Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар




НазваниеШахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар
страница1/5
Дата конвертации11.01.2013
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2009 жылғы «15» сәуірдегі

№ 13 бұйрығымен

келісілген

Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша

әдістемелік ұсынымдар
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша (бұдан әрі-АГБ) методикалық ұсынымдар мыналарға қолданылады:

құруға (техникалық құрылғыны дайындау, компьютерлік бағдарламаны ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету);

жобалауға;

монтаждауға;

пайдалануға.

Әдістеме әрекеті мыналарға қолданылмайды:

газсыздандыруға;

шахта ауасын кондиционерлеу жүйесіне;

ұңғымаларда, теспелерде кенішті газдардың болуын бақылаудың арнайы аппаратына;

аэрогазды бақылаудың тасымалданатын аспаптарына.

Бұл ұсынымдар мына талаптарды қарастырады:

АГБ жүйесінде озық компьютерлік технологияны қолдану;

тау кен қазбаларында қауіпсіз аэрогазды тәртіпті сақтау қондырғылары мен жабдықтарын басқару мен бақылау бойынша алдын ала бөлектенген функцияларды біркелкі жиынтыққа біріктіру (желдеткіштер, шлюзді желдеткіш есіктер, газсоратын қондырғылар және сол сияқтылар);

отандық және шетелдік әртүрлі техникалық құралдарды қолдану;

АГБ жүйесін қолдану аумағында бақыланатын параметрлер мен функциялардың санын ұлғайту.

Әдістеме қашықтан орталықтандырылған басқару бойынша ұсынымдардан тұрады:

шахталық ауада метан және басқа газдарды стационарлық құралдармен ұстау;

қазылған бөліктер мен тұйық өндіру орындарында ауаның қолданылуы;

негізгі желдеткіш қондырғыларымен және жергілікті желдету желдеткіштерімен басқару (бұдан әрі-ЖЖЖ);

шлюздерде желдету есіктерінің орналасуы;

газ соратын қондырғылардың жұмысы.

1-тарау. АГБ жүйесін тағайындау, құрамы және қолдану аумағы
АГБ жүйесі қамтамасыз етеді:

кеніш ауасының жағдайына тікелей не жанама әсер ететін табиғи және техногенді қауіптіліктерді ағымды (жедел) табу мақсатында, кенішті ауа параметрін үзіліссіз орталықтандырылған байқау (газдардың шоғырлануы, ауа қозғалысының жылдамдығы, температура, қысым, ылғал);

кеніш ауасының параметрлерін қалыптандыру жолымен немесе тау-кен жұмыстарын тоқтатқанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы шаралар қолдану;

қауіпсіздік бойынша жалпы шахталық жиынтық шараларды дайындауда газ пайда болу бойынша шахта санатын тағайындау үшін тау-кен өндірісіне берілетін ауа мөлшері есебінде ақпаратты сақтау және оны кейін қолдану.

2. АГБ жүйесінің құрамына мына техникалық құралдар кіреді:

шахта ауасының параметрі мен құрамын бақылайтын көрсеткішті белгілегіштер;

ауаның жұмсалуын автоматты бақылау аппаратурасы;

ауаның жұмсалуын телебақылау аппаратурасы;

жергілікті желдету желдеткіштермен телебасқару (ЖЖЖ) және жұмысты автоматты бақылау аппаратурасы;

шлюздерде желдеткіш есіктерінің орналасуын орталықтандырылған басқару аппаратурасы;

жұмысты автоматты бақылау және желдеткіш қондырғыларымен телебасқару аппаратурасы;

бақыланатын объектілердегі авариялық жағдай туралы жерасты өндіру орындарына дыбыстық хабарландыру және (немесе) жарықтық белгі беру құралы;

жарылыстан қорғалған қоректену көздері (оның ішінде АГБ жүйесін авариялық электрмен жабдықтау үшін тоқтың химиялық немесе басқа көздерімен);

дабыл беру аппараттары;

жерасты басқару және бақылау станциялары;

ұшқынқауіпсіз және ұшқынқауіпті шынжырларды бөлуге арналған тосқауылдар;

үстіңгі бетте телеөлшеу қабылдағыштарының тіреуіштері.

АГБ жүйесінің құрамына үстіңгі бетте орнатылатын көпфункциялы түрлендіргіштер мен компьютерлер кіре алады.

Шахтаның АГБ жүйесінің нақты құрамы жобалық және техникалық құжаттамамен анықталады.

3. АГБ жүйесі анықталған қауіпті байқалуларды қалыптандыруды немесе авариялық жағдайда бақыланатын бөліктегі өндірістік қызметті блокировкалауды жүзеге асыратын механизмдерге (құрылғыларға) басқару командасын беруді қамтамасыз етеді.

4. АГБ жүйесі қамтиды:

әрбір өндірістік бөлік бойынша бақыланатын параметр мен қауіпсіздік жағдайы туралы диспетчер пунктіне ақпараттарды таңдау, беру және ұсыну үшін құралдарды техникалық қамтамасыз ету;

АГБ операторы мен тау-кен диспетчерінің қабылдауына ыңғайлы болуы үшін түсетін ақпарат түрін қалыпқа келтіру үшін ақпараттық қамтамасыз ету;

ақпаратты қабылданушыларға дейін жеткізу үшін ұйымдастырылған қамтамасыз ету, шешімдерді қабылдау мен орындау, жүйені жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау.

5. АГБ жүйелерін техникалық қамтамасыз етуде қабылданатын ақпараттың толықтығын, нақтылығын және бір мағыналылығын қамтамасыз ететін құрал болады.

6. АГБ жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету тау-кен диспетчерінің оңтайлы шешім қабылдауына, ал авариялық жағдай туындағанда-аварияны жоюдың жауапты жетекшісі болуына әсер ететін бақылаудың реттелген нәтижесін қамтиды.

1-параграф. Қауіпті және зиянды газдардың болуын бақылау
7. АГБ жүйесімен ІІІ санатты шахталардың кенішті ауасында, газ бен көмірдің (жыныстың) тосын лақтырылуы бойынша қауіпті және метан бойынша санаттылықтан басым метанның шоғырлануын бақылау жүзеге асырылады. Оттегі мен қауіпті газдар (көмірқышқыл оксиді, көмірқышқыл диоксиді, сутек, күкіртті сутек, азот оксиді, азот диоксиді, күкіртті ангидрид) қажеттілігі болған жағдайда бақылана алады.

8. Газ бойынша, газ бен көмірдің (жыныстың) тосын лақтырылуы бойынша қауіпті және газ метан бойынша санаттылықтан басым ІІІ санатты шахталарда стационарлы аппаратурамен метанның болуын бақылау жүргізіледі:

егер өндірулерде электр энергиясы қолданылып және метан бөлінсе, ұзындығы 10 м асатын тұйық өндірілулердің және өндірулер ұзындығы 50 м артық болғанда шығатын ағыстардың тіреуішті кеңістігінде; өндірудің тұйық бөлігінде жылжымалы аралықстанция болғанда-аралықстанция алдында; егер өндіру сілкінте жарылту тәртібінде қарқынды жарылыс жұмыстарын қолданумен жүргізілсе-электр энергиясын қолдануға қарамастан, ұзындығы 100 м асатын метанның қабаттала жинақталуы бойынша қауіпті тұйық өндірулерде, егер оларда электр энергиясы қолданылса-қосымша жинақталуы мүмкін орындарда;

тосын лақтырылу бойынша қауіпті қабаттарды дайындауда электр қозғалтқышты ЖЖЖ-да, тазалайтын және тұйық өндірулерден шығатын ауа ағыстарымен өндірулерде желдеткіштерді орнатуда;

төмен желдетілгенде, дәйекті желдетілгенде, көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті, қабаттарды дайындағанда, тазалау өндірулеріне желдеткішті ағыс қозғалысының бағытына тәуелсіз электр энергиясын қолданумен тазалау өндірулеріне түсетін ағыстарда;

электр энергиясы қолданылатын тазалау өндірулерінің шығатын ағыстарында және электр энергиясының қолданылуына тәуелсіз қазылған бөліктердің шығатын ағыстарында;

тазалау үңгубеттердің артынан өшірілетін желдету өндірулерінің тұйықтарында;

ауаның шығатын ағынымен желдетілетін машиналар мен электр жабдықтарына арналған камераларда; кенді қалыпты орындаудағы электр жабдықтары мен жалпы қолданылатын электр жабдықтарын орнату орындарында;

қазылған бөліктерден (оқпандардан) тыс, егер оларда электр жабдықтары мен кабельдер болса, ауа шығатын ағындары бар өндірулерде;

көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша шахталар мен қанаттардың шығатын ағындарында;

газ соратын құрылғылардың араластырғыш камераларында (араластырғыштар);

газ соратын желдеткіштердің камераларында.

9. Көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті шахталарда, электр энергиясын қолданумен дөңгелек қабаттарды дайындайтын, 8-пункте қарастырылған бақылауға қосымша, электр энергиясы қолданылатын қазылған бөліктердің түсетін ағындарында стационарлық аппаратпен метанның шоғырлануына бақылау жүргізіледі.

10. Газды тәртіпке келтірілген көлденең бағаналардың тереңдеуінде немесе ұңғымасында, метанның шоғырлануын стационарлы автоматты аспаптармен бақылау бағанадан желдету ағынымен шығатын ұңғымалы сөрелер мен шайқау камераларында жүргізіледі.

11. Метанның болуын бақылайтын стационарлы аппаратураның көрсеткішті белгілегіштері мынадай орындарда орнатылады:

тұйық өндірулердің тіреуішті кеңістігінде-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағындағы тіреуіштен жабын астында 3-5 м қашықтықта;

қабатты жиынтықтарды бақылау үшін-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағындағы жабын тартылған тұйық өндіру тіреуішінен 20-30 м қашықтықта;

тұйықталған өндірулердің шығатын ағындарында-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағынан, жабын астында өндіру сағасынан 10-20 м қашықтықта;

жылжымалы қосалқы бекет жанында-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағынан, жабын астындағы тіреуіш жағына қосалқы бекеттен 10-15 м қашықтықта;

электр қозғалтқышты ЖЖЖ жанында-көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарды дайындауда тұйық өндіру тіреуіші жағынан желдеткіштен 10 м кем емес қашықтықта және басқа тұйық өндірулерден шығатын ауа ағыны түсетін, оның өндіруде орнатылғанында, желдеткіш ағынына жақындау жағынан ЖЖЖ алдынан 3-5 м қашықтықта;

төмендетілген желдеткіштерде тазаланған өндірулердің түсетін ағындарында-лаваға қарама-қарсы жақтан өндіру қиылысының жоғарғы бөлігінде, лавадан 5 м артық емес қашықтықта. Көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарда тазалау өндірулерін шығатын желдетулерде-лавадан 50 м артық емес қашықтықтағы лава мен тарату пункті арасында;

тазаланған өндірулердің түсетін ағындарында-өндірудің жоғарғы жағындағы лавадан қарама-қарсы шығатын қабырға алдындағы таза тіреуіштен 10-20 м. Ауаның жалпы шығатын ағынымен қосарланған лаваларда немесе шығатын желдеткіш ағынын жаңартумен қазылған бөлігін желдету сұлбасында-одан 15 м артық емес қашықтықтан шығатын тазарту өндіруінде;

тазарту тіреуіштерінің соңынан сөндірілетін желдету өндірулерінің тұйықтарында, жергілікті жинақталуды бақылау үшін-өндірудің сөндірілген бөлігін бөлектейтін үйінді немесе тосқауылдың, лавадан қарама-қарсы шығатын өндіру қабырғасының өндіру жабынының астында;

қазылған бөліктердің шығатын ағындарында-жүрісжол, еңіс, бремсберг немесе аралық квершлагтан 10-20 м желдететін қуақаздың басында;

қазылған бөліктердің кіретін ағындарында-бөлікке кіретін ағынның 10-20 м кіру орнынан;

қазылған бөліктерден тыс ауа ағындары шығатын өндірулерде-олардың телімдердің желдететін қуақаздарымен қиылысуы 10-20 м және орталықтандырылған жерасты қосалқы бекетінің теліміне жақын орналасқан желдететін қуақаздармен қиылысатын желдететін ағынның бағыты 10 м артық емес қашықтықта;

өтетін сөренің аралық не төменгі қабатының астындағы тік оқпандарда, нөльдік рама астында, ал оқпанда арнадан 1,5-2 м төмен желдеткіш арна болса, су соратын сорғыш камераларда;

ауаның шығатын ағынымен желдетілетін машиналар мен электр жабдықтарына арналған камераларда, камераға желдететін ағын кіретін жағынан камераға шығатын жердегі жабында;

газ соратын қондырғылардың араластырғыш камераларында (араластырғыш)-араластырғыш камераның (араластырғыш) орналасқан жағынан өндіру қабырғасында желдететін ағын жолы бойынша камераның шығатын саңылауынан 15-20 м;

газ соратын қондырғылардың камерасында-газ соратын желдеткіш астындағы жабында.

12. Метанның болуын бақылайтын стационарлы автоматты аппаратура электр энергиясын сөндіруді метанның шоғырлануына төмендегідей орналастырылғанында жүргізеді:

2,0 %-тұйық өндірулердің тіреуішті кеңістігінде, тік оқпандардың өтпелі не аралық сөрелерінде;

1,0 %-тұйық өндірулердің шығатын ағындарында, оның ішінде тік оқпандардың шығатын ағындарында;

1,0 %-қазылған бөліктер мен тазаланған өндірулердің шығатын ағындарында;

1,0 %-тұйық өндірулерде орнатылған жылжымалы электрқосалқы бекеттерінде;

1,0 %-тік оқпандардың су төгетін шайқау камераларында;

0,5 %-қазылған бөліктер мен тазаланған өндірулердің электр қозғалтқышты ВМП алдында түсетін ағындарында;

түсетін ағында метанның шоғырлануы 0,5 % артқанда тұйық және тазаланған өндірулердің барлық электр қабылдағыштарында кернеу автоматты тоқтатылатындай шартпен, газдануды ескерту үшін көрсеткішті белгілегішті қалпына келтіруге ЖЖЖ 1,0 % сөндіруге жол беріледі;

1,0 %-желдетілетін қуақаздармен байланысқан қазылған бөліктерден тыс ауаның төмендетілген ағынды өндірулерінде;

1,0 %-ОЖҚБ алдында қазылған бөліктерден тыс ауаның шығатын ағынды өндірулерінде;

1,0 %-ауаның шығатын ағынымен желдетілетін машиналар мен электр жабдықтарына арналған камераларда;

2,0 %-тау-кен жыныстарында метанның қабаттала және басқа жергілікті жинақталуын бақылауда;

1,0 %-газ соратын қондырғылардың араластырғыш камераларында (араластырғыш), қазылған бөліктердің желдеткішті өндірулерінде және қазылған бөліктердің тыс аумағынан;

1,0 %-газ соратын қондырғылардың камераларында.

13. Стационарлы автоматты аппаратурадан телеөлшеу кез келген көрсеткішті белгілегіш АГБ операторының пультіне енгізіліне алады. Өзі жазатын аппаратта жазылған немесе компъютер жадындағы телеөлшеу көрсеткішті белгілегіштен төмендегідей орнатылғанда шығарылады:

тұйық өндірулер мен қазылған бөліктердің шығатын ағындарында;

көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті шахталарда,-қосымша шахталар мен қанаттарының шығатын ағындарында;

тазартылған үңгубеттің артынан сөндірілетін желдеткіш өндірулердің тұйықтарында, метан көптігі 3 м/мин және одан артық қазылған бөліктерде;

сілкіне жарылу тәртібінде бұрғылау жарылыс тәсілімен жүргізілетін тұйық өндірулердің үңгубет бөлігінде, 50 м артық ұзындықтағы тұйық өндірулерді, 10° артық көлбеу бұрышпен 20 м артық ұзындықта тұйық өрлеме өндірулерді;

газ соратын қондырғылардың араластырғыш камераларында;

жабын жынысын торпедалау бойынша жұмыстарды орындау сорғыларында. Сілкіне жарылуда және жабын жынысын торпедалауда метанның болуын бақылаудың үзіліссіздігі аталған жұмыстарды жүргізген кезде олардан тоқ түсірілмейтіндей көрсеткішті белгілегішпен қамтамасыз етіледі.

14. Телеөлшеуді өзінен жаздыру бойынша да, сақтаудың техникалық құралымен де шығаруға және ақпаратты есептеу техникасын қолданумен оқуға жол беріледі.

15. Тау-кен өндірулерінде қолданылатын басқа да қауіпті және зиянды газдарды автоматты бақылау қажеттілігі жобалық құжаттаманың әрбір нақты жағдайында анықталады.

16. Метанның және басқа газдардың болуын бақылайтын стационарлық аппаратураның көрсеткішті белгілегішін, телеөлшеуді үстіне шығарумен ауа шығынын көрсету белгілегіштерін орнату орындарында құрамды тексеру және ауа шығынын өлшеу айына бір реттен кем емес жүргізіледі.

Метан болуын бақылайтын стационарлы аппараттың ақаулығы табылғанда бақылаушы тұлға бұл туралы тау-кен диспетчеріне жедел хабарлап жұмысты тоқтатады.

17. Көміртек тотығы көрсеткішін белгілегіштерді орнату орындары және оның шекті орнатпалары шахтада қызмет көрсететін ӘАҚҚ командирімен келісіледі, бірақ көлемі бойынша 0,00170 % аспайды.

Келісілген шекті орнатпаларға жеткенде АГБ жүйесімен ескертпе дабыл бергіш белгісі беріледі.

18. Қайтадан енгізілген АГБ жүйесі үшін көміртек тотығының болуы туралы ақпарат үстіндегі АГБ операторына беріледі. АГБ жүйесімен электр энергиясын автоматты сөндіру қажеттілігі әрбір нақты жағдайда жобамен анықталады.

19. Сутек көрсеткішін белгілегіш зарядты камераларда зарядтау кезінде неғұрлым көп шоғырланудың пайда болатын жерлерінде орнатылады. Орнатпа 0,5 % ға ретке келтіріледі. Оған жеткенде зарядтау камерасында кернеу автоматты тоқтатылады. Қайтадан енгізілген АГБ жүйесі үшін сутектің болуы туралы ақпарат үстіндегі АГБ операторының пультіне беріледі және авария жағдайында дабыл және дыбыс бергіштермен жабдықталады.

20. Адам болуы мүмкін, не болатын өндіру ауасында оттегінің болуы (көлемі бойынша) 20 % төмен болмайды.

Жұмыс орындарында және қазылған бөліктердің шығатын ағындарында және тұйық өндірулерде кен ауасында көміртек диоксидінің болуы 0,5 %, шахта, қабат, қанат шығатын ағында өндірулерде жалпы-0,75 % , үйінді бойынша өндірулерді жүргізу мен қалпына келтіруде-1 % аспайды.

Басқа қауіпті және зиянды газдардың орнатпалары келесі шектерден аспайды:
Азот тотығы

(азот диоксидіне қайта есептегенде) 0,00025 % көлемі бойынша

Азот диоксиді 0,00010 % көлемі бойынша

Күкіртті ангидрид 0,00038 % көлемі бойынша

Күкіртсутек 0,00070 % көлемі бойынша
  1   2   3   4   5

Похожие:

Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconАуыл шаруашылығы іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар
Ауыл шаруашылығындағы іріктеме дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар бас жиынтық сипаттамасының негізгі аспектілерін және талдаудың...
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconКәсіпорындар іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар Астана, 2011 жыл Кіріспе
Кәсіпорындар іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар бас жиынтық сипаттамасын, іріктеме сапасының сипаттамасы мен талданатын...
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҰңғымаларды цементтеу бойынша әдістемелік ұсынымдар Жалпы ұсынымдар
Кейбір жағдайларда ғана (ұңғымада асқынулар болғанда) ұңғыманы түнгі уақытта цементтеуге рұсқат беріледі
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconБұрғылау сорғылар мен олардың орауларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
Бұрғылау қондырғысы бақылау-өлшеу аспаптарымен, манометрлермен, салмақ индикаторымен, амперметрмен, вольтметрмен және басқалармен...
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconАуа кеңістігі ортасын бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдар 1 тарау. Жалпы ережелер
Кәсіпорындағы ауа кеңістігі ортасының газдану деңгейін олардың болуын барынша шекті рұқсат берілетін шоғырлануларға (бұдан әрі брш)...
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconЫдыстарды, аппараттарды, қазандықтарды және технологиялық құбыржолдарды акустика-эмиссиялық бақылауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2010 жылғы «2» шілдедегі
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
Осы ұсынымдар «Сенім телефонының» (бұдан әрі – Сенім телефоны) бала құқықтарының бұзылу фактілері бойынша жұмыс тәртібін ұйымдастыру...
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconЕңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҚазақстан Республикасындағы жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен
...
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар iconГазбен жабдықтау объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Сараптама жүргізу тәртібі, шаралары және сараптама қорытындысын ресімдеу Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница