынша (осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес);
      2) жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi, құрылтайшылық құжаттары;
      4) бұрын берiлген мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң түпнұсқасы;
      5) меншiк иесi өзгерген жағдайда, осы өзгерiстердi растайтын құжаттар талап етiледi;
      6) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн иеленушi құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шартты қоса бередi.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктi жоғалтып алуына байланысты телнұсқаны алу үшiн тұтынушы:
      1) жоғалу себептерiн көрсете отырып еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      4) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжатты қоса бередi.
      Тұтынушы портал арқылы өтiнiш бiлдiргенде электронды сұраныс өтiнушiнiң электрондық қолтаңбасымен куәландырылады, жоғарыда көрсетiлген құжаттар сканерленген түрде қоса берiледi.
      12. Өтiнiштер үлгiсi Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсына: www.mсi.gov.kz орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электронды сұраныс нысаны толтырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар мына мекенжайға тiркеуге жiберiледi: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 14-кiреберiс, 224-кабинет, телефон: (7172) 74-04-71.
      Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгiсiнде жүргiзiледi.
      14. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу күнiн көрсете отырып, мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қоюға ұсынылған құжаттарды тiркеу кiтабына (журналына) тiркеуi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алғанын растайды.
      Тұтынушының электронды жәшiгiне немесе порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш қабылданғаны туралы мемлекеттiк қызметтi алу күнiн көрсете отырып хабарлама есеп жолданады.
      15. Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктер тұтынушыға портал арқылы берiледi немесе пошта арқылы жолданады.
      16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбауы, мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұруға негiз болып табылады. Құжаттар дұрыс рәсiмделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтiнiш бiлдiргенде тұтынушыға бас тарту себебi көрсетiле отырып құжаттары қайтарылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет қызметтердi тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) түпкiлiктi әрi толық ақпарат ұсыну;
      5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн Комитеттiң Баспа бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, 14-кiреберiс, 207-кабинет, телефон: (7172) 74-04-82 түсiндiредi және шағым дайындауға жәрдемдеседi.
      21. Қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша берiледi: Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, 14-кiреберiс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда Комитет төрағасының атына шағым берiледi. Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейiн түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Комитеттiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi 8-үй, 14-кiреберiс, 231-бөлме. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым еркiн нысанда рәсiмделедi. Тұтынушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
      3) шағымның мәнiн баяндау;
      4) жеке қолы және күнi.
      Қажет болған жағдайда, тұтынушы өз дәлелдерiн растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшiрмелерiн жазбаша шағымға қоса бередi.
      25. Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесi, шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.
      26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсынан алуға болады: www.mсi.gov.kz.

«Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою»
мемлекеттiк қызмет көрсету     
стандартына             
1-қосымша              

Нысан

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң
төрағасына
_____________

Өтiнiш

      Сiзден________________________ мерзiмдi баспасөз басылымын
                    (атауы)
немесе ақпарат агенттiгiн есепке алуды (қайта есепке алуды, телнұсқа берудi жүзеге асыруды) сұраймын (мерзiмдi баспасөз басылымы үшiн түрi көрсетiледi).

      Меншiк иесiнiң атауы, заңды мекен жайы (тел)______________
________________________________________________________________
      Мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң атауы
________________________________________________________________
      Мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң тiлi
________________________________________________________________
      Жиiлiгi __________________________________________________
      Тақырыптық бағыты ________________________________________
      Таралу аумағы ____________________________________________
      Редакцияның мекен жайы ___________________________________
      Бас редактордың Т.А.Ә. ___________________________________

      Қолы, күнi, мөрi

«Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою»
мемлекеттiк қызмет стандартына   
2-қосымша            

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22  N 842(алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница