Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы




НазваниеЖүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы
страница1/6
Дата конвертации06.01.2013
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті

жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 Қаулысы

(2010.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

5. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Ғ. Дунаев 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2007 жылғы 30 сәуірдегі

123 қаулысына

1-қосымша

 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау

 ережесі

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Лицензиялау туралы Заң) сәйкес әзірленген және жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялаудың талаптары мен тәртібін белгілейді (бұдан әрі - лицензия).

 

1-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру тәртібі

 

1. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінішті;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарды төрт данада (түпнұсқа және нотариатта куәландырылған үш көшірме);

3) осы Ереженің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәліметтерді, оған мынадай құжаттарды қоса береді (құрылтайшы заңды тұлғалар үшін):

соңғы екі қаржы жыл бойынша және соңғы тоқсанның аяғындағы құрылтайшының қаржылық есебін;

соңғы аяқталған қаржы жылындағы құрылтайшының қаржылық есебін тексеру нәтижелері туралы аудиторлық есепті;

құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тізілім жүйесінен уәкілетті органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннің алдындағы күні оның дауыс беретін акцияларының бес және одан астам пайызына ие болған тұлғалар көрсетілген үзіндіні;

жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешімінің) көшірмесін;

4) қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететін жинақтаушы зейнетақы қордың бизнес-жоспарын;

5) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген құрылтайшы - жеке тұлғада, атқарушы органның бірінші басшысында және құрылтайшы – заңды тұлғаның басқару органында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды).

Атқарушы органның бірінші басшысының немесе құрылтайшы – заңды тұлғаның басқару органының лауазымындағы шетелдік азаматтар (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың  азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлға үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді.

2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы сипаттарына келетін тұлға уәкілетті органға осы қордың ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге рұқсат алу үшін осы Ереженің 1-тармағында аталған құжаттармен бірге бір уақытта Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 36-1-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:

1) рұқсат алуға еркін нысанда жасалған өтініш;

2) өтініш берушінің құрылтайшылар (құрылтайшы) атынан өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционерінің шешімінің) шешімінің көшірмесі;

3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың төрт данасы (түпнұсқа және нотариатта куәландырылған үш көшірме).

4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық құрылтай құжаттарының, оның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың титул беттерінің оң жақтағы жоғарғы бұрышында мынадай тұжырым: «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі рұқсат еткен. Төраға (Төрағаның орынбасары) 20___жылғы_______________» болуы тиіс.

Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Құжаттардың бір данасы жинақтаушы зейнетақы қорының заңды ісіне тігіледі. Қалған даналар өтініш берушіге әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге қайтарылады.

5. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін екі апта мерзімде жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттардың, сондай-ақ тіркеген әділет органының мөрімен құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды нотариатта куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға береді.

7. Жинақтаушы зейнетақы қорын ашуға берілген рұқсаттың уәкілетті орган оны жинақтаушы зейнетақы қорына берген күннен бастап алты ай ішінде заңды күші бар.

8. Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығына лицензия бергенде немесе сот жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанда, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша рұқсатты қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорын ашуға рұқсатты жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қайтаруға тиіс.

9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге берілген рұқсатты мынадай жағдайларда:

1) рұқсат беруге негіз болған мәліметтер шынайы емес болғанда;

2) жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде тіркелген заңды тұлға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алғанға дейінгі мерзімде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырғанда;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге берілген рұқсаттың қолданыс мерзімі өткенде қайтарып алады.

10. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруден мынадай жағдайларда:

1) осы Ереженің 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген толық емес құжаттар пакетін ұсынғанда;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңда белгіленген жарғылық капиталын төлеудің талаптары мен тәртібін бұзғанда;

4) соңғы екі аяқталған қаржы жылы жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшысының (заңды тұлғаның) шығынды қызметінде;

6) уәкілетті орган Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 36-2-бабында көрсетілген негіздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартқанда;

7) құрылтайшы - жеке тұлғада не атқарушы органның бірінші басшысында не құрылтайшы – заңды тұлғаның басқару органында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы бар болғанда;

8) құрылтайшы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан астам емес мерзімде бас бухгалтері лауазымында болғанда жазбаша нысанда бас тартады.

11. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтінішті алған күннен бастап алты айдан асырмай қарайды.

12. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды осы Ережеде көзделген толық пакет құжаттарын ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

 

 

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconЖүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы...
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Оса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру...
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconКүші жойылды -ҚҚА №410 26. 11. 05ж. ҚРӘМ №3609 03. 05. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚРӘМ №5794 15. 09. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін...
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы №189...
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconИсточник: ис параграф, 13. 09. 2012 14: 57: 59
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconОрталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге...
Жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница