Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер




Скачать 119.92 Kb.
НазваниеАудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер
Дата конвертации10.07.2014
Размер119.92 Kb.
ТипДокументы
Аудан әкімі А.Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі биылғы жылы ең ерекше саяси уақиға - 2012 жылдың 27 қаңтары күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауымен тұспа-тұс келіп тұр.

Әкімдердің есебі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мағынасын терең түсіндірумен қатар өтеді. Сондықтан да, өткен жылы атқарылған жұмыстарға ғана тоқталып қоймай, сонымен қатар Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың жолдары жөніндегі пікірді Сіздермен бөлісуді жөн санаймын.

Өткен жылда атқарылған шараларға келетін болсақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері артығымен орындалды.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №1144 Жарлығымен Қазақстанның Егемендік алғанының 20 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алу жөнінде шаралар белгіленді.

Осыған байланысты аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әрбір айда атауына сай үлес қосуға аудан еңбеккерлерін жұмылдыруды басты мақсат етіп алды.

26 қараша – 15 желтоқсан аралығы «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн деп аталып, аудан бойынша әрбір күнге мәдени-көпшілік шаралар белгіленді. Осы мерзім аралығында барлығы 1660 шара ұйымдастырылып, оған 72600 адам тартылды.

Сондай-ақ өткен жылы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен «Туған жерге тағзым», «Туған-ел алтын бесігім», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына-20 жарқын іс» акциялары сияқты ірі-ірі жобалар ұйымдастырылып, жыл аяғында өз мәресіне жетті.

2011 жылы әлеуметтік маңызы бар 20 нысан, 4 табиғи-саябақ, 3 ауылда таза су құбыры, «Бәйтерек» монументі - барлығы 28 нысан іске қосылды.

Аудан бойынша «Қазақстанның 20 жылдығына 20 жарқын іс» акциясы аясында бүгінгі күнге 1 млрд.43 млн. 275 мың теңгеге 149 іс-шаралар атқарылды.

Оның ішіндегі ең бастысы деп, адам пейілінің шексіз кеңдігін, мейірімділіктің өлшеусіз екенін дәлелдейтін - Маралды ауылдық округі бойынша белгіленген «20 жылдыққа – 20 тұл жетімге жанұя сыйлайық» атты акциясын баса айту қажет. Ағымдағы жылы Маралды, Үшбұлақ ауылдарындағы 21 отбасы 27 баланы өз қамқорлықтарына тәрбиеге алды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 499 млн. теңгеге 23 іс-шара іске асырылды.

7 мамыр күні Қалжыр ауылында жеке кәсіпкерлер Б.Манапов, Ж.Байжігітов, Ж.Әзімбаев сияқты азаматтардың қолдауымен «Даңқ аллеясы» салынды.

«Сарыасыл» ЖШС-ның басшысы Б.Дүсіпов және «Күршім» коммуналдық шаруашылық мекемесі Қазақстан, Жаңаауыл, Бірлік ауылдарындағы кіре беріс жолдарына және Білімбаев, Маткаримов, Шаяхметов атындағы көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2011 жылдың 10 қазаны күні ауданға қажетті мамандарға: 6 дәрігер, 1 прокуратура қызметкері, 1 ішкі істер бөлімінің қызметкеріне күрделі жөндеуден өткен 8 пәтерлі тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

Барлық ауылдық округтерде «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасы ұйымдастырылды.

Нәтижесінде ауыл көшелері абаттандырылып, арықтар тазаланды. Ескерткіштер жаңаланып, саябақтар ретке келтірілді. Жаңадан 70 мың 700 түп көшеттер отырғызылды. Мұндай жұмыстар 2012 жылы да өз жалғасын табады.

Аудан экономикасы қарқынды дамыды. Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің табиғи көлемінің өсімі 7,3 пайызды құрап, 11 млрд 982,7 млн теңгенің жалпы өнімі өндірілді. Соның ішінде өсімдік шаруашылығында былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 13,1 пайызды, мал шаруашылығында өсім 6,2 пайызды құрады.

Жылдың қорытындысы бойынша 16 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға, 60 мың 887 тонна сүт өндіріліп, 5,5 пайызға артты.

Аудандағы барлық мал түрі бойынша мал басы өсті.

Шаруа қожалықтары 2011 жылы ірі қара мал етін сатқаны үшін 67 млн. 294 мың теңге мал етін сатқаны және ауылшаруашылығы дақылдарын өндіргені үшін мемлекеттен субсидия алды.

Аудан бойынша 24 мал сою алаңы, 3 мамандандырылған қасапханалар жұмыс істейді.

Өткен 2010 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы 16,3 пайызға, картоп егілген жер көлемі 3,5 пайызға, көкөніс пен бақша дақылдары алқабының көлемі 16,9 пайызға өсті.

Ылғал сақтау технологиясы бойынша 2500 га ауылшаруашылығы дақылдары себілді. Себілген тұқымның сапасы 100 пайызға кондициядан өткен, аудандастырылған. Себілген дәнді және майлы дақылдар алқабының 19 пайызы бірінші рет міндетті сақтандырудан өткізілді.

Бірақ ауданда дәнді-дақылдар, картоп және көпжылдық шөп тұқымын өндіру бойынша тұқым шаруашылығы құрылған жоқ.

Ағымдағы жылы бұл жағдай шешілу керек.

Егін егу және жинау науқаны кезеңіндегі шығынды арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді.

Жыл көлемінде 877 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артық.

Аудан экономикасына 2011 жылы 2 млрд 260,3 мың. теңге инвестиция тартылды, табиғи көлемі индексі – 166,4 %, оның ішінде: нақты секторға 748 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 73 пайызға өсті.

Бөлшек сауда айналымының көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артып, 2 млрд. 820 млн. теңгені құрады.

Ауданда тіркелген 39 шағын бизнес кәсіпорындарының ішінде жұмыс істеп тұрғандар 24, оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғандары 22.

Жыл көлемінде ұзақ уақыт жұмыс істемейтін 4 кәсіпорын жабылып, 2 кәсіпорын жарғылық қорының және атқарылған жұмыс көлемінің артуына байланысты орта кәсіпорындар санатына ауыстырылды. Қосымша кіші бизнестің 3 жаңа кәсіпорыны ашылды.

2012 жылы тұрған міндет-жаңа кәсіпорындар ашу немесе жұмыс істемей тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру.

Осы бағыттағы негізгі міндет жергілікті бизнес өкілдерінің мемлекеттік тапсырыстарын тиімді басымдықпен орналастыру болып табылады. Сондықтан абаттандыру мен ағымдағы жөндеу жұмыстарымен айналысатын жеке кәсіпкерлер заңды тұлға статусын алу керек. Әсіресе Сарыөлең, Күршім, Теректі, Төсқайың, Боран ауылдық округтерінде осы бағытта жұмыс атқарылып, салық көзі арттырылу керек.

Шағын бизнес субъектілерінен 141,6 млн теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке 98,3 млн теңге түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға өсті.

Ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын 3 бағытта іске асыру басталды.

Бірінші бағыт бойынша қайта дайындау және біліктілігін арттыруда 102 адам оқуын бітіріп, оның 86 –ы тұрақты, уақытша жұмысқа орналасты. Кәсіптік оқуға (колледж) 101 адам түсті.

Әлеуметтік жұмыс орнына 20 шаруа қожалық басшылары 119 адамды уақытша жұмысқа орналастырды.

Екінші бағыты бойынша ауданда 300 адам шағын несие алуға ниет білдірген болатын. Оның ішінде 150,4 млн. қаржыға 72 қатысушы қажетті құжаттарын толықтырып өткізді.

Осы 72 ұсыныстың 17 облыстық комиссиядан өтіп, бірінші траншқа 51 млн. теңгеге 4 жоба, екінші транш бойынша 33,388 млн.теңгеге 13 жоба қаржыландырылды.

2011 жылы бюджеттің меншікті түсім болжамы 102 пайызға орындалды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 23 пайыз.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99 пайызға орындалды. Бюджеттік бағдарлама әкімшісімен инженерлік инфроқұрылым құрылысына және құрылыстың жобалық құжаттарын жасауға бөлінген қаржы игерілмеді.

Ауданда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 190 млн 273 мың теңгеге 6 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде облыстық бюджеттен 166 млн 644 мың теңге, аудандық бюджеттен 23 млн 599 мың теңгеге жұмыс атқарылды. 202 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жеке салымшылар есебінен 3105 шаршы метрге 37 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыста, біздің ауданда бірінші рет жаңа инновациялық бағдарлама бойынша № 1 медициналық бірлестігінде қуаттылығы 240 квт/сағаттық 9600 шаршы метрді жылытатын жылу насосы қондырғысын орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар толық аяқталып, ауруханаға жылу берілді.

Аудан бойынша 2007 жылдан бері білім саласында 43 мектептің, 28 ауылдық клубтың қатты отынмен жылытылатын қазандықтары электр қазандықтарына және теплофондарға ауыстырылды. 2007 жылға дейін ауданның бюджеттік мекемелеріне 12000 тонна тас көмір қажет болған. Бүгінгі күні қатты отынмен жылытылатын қалған 6 мектептің қазандықтарына 2760 тонна көмір қажет. Бұл атқарылған істің нәтижесінде 2007 жылдан бері жалпы 40 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаржы үнемделді.

Жыл сайынғы осы үнемделген қаржы білім саласының материалдық техникалық базасын нығайтуға, білім нысандарын жөндеуге жұмсалып отыр.

2010 жылы Теректі №1, Ақсуат, Сарыөлең, Күршім №5 орта мектептері, 2011 жылы Қалжыр, Құйған, Қазақстан және Қаратоғай ауылдарындағы балабақша ғимараттары жөндеуден өткізілді. Балаларды мектеп алды тәрбиемен қамту 100 пайызды құрады.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша барлық мемлекеттік мекемелерде электр қуатын үнемдеуді пайдалануға енгізу жұмыстары жүргізілді. Барлық бюджеттік мекемелерде электр энергиясының 3 тарифтік есептегіштері орнатылды, барлық жарықтандыру шамдары диодтық шамдарға ауыстырылуда.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар істер атқарылған. Теректі ауылындағы 17 км су құбырларының 10 км-іне күрделі жөндеуден өткізілді, қосымша 2945 метр су құбыры тартылды, тәулігіне 410 текше метр су тазалау модулі іске қосылды. Құйған ауылындағы су қондырғылары мен су құбырлары қайта жөнделіп, ауылға таза су берілді. Аманат және Ақсуат ауылдарында 3,3 шақырым су құбырлары жүйесі тартылып, су тазартқыш модульдері іске қосылды.

Елді мекендерді абаттандыру жұмыстары кең қарқын алды. Күршім, Маралды, Сарыөлең, Теректі, Төсқайың, Қалжыр, Ақсуат ауылдарында бос жатқан алаңдар қоршалып, бақтар, скверлер, табиғи саябақтар халық демалатын орындар, балалар ойнайтын алаңдар жасалды.

28800 шаршы метрге асфальт, 4800 шақырым көшеге қарақиыршық тас төселді. 453 шаршы жерге тротуар салынды.

2010 жылы «Күршім» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Аудандық бюджеттен 2010 жылы 18 млн. теңге, 2011 жылы 27 млн. теңге қаржы бөлініп, 22 жаңа жол жөндеу техникалары сатылып алынды. Қалжыр, Құйған ауылдарындағы асфальттық-бетондық зауытқа қоса, Сарыөлең ауылындағы тағы бір АБЗ-ң іске қосылуы жолдарды салу құрылысының құнын азайтуға, жол жөндеу жұмыстарының сапалы түрде атқарылуына өз септігін тигізді.

9 млн. теңгеге 330 шақырым жергілікті маңызы бар және көше жолдарының паспорты жасалды.

Қаба өзеніне құны 217 млн.теңгеге көпір салынып, қосымша жол телімі тартылды.

Күршім-Сарыөлең бағытындағы 3 км жол күрделі жөндеуден, Қалжыр-Теректі бағытындағы 10 км жол орта жөндеуден өткізілді. Бұл жұмыстар 2012 жылы жалғасын табады.

Ауданда жыл ішінде ғана 115 жарық шамдары орнатылды, 70 мың 700 түп көшеттер отырғызылды, 2500 шаршы метр гүлзарлар егілді. Тәуелсіздіктің символы ретінде аудан орталығында «Бәйтерек» монументі тұрғызылды, «Қазақ елі» монументінің құрылысы басталды.

Күршім ауылының Шәкәрім-Ибежанов, Абылайхан-Исабеков, Б.Момышұлы-Бунтовских,Б.Момышұлы-Зангин көше қиылыстарында жаяу жүргіншілерге және автокөліктерге арналған бағдаршамдар орнатылып, іске қосылды. Сонымен қатар мектептердің жанындағы жолдарға және көшелердің қауіпті учаскелерінде жасанды жол кедергілері орнатылды.

Күршім ауылының көше жолдарында 89 жол белгілері орнатылды.

Халық көп баратын мемлекеттік мекемелердің жанынан 5 автокөлік тұрағы жасалды.

Білім беру саласының материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын нығаюда. Тек соңғы үш жылда аудандағы 49 мектепте балаларға арналған 37 шағын орталықтар пайдалануға берілді. Биылғы жылы ғана Қойтас, Барақ батыр, Ұрынхай, Аманат, Қарой ауылдарында шағын орталықтар пайдалануға беріліп, Қалжыр, Құйған, Қазақстан және Қаратоғай ауылдарында балабақшалар және бастауыш білім беретін сыныптар ашылды. Нәтижесінде ауданның барлық балалары мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Тәуелсіздіктің соңғы тек бес жылында ауданда 4 орта, 1 негізгі орта мектептің ғимараты салынды. Нәтижесінде ауданның барлық балалары мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Бүгінгі күні аудандағы 49 мектепте 5108 оқушы білім алуда. Аудандағы барлық мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылып, оқушылардың 100 пайызы толық ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде 1-4 сыныптардағы 1884 оқушы және 5-11 сыныптардағы аз қамтылған 1129 оқушы, яғни оқушылардың 59 пайызы 42 млн.теңгеге ыстық тамақпен тегін тамақтанады. Бұл аудан бойынша үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2011 жылы 43 мектепте сауықтыру алаңдары ашылып, 1128 оқушы демалды. Сарыөлең, Маралды, Ұрынхай, Құйған ауылдарында қосымша демалыс орындары ашылып, балалардың толыққанды сауықтырулары мен демалысын қамтамасыз етті.

Сарыөлең ауылындағы демалыс орнында аз қамтылған 100 балаға көктемгі каникул кезінде демалыс ұйымдастырылады.

Осының барлығы білім беру сапасының көтерілуіне қол жеткізді.Ұлттық Бірыңғай тестілеудің нәтижесінде аудан облыстағы 19 аудан және қалалардың арасында 2-орынға шықты.

28 оқушы «Алтын белгiні» иеленіп, үздiк аттестатқа 7 түлек қол жеткізді.

Кадрларға дайындау сұрағына баса назар аударылады.

2007 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында аудан бюджетінің грантында 57 студент оқып, білім алуда. Олардың 35-і мұғалім, 22-і дәрігер мамандықтары бойынша. Осындай грантқа өткен жылы тағы да 15 аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектер ие болды.

Өткен жылы кадр даярлау жөніндегі жұмысымыздың алғашқы түлектері жоғарғы оқу орнын аяқтап, ұстаз мамандығын меңгерген 9 жас маман өзіміздің ауданға оралып, бүгінгі күні аудан мектептерінде өз мамандықтары бойынша жемісті еңбек етуде.

Ағымдағы жылы №1, №2 медициналық бірлестік ғимараттары, Қалжыр дәрігерлік амбулаториясы «Жол картасы» бойынша жөндеуден өтті.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында оқуларын аяқтап, ауылға келіп жұмыс істеп жүрген 23 мұғалім мен 14 дәрігерге көтерме ақы төленді.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік колдау шараларын іске асыру үшін 11 жас маманға (2 дәрігер, 9 мұғалім) тұрғын үй алу үшін тұрғын үй несиесі берілді. Жас мамандарға деген мұндай қолдаулар мемлекет тарапынан жалғасатын болады.

Өткен жыл тұрғындарды әлеуметтік қорғауда да табысты болды. Жұмыссыздардың саны азайып, жұмыс сұраған адамдардың 81,5 пайызы жұмысқа орналасты. Жоспарланған 600-дің орнына 656 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Республикалық байланыс торабын модернизациялаудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған. Бүгінгі күні аудан бойынша осы бағдарлама жүйелі түрде орындалуда.

Жаңа сандық радиорелілік Өскемен-Күршім қалааралық жүйесі іске қосылды. 2008 жылы Күршім ауылында, 2009 жылы Теректі ауылында сандық АТС орнатылды.

2009 жылдан бастап сымсыз телефон жүйесіне 3000 абонент, жоғары жылдамдықпен қызмет атқаратын Мегелайн қызметіне 350 абонент қосылды.

Алғашқы Ұлттық «ОTAU-TV» спутниктік сандық телеарнасы ауданымыздың байланысы жоқ, шекарада шалғай жатқан елді мекендерге кеңінен таралып, бүгінгі күні 507 отбасы барлық заманауи әлемдік стандарттарға сай қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілді. Аудан бюджеті есебінен «Тарелка» аз қамтылған 19 отбасына тегін орнатылды.

«Хабар», «Астана», «Еларна», «Қазақстан» телеарналары 39 елді мекенде көрсетіледі.

2011 жылы жеке тұлғалардан 415, заңды тұлғалардан 36 өтініш түсіп, барлығына уақытында жауап берілді.

Халықпен жыл басында өткен кездесулерде айтылған ұсыныс, арыз-шағымдар бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, 5 мәселе бақылауға қойылып, орындалуы жыл бойы бақыланып отырылды. Олардың орындалуы туралы ақпарат газет бетінде қосымша берілді.

Сол сияқты әр ауылдық округ әкімі елді мекендерде берген есептері бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, олардың орындалуы бағытында жұмыстар жүргізді.

Ауданның даму келешегіне қатысты қосымша төмендігіні айтқым келеді:

1. Құйған, Ақжайлау, Маралды, Ұрынхайка және Балықтыбұлақ ауылдарында туристік инфроқұрылым базасы құрылысын жобалау жүргізілуде;

2. «Қаршыға» учаскесінде жылына 750 мың тонна мыс рудасын өндіру бойынша кен байыту кешенінің құрылысын жобалау басталды;

3. Бірінші кезекте Қалжыр өзенінде ГЭС каскады құрылысын жобалау құзырлы ведомстволармен келісіліп, зерттеу-барлау жұмыстарын аяқтау жоспарланды;

4. Шығыс Қазақстан облыстық Үдемелі индустирялық-инновациялық жоспарына енгізілген «Зырян-Майқапшағай» теміржол торабы Күршім ауданы арқылы өтетін болады.

Аталмыш жобалардың барлығы жүзеге асырылғаннан кейін аудан экономикасын дамытуға үлкен ықпалын тигізеді.
Қымбатты жерлестер!
Елбасының халыққа арнаған Жолдауында алдағы атқарылар міндеттер айқын көрсетілген.

1. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. Ағымдағы жылы даярлық және қайта даярлықтан 100-ден аса адам өтеді. Кіші бизнесті қолдау үшін 65 млн. теңге несиелік қаржы бөлінеді.

2. Аудан орталығында кәсіптік лицейдің 5 қабатты жатаханасы шағын отбасылық тұрғын-үй ретінде қайта жөндеуден өткізіледі. Теректі ауылында 16 пәтерлік бос тұрған көпқабатты үй жөнделеді. Жалға тұрғын-үй алушылардың тізімі жасалып, жалдамалық тұрғын-үй құрылысының бағдарламасы жасалады.

3. Аумақты дамыту бағыты бойынша ауданда агроқалашықтар құру жұмысы жолға қойылады. Әсіресе, Сарыөлең, Барақ батыр, Қалжыр, Боран және Теректі елді мекендер базасында агроқалашық құру сұрағы ойластырылуда.

4. Халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою бағытында жұмыстар жалғасады. Осы мақсатта Күршім, Теректі және Боран ауылдарында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту пункттерінің мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады.

5. Ауданда қазіргі уақытта 923 педогогикалық кадрлар қызмет атқарады, оның ішінде: жоғары санатты-87, бірінші санатты-337. Осы жылдан бастап педогогикалық кадрларды қайта даярлықтан және аттестациядан өткізу ережесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Педогогикалық кадрлардың аттестациясы қайта даярлықтан кейін тәуелсіз орталықтарда өткізіледі. Бұл жұмыстардың нәтижесінде білім сапасы жақсартылады.

6. Ауданда халыққа медициналық көрсету бойынша ақпараттандыру жұмысы аяқталды. Келешекте ауруды ерте анықтауға баса назар аударылады. Осы мақсатта аудан тұрғындары медициналық бірлестіктермен қатар, жылжымалы «медициналық пойыздардың» қызметімен қамтамасыз етіледі. Арнайы тізім арқылы тегін дәрі-дәрмектер тарату жүзеге асырылады.

7. Ауданда өнімді шығаруға бағытталған құндылығы жоғары жаңа жобаларды енгізу бойынша жұмыс жалғасады. Оның ішінде: Теректі ауылындағы шағын сүт зауытын, Күршім ауылындағы ет-сүт өнімдерін қайта даярлау цехын, шағын 3000 бастық тауық фермасын және Маралды ауылындағы бал қалбырлау цехын атауға болады.

8. Мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын, сонымен қатар мал азығын дайындау және қыстақ шаруашылығының инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарламалар дайындалады. Фермерлердің қаржыландыру сұрағына кең қолжетімділігіне альтернативтік жолдар іздестіріледі. Мемлекеттің ерекше қолдауына делдалсыз бөлшек сауда айналымы ие болады.

Біздің парызымыз-жоғарыдағы бағдарламаларды абыроймен, жоспарда бекітілген уақытта орындау. Береке-бірліктің және жоғары деңгейде ұйымдастырудың арқасында алдағы межелерді орындайтынымызға сеніміміз мол.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Похожие:

Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconАудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезисте р
...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconЦелиноград ауданының әкімі М. Т. Мыңжановтың 2009 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылдың тапсырмалары туралы есебінен алынған тезисі
Целиноград ауданының әкімі М. Т. Мыңжановтың 2009 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылдың тапсырмалары...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconҚұрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»
Ақтөбе қаласының әкімі А. Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconМаңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға,...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconҚұрметті ақтөбеліктер! Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 10. 00 – де облыс әкімдігінің конференц – залында облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Ақтөбе облысының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға койылған міндеттер
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 10. 00 – де облыс әкімдігінің конференц – залында облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Ақтөбе облысының...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылдың қаңтар-маусым айындағы қорытындылары туралы хабарлам а
Аудан бойынша қолданыстағы бағамен 169,5 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өнім өндіру 99,2 ке артық...
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер icon1. Жалпы мәліметтер 3
Есептік жылдың қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница