Мәуліт мерекесі аталып өтілді




Скачать 185.85 Kb.
НазваниеМәуліт мерекесі аталып өтілді
Дата конвертации07.01.2013
Размер185.85 Kb.
ТипДокументы
Мәуліт мерекесі аталып өтілді

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «Қызыр» атындағы мешіттің ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбар с.ғ.с-ның туған күніне орай мәуліт мерекесі өткізілді.

Күллі мұсылман әлемі жыл сайын бір айы бойы тойлап өткізетін мерекеге халық өте көп жиналды. Жамағат бұл діни шарадан рухани нәр алды деп айтуға да болады.
Мәуліт мерекесінде аудандық «Қызыр» атындағы мешіттің бас имамы Әділ Райымбек ислам дінінің негізін қалаушы, Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбар с.ғ.с-ның атына салауат айтып, жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтады. Сауабы мол мәуліт мерекесіне «Мұрагер» пансионатының ұстазы Расул Ғаламұлы, Әбубәкір Сыдық мешітінің найб имамы Руслан Маменталибұлы қатысты.

Мереке басынан соңына дейін діни бағытта өрбіді. Пайғамбардың өмірі мен жақсы қасиеттері насихатталып, діни өлеңдер айтылды. Меркеге арнайы қатысқан облыстың «Мұрагер» пансионатының шәкірттері діни өлеңдер айтып, салауат оқыды. Танымал зейнеткер ұстаз Үздембаева Бижамал әже арнауын нақышына келтіре оқыды. Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің ұстазы Ажар Бегендікқызы күй тартып, мерекенің мерейін асыра түсті.

Ислам жолы – иманды жол. Мұны жастардың танып білгені, насихаттағаны өте құптарлық іс. Сондықтан мәуліт мерекесі барысында діни шараларға үнемі қатысып, мәуліт мерекесі жөнінде шығармалар жазып, исламның ақ жолын насихаттап келе жатқан мектеп оқушыларына аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Алғыс хатты аудан әкімінің көмекшісі Қ.Шамшиев тапсырып, барлық жамағатты ұлық мерекемен құттықтады. Сондай-ақ аудандық мешітке үнемі көмек көрсетіп келе жатқан жомарт азаматтарға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлының алғыс хаты жолданды.

Қадыс Жазира.
Білікті ұстаз – мектептің мақтанышы

Бүгінгі таңда мемлекетіміз педагогтерге өз мемлекетін сүйетін, оның келешегін әлемге әйгілі етер ұрпақты тәрбиелейтін тұлға есебінде, оларға үлкен сеніммен қарап отырғаны баршамызға аян. Ұстаз еңбегі - инемен құдық қазғандай, көзге көріне бермейтін, түсінгенге маржан, түсінбеске арзан қызмет. Оның машақаты мол, жолы соқпақты асуларға толы, көзге көп түсе бермейтіндігін білгендер бұл жолға көп көңіл бөлмейді. Өз кәсібін шын сүйген адамға қиын істің өзі де оңай әрі қызықты, жеміске толы болатыны анық. Міне, осындай кәсібінен несібе тапқан ұлағатты ұстаздар саны Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде де баршылық. Дана халқымыз «Жас келсе іске...» деген қанатты сөзі бұған бұлтартпас мысал. Мектебімізге соңғы жылдары келген жас ұстаздар Мұқатаева Айгүл Мауытханқызы, Барақбаева Гүлнар Түлекқызы және Абылқайыр Ажар Бегіндікқызы өздерінің келешекте аудан мақтанышы бола алатындықтарын істермен дәлелдеуде. Математика пәні мұғалімі Мұқатаева Айгүл Мауытханқызы ОПМБАИ-та өткен «Дағдарыс жағдайлары: өзекті мазмұны және педагогтардың оқушылармен жұмыс әдістері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Қиын бала қайдан шығады?..» деген тақырыптағы мақаламен қатысты және қорғады. Конференцияның негізгі көтерген ауқымды мәселесі – жасөспірімдердің қылмыс жасаулары және суицид жайлы болды. Конференцияға жіберілген 42 жұмыстың ішінен 18 еңбек таңдаулы деп табылып, жеке жинақ болып басылатын болды. Соның ішіне Мұқатаева Айгүл Мауытханқызының да еңбегі еніп, арнайы сертификатпен марапатталды.

География пәні мұғалімі Барақбаева Гүлнар Түлекқызы облыстық деңгейде өткен мұғалімдердің пән олимпиадасына аудан намысын қорғады. Екі кезеңнен тұрған жарыс нәтижесінде Барақбаева Гүлнар Түлекқызы жүлделі ІІ орынды иеленді, әрі арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Осындай аудан намысын абыроймен қорғаған жас мұғалімдерімізге еңбектеріңіз жана берсін демекпіз.

Насыр Ақсайи,

Сайлаудың әділ өтуі үшін

28 наурызда кетіп қалған аудандық мәслихат депутатының орны үшін №2 Алексеевка сайлау округінде сайлау өткізіледі. №2 Алексеевка сайлау округінің құрамына 5 сайлау учаскесі кіреді. Аталған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың саны – 1392.

Сайлау өткізудің маңызы айрықша жоғары. Ең бастысы сайлаушылардың еркін таңдау білдіруі үшін сайлау заңға сәйкес өткізілуі тиіс. Осыған байланысты аудандық прокуратура жанынан сайлаудың заңға сәйкес өткізілуін қадағалайтын жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ азаматтарды өтініштері бойынша әр күн сайын қабылдаудың жоспары бекітілді. Егер де сайлау туралы заңның талабы бұзылған жағдайлар орын алатын болса азаматтардың ол жөнінде аудандық прокуратураға хабарлауына болады, әрі өтініш білдірген азаматтарды аудандық прокуратураның қызметкерлері күн сайын қабылдайды.

Құрметті аудан тұрғындары және сайлаушылар!

Егер де сіздер өздеріңіздің еркін таңдау білдірулеріңізге кедергі болатын заңға қайшы қандай да бір оқиға орын алатын болса аудандық прокуратураға хабарлауларыңызға болады.

С.Ахметов,

аудан прокурорының көмекшісі.
Алғырлар сайысы

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде Абай атындағы жалпы білім беру орта мектебіндегі «Толқын» балалар ұйымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы қандай болу керек?» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойында 8-10 сынып оқушылары белсенділік танытты.

Аталмыш сайыс үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезең «Бәйге» деп аталып, онда сегіз түрлі пән бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар пәндік білімдерін бұл бөлімде көрсете білді. 9 сынып оқушысы Негманов Даурен мен 10 сынып оқушысы Серік Рамазан жүргізуші қойған сауалдардың барлығына дұрыс жауап таба білді. «Сөздік қор» деп аталатын екінші кезеңде оқушылар «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз құрастырды. Бұл кезеңде 10 сынып оқушысы Каменов Қуатбек көзге түсті. Ол Қазақстан сөзінен 25 сөз құрастырып, шапшаңдығымен ойынға қатысушыларды таң қалдырды. Үшінші кезеңде сайыскерлерге «Дағдарыстан қалай шығуға болады» тақырыбында ой толғау жазу тапсырмасы беріліп, оны шешен тілмен жеткізе білу талабы қойылды. Аталмыш талапты сайыскерлердің барлығы да жақсы деңгейде орындай білді. Дегенмен араларында ең жас сайыскер 8 сынып оқушысы Аубакиров Мәди өзінің идеяларын ұсынды. «Дағдарыстан»,- деді ол: «тек сапалы білім арқылы ғана өтуге болады. Себебі білімді де білікті жас мамандар бұл мәселенің оңтайлы шешу жолдарын қалыптастырып, экономикамыздың өрлеуіне септігін тигізеді. Ал экономикасы дамыған мемлекетте тұрақтылық та, бейбітшілік те болады. Оған Елбасымыздың биылғы Жолдауы дәлел»,- деп Елбасы Жолдауындағы маңызды стратегиялық көрсеткіштерді атай білді.

Сайыс нәтижесіне тоқталсам үшінші орынды Қ.Каменов иеленсе, екінші жүлдені Д.Негманов пен М.Аубакиров бөлісті, бас жүлдені С.Рамазан қанжығасына байлады.Сайыс барысында оқушылар аудан орталығындағы №1,№2,№3 орта мектеп оқушылармен бұл сайыс бойынша ақтық сынға шығуға ниет білдірді. Сайыс соңында оқушыларға Ұлы Отан соғысы ардагерлері жайында дәріс оқылып, танымдық экскурсия өткізілді.

Ажар Бегендікқызы,

Шарбақты селосы.


Ұлыстың Ұлы күні

Ұлыстың ұлы күні Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22-сі, күн мен түннің теңесу кезіне келеді. Күн мен түннің теңелгені, түннен күнге бет бұрған, табиғаттың барлығы гүлденген, өскен, қытымыр қыстың беті қайтып, күллі дүние қайта түлеген мезетке сәйкеседі. Наурыз – шын мәніндегі көктем мерекесі!

Ол тек қазаққа тән мейрам емес, бүкіл шығыс халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келе жатыр. Басында диқаншылық пен айналысатын иран тілдес Орта Азия халықтарының күннің жаз мезгіліне ауысқанда егіс өсіру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрінен шыққан. Сондықтан да парсы тілінде «ноу – жаңа, руз - күн», яғни «жаңа күн» мағынасын береді. Расында да күллі дүниені қайта түлеткен жаңа жылы да шуақты күндердің басы саналатын ұлыстың ұлы күнін еліміздегі барлық ұлт өкілдері тойлауда.

Ұлыс күні Қызыр ата табалдырықтан аттайды, ренішті ұмытып, кінәні кешірісетін, жастары жасамысына сәлемін, қарттары ұрпағына батасын беретін бұл күні Қызыр атаның ақ тілегі қабыл болады.

Наурыз - ең көне мейрамдардың бірі. Тарихы тереңде жатқан бұл мереке елімізде ұзақ жылдар бойы тойланып келеді. Әр уақытта іргесі сөгілмеген бірліктің, еңселі елдіктің, ырыс пен бақ-берекенің мерекесі болып саналған халқымызда. Қыстың қиыншылығынан шыққан халқымыз бір бірімен қауышып, бір-бірімен төстесіп, ағайынның аманшылығын біліп, өткенге салауат деп, келешектен бақыт тілеп наурыз көже ішетін болған. Бұл күні ұрысқан ағайын табысатын, жастар бір-бірімен махаббаттарын одан әрі асыратын, барлық жаманшылық ұмытылатын, жақсыға қарай бет бұратын кез болған.

Өкінішке орай, Кеңес заманының өткенді ұмыттыруға, тарихтан, тамырдан бөлуге бағытталған саясатының кесірінен бұл мейрамнан біраз жыл ажырап қалдық. 1926 жылы сол кездегі биліктің шешімімен наурызды атап өтуге ресми түрде тыйым салынды. Араға 62 жыл салып ұлтжанды азаматтарымыздың табандылығының арқасында ұлыс күні ел ішіне қайта оралды. Ал, тәуелсіздік таңы атқаннан кейін 1991 жылы халықтық мереке елбасының жарлығымен мемлекеттік мейрам ретінде жарияланды. Содан бері ұлыстың ұлы күні барша қазақстандықтардың сүйікті мерекесіне айналды. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Көргені көп кейуана

1941 жыл ел тарихындағы ең үрейлі, ең бір ауыр жыл болды. Сол жылы неміс фашистері елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, қанды соғыс басталды. 1418 күнге ұласқан соғыста сан миллиондаған боздақ қаза тапса, өрімдей жас қыздар ауыр еңбекке жегілді. Солардың бірі – Жылыбұлақ ауылының тұрғыны, қарт әже Сабирзянова Әсия Ахметжанқызы.

Әсия әже тағдыр теперішін ертерек тартты. Сондықтан болар:

Келеді қара бұлт,

Жауады жаңбыр боп.

Ата-ана қолында,

Өспедім бала боп,- деп өткен өмірін жиі-жиі ойына алады. Ойына алған сайын жанарына жас үйіріледі.

Әсия әженің туған жері - Қазан қаласына жақын орналасқан үлкен Атыз ауданына қарасты Төменгі Бәрәски селосы. Ұлты татар. 1923 жылдың қыркүйек айында өмірге келген әже бүгінде 87 жастан асып барады. Аумалы-төкпелі кезеңде Әсия әже талай жердің дәмін татып, қалған өмірін Жылыбұлақ ауылында жалғастырып келеді. Өткен өміріне назар аударсақ, Әсия әженің 4 жасында анасы қайтыс болып, нағашыларының қолында тәрбиеленген. Нағашылары жиенін 13 жасқа дейін тәрбиелеп, бұдан кейін әкесінің қолына тапсырған. Бұл кезде әкесі басқа әйелге үйленген болатын.

Есейе келе Әсия ауылдың жұмысына араласты. Соғыс басталған жылдарда аудандағы Ленин атындағы колхозда жұмыс істеп бірде бақша суарса, бірде астық жинау науқанына қатысты. Бұғанасы қатпаған жас қызға мұндай жұмыстарды атқару оңай болған жоқ. Бел шешпей жұмыс істейтін ауыр күндер осылай өтіп жатты. Сондай күндердің бірінде еңбек майданына жұмысшы қажет болып жергілікті билік өкілдері ауыл жастарының ішінен белсенділерді осыған шақыра бастады. Бұл 1944 жыл еді. Неміс армиясы шегініп, кеңес әскерлерінің шабуылды үдеткен кезеңі. Сондықтан соғыс кезінде қираған елді мекендерді қалпына келтіру үшін қосымша жұмыс күшін ел арасынан іздестіре бастаған. Осылайша Әсия әже туған ауылының 6 қызымен бірге еңбек майданына аттанды.

Еңбек майданына аттанған алты қыз өздері қатарлы құрбыларымен бірге Москва, Рязань, Коломна ормандарында ағаш кесті. Кесілген ағашты көлікке тиеді. Құрылыс материалдары үшін деп кесілген жасыл қарағайды көлікке тиеу оңай емес. Арып шаршады. Киім де жыртылды. Ел басына қиыншылық түскен ауыр кезең болғандықтан бұларға берілетін жылы киім де жоқ. Тойып ішер тамақ та тапшы. Ауыр ағашты көтеремін деп жарақат алған қыздар да болды. Сондай күндердің бірінде қыздарды Москва маңындағы бір станцияға апарып торф қаздырады. Торф – дегеніміз жердің шымы. Яғни қою өскен шөптің тамырымен оралып тығыздалып қалған жердің топырағы. Шымды қазып алып, оны вагонға тиейді. Сазды келетін орманды жердің шымын қазу оңай жұмыс емес. Қыздардың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түседі. Осы кезде әбден шаршап жүдеген қыздарға өздері тұратын үйдің жесір кемпірі ақыл айтып, қыздарды М.И.Калининге жағдайларын айтып өтініш жаздыртады. Араларындағы жазуы әдемі Рахила деген қыз хатты жазып, оны Сабирзянованың атынан жолдайды. Жазған өтініш жауапсыз қалмайды. Көп кешікпей Сабирзянованың өтінішіне Калининнен жауап келіп, қыздарға бас киім, күртеше және пима беріледі. Осы бір ауыр күндер жөнінде Әсия әже: «Калининнің көмегінің арқасында жылы киім киіп, бір рахаттанып қалдық» деп еске алады.

Аз уақыт шым ойған қыздар қайтадан ағаш дайындауға барады. Жұмыс ауыр болғанымен орманның ішінде байлық көп. «Орман патшадан да бай» деген орыс халқының мақалы бар. Ағаш дайындап жатқан қыздар қойнауында байлығы толып жатқан орманның қымыздықтары мен ландыш гүлдерін жинайды.

-Орманда ағаш кесеміз, орнын тазалаймыз. Кейбір демалыс күндері қымыздық пен ландыш гүлдерін жинап алып, Москава қаласының Преображенка базарына апарып сатамыз да ақшасына киім және тамақ сатып аламыз,- деп өткен күндерді еске алады Әсия әже.

Еңбек майданында Әсия әже үш жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Осы бір үш жылда небір ауыр жұмысты істеп, аштықты көрді. Москваның ылғалды орманында суыққа тоңды. Бірақ, еңбек пен қатал өмір адамды шынықтырады дегендей жасымады. Үш жылдан соң туған ауылына 1947 жылы оралды.

Әсия әже қазақ жеріне 1949 жылы табан тіреді. Шындығын айтқанда Қазақстанға келуінің өзі тосыннан болды. 1949 жылы Әсия жұмыс істеп жүрген Ленин колхозына жұмысқа шақыратын мамандар келіп, Қарағанды шахталарына жұмыс күші қажет екенін жариялайды. Әсия әже бірден тізімге жазылып, Нафиға, Майсара есімді екі құрбысымен Қазан қаласында пойызға отырып, үш күн жүріп Қарағандығы келеді. Келіп жеткен қыздар әуелі моншаға түсіп, соңынан жатақханаға орналасады. Жұмысқа да көп кешікпей шығады. Әсия әже Қазақстандағы ең жолын Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан Костенко шахтасында моторист болып бастады. Болашақ жары, арқа сүйер азаматы Қаратай Жүнісовты да осы шахтада кездестірді. Ол шахтада слесарь болып жұмыс істейтін. Екі жас 1950 жылы үйленіп, өмірге екі бала әкеледі.

Шахтаның жұмысы жеңіл емес. Ауыр, әрі денсаулыққа да зиянды. Мұнда 10 жыл жұмыс істеген соң жолдасы Қаратай қазіргі Жылыбұлақ ауылындағы нағашыларына көшіп келеді. Бұдан соң Әсия әже жолдасымен бірге ұзақ жылдар ауыр шаруашылығы саласында жұмыс істеді. Жолдасы 1995 жылы өмірден өтті.

Әсия әженің өмірі өнеге. Өмірдің ащысын да, тұщысын да көрген әже қиындықтарға мойымады. Бұл күнде немере мен шөберенің қызығын көріп отырған бақытты әже.

Сұлушаш Қалдыбаева,

Жылыбұлақ ауылы.
Асыл тұқымды мал өсіру

Мол табысқа кенелудің бірден бір көзі

Республика тұрғындарының 50 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұратын әрі олардың басым бөлімі тек қана мал өсірумен шұғылданатын еліміз үшін асыл тұқымды мал өсірудің маңызы айрықша жоғары. Осыған орай мал тұқымын асылдандыру жолдары ауданда жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Мал тұқымын асылдандыру аз ғана уақыттың ішінде жүзеге асырылатын шаруа емес. Бұған уақыт қажет. Кемінде 3-4 жыл жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мал тұқымы асылданады. Осыған орай ауданда соңғы 5-6 жыл бойы қара малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, қара малды қолдан ұрықтандыру жұмысы толығымен оң нәтижеге қол жеткізді деп айта алмаймыз. Кемшіліктер әлі де бар. Соның бірі қара малды ұрықтандыратын мамандар жұмысының нақты арнаға түспеуі. Біріншіден мал тұқымын асылдандыру өте маңызды жұмыс болғанымен қара мал ұрықтандыратын мамандар жылдың төрт айында ғана жұмыс істейді. Оның өзінде оларға жоғары еңбекақы төленбейді, әрі жұмысын ынталандыратын қосымша ақы да берілмейді. Егер де жұмысы тұрақты болып, жұмысын сапалы жүргізген мамандарға қосымша ақы төленетін болса жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан халық арасында қолдан ұрықтандырған малымыз іш алмай, қысыр қалды деп реніш айтып жүрген тұрғындардың бар екені де жасырын емес.

Мал тұқымын асылдандырудың басқадай жолдарын іздестіріп жатқан серіктестіктер бар. Ауданда асыл тұқымды қара мал өсіретін екі серіктестік жұмыс істейді. Соның бірі – «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы «Даланың қызыл сиырын» өсіретін серіктестік мәртебесін алған. Мұнда 770-ке жуық қара мал болса, оның 470-і сауын сиыры болып табылады. Екіншісі 2009 жылы асыл тұқымды қара мал өсіретін серіктестік мәртебесін алған «Түгелбай» серіктестігінде 270 қара мал болса, оның 110-нан астамы сауын сиыры. Даланың асыл тұқымды қызыл сиырларының ерекшелігі олар әрі етті, әрі сүтті болып келеді.

Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алмағанымен мал тұқымын асылдандыруға, сол арқылы мол өнім алуға құлшыныс танытып жатқан шаруашылықтар бар. Солардың бірі «Абай» серіктестігі «Симментал» тұқымына жататын 36 бас құнажын сатып алған. «Ива» және «Сосновка» серіктестіктері де асыл тұқымды қара мал өсіруде. Жекелей атап өтерлігі «Ива» серіктестігі асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен шұғылдануда. Қазақтың ақбас сиырлары өте мол ет береді.

Мал тұқымын асылдандыруға республика үкіметі үстіміздегі жылдан бастап ерекше назар аудара бастады. Таяуда ғана ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарға субсидия берілетінін мәлімдеді. Бұған дейін үкімет басшысының қаулысы қабылданып, сол бойынша мал тұқымын асылдандыратын шаруашылықтарға субсидия беру тәртібі бекітілген болатын. Бір ерекшелігі асыл тұқымды малды өсірумен қатар оны сататын шаруашылықтарға да субсидия беру көзделінген. Үкіметтің осы мақсатты көздейтін қаулысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Ауданда қара мал басы өсіп келеді. Соңғы дерек бойынша серіктестіктер мен жеке меншікті қоса есептегенде 34500-ге жуық қара мал бар. Бұл да аз емес. Бірақ мұның барлығы етті, сүтті мал деп айта алмаймыз. Өнімді аз беретін малды өсіріп отырған жеке меншік иелері мен шаруашылықтар өте көп. Дәлірек айтқанда мал өсіргенімен шығын көп, пайда аз. Сол үшін ендігі мақсат – мол өнім беретін асыл тұқымды мал өсіру.

Қ.Қасымбаев,

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас зоотехнигі.
Жедел шара

16-18 наурыз аралығында аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық оқиғалардың алдын алу мақсатында «Құқық тәртібі» жедел шарасын өткізген болатын. Жедел шараның алғашқы күнінде бірқатар қылмыстық оқиғалардың беті ашылды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің алдын ала берген мәліметі бойынша 4 қылмыстық іс ашылып, заңсыз қару сақтаудың 3 оқиғасы анықталған. Сондай-ақ 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның ішінде 10 адам қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген адамдар болып табылады. Бұған қосыла Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзуға қатысты 3 дерек анықталды.

«Құқық тәртібі» шарасының толық қорытындысы туралы алдағы сандарда хабарлаймыз.
Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезі — бұл созылмалы, жұқпалы ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Сондықтан аурудың алдын алу үшін ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан алдын ала сақтану қажет.

Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері: ұдайы жөтел болады, ертеңгісін ұйқыдан тұрған кезде жөтел қатты қинайды, түстен кейін аздап ыстық көтеріледі және түнде терлеп қалады, кеуде немесе белдің жоғары бөлігі ауыруы мүмкін. Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі.

Аурудың келесі сатысында науқас жөтеліп, қан түкіреді, әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де болады. Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың терісі, әсіресе беті ақшыл тартады. Дауысы қырылдап шығады.

Жас балаларда жөтелден кейін ұдайы салмағын жоғалту, жиі-жиі ыстығы көтерілу, тері түсінің бозарып, мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.

Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін.

Егер туберкулезбен ауырып қалған шығармын деп сезіктенсеңіз, жедел дәрігерге көрініңіз. Туберкулездің алғашқы белгісі білінісімен теріге, қақырыққа немесе түкірікке анализ жасатып, рентгенге түсу үшін емханаға барыңыз. Көптеген елдерде туберкулезге қарсы дәрілер тегін беріледі. Бұл жөнінде жақын маңдағы сауықтыру мекемесінен сұрап біліп алыңыз.

Туберкулезбен ауырған адам мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам түрлерін көбірек ішуі қажет.

Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз, жаныңызды жабырқатпаңыз.

Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. Дененің басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен емделеді. Бұл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға тура келуі мүмкін.

Туберкулез өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге тұратын, әсіресе балалар, бұл ауруды тез жұқтырады

Егер сіздің үйіңізде біреу туберкулезбен ауырса отбасы мүшелерінің бәрі анализ тапсыратын болсын. Балаларды туберкулезге қарсы прививкамен вакцина жасатқызыңыз. Отбасы мүшелерінің бәрі, әсіресе балалар жақсы тамақтануға тиіс.

Туберкулезбен ауыратын адам ауырып жүрген кезінде балалардан бөлек мүмкіндігінше жеке бөлмеде ұйықтап, жеке бөлмеде тамақтанғаны жөн. Отбасы мүшелерінің бәрінің салмағындағы өзгерістерді және туберкулездің басқа да белгілерін қадағалап отырыңыз. Жұғу қаупі жойылғанша ай сайын барлық отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды өлшеп тұрған жөн. Туберкулез отбасы мүшелерінде өте жай және кенеттен басталады. Аурудың белгісі сәл білінісімен жедел тексертіп, бірден емдеуді бастаңыз.

Ауруды асқындырмай алдын алу және толықтай емделу — аурудан құлан-таза айығудың кілті.

Мұрат Гауриев,

аудандық туберкулезге қарсы аурухананың дәрігері.
Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыстың ұлы күні - әз наурызды шарбақтылықтар көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Мерекелік думан ауданда 20 наурызда басталды. Дәл осы күні аудан орталығындағы «Айгөлек» балабақшасында басталған думанды шара мектептерде жалғасып, соңынан аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты. Әсіресе 22 наурызда өткен мерекелік концерт мейрамның мерейін асыра түсті. Бұл күні ауданның орталық алаңына киіз үй құрылып, спорт кешенінде ұлттық спорт ойындары өткізілді. Наурыз бата беріліп, мейрамға келген халық ұлыс күннің басты тамағы наурыз көжеден дәм татты.

Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша аудандағы ұлттық мәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар арасында конкурс жарияланған болатын. Конкурс жеңімпазы болып қазақ халқының 31 түрлі тағамын дайындаған мұсылман әйелдері лигасының аудандық филиалы танылды. Екінші орынды славян мәдени, үшінші орынды шешен-ингуч мәдени бірлестіктері иеленіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Балабақшадағы әз наурыз

Наурыз мерекесін бастаған «Айгөлек» балабақшасының «Аққайың» тобы әз мейрамды өзіне тән ерекшеліктерімен өткізді. Атап өтерлігі бұған дейінгі наурыз тек қана балалардың қатыстырылуымен өтетін болса, бұл жолы ата-аналар да өнер көрсетті. «Абай», «Өнер» және «Шебер» ауылдарына бөлінген ата-аналар мен балабақша балалары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді. Ұйымдастырушылар болса наурызды ата-аналармен бірлесе өткізудің тәрбиелік маңызы өте жоғары деп атап өтті. Мәселен «Абай» ауылы ұлы ғұламаның әндерін айтып, өмірбаяны жөніндегі деректерді балаларға түсіндірсе, «Шебер» ауылы қазақтың қолөнерін дәріптеп, киіз үй жөнінде мол мағлұмат берді. «Ал, «Өнер» ауылы өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балабақшаның балалары да ата-аналарынан қалыс қалмады. Олар да өнер көрсетті. Наурыз жөнінде тақпақтар айтып, мың бұрала биледі. Қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті. Жалпы алғанда наурыз үлкен мен кішіге ортақ ұлық мереке екенін балабақшаның бүлдіршіндері дәлелдеп берді.

Мектептегі ӘЗ НАУРЫЗ

Жылыбұлақ негізгі жалпы білім беру мектебінде дәстүр бойынша «Қош келдің, Наурыз!» деп аталатын көктем мерекесі тойланды. Ұлыстың Ұлы күні - наурызға арналған мерекелік шараның ұлттық сипатта өтуіне мұғалімдер мен оқушылар ғана емес, ата-аналар да үлкен үлес қосты.

Думанды шараның алғашқы бөлімі «Мерекелік жәрмеңкеде» атауымен ұлттық тағамдар мен оқушылардың қолөнер туындылары келген көрермендерге ұсынды. Ал, екінші бөлім «Наурыз айы туғанда» атауымен өткізілді. Жалпы алғанда ауыл мектебінде өткен мерекелік шарада қазақ халқының «шілдехана», «бесікке салу», «баланы қырқынан шығару», «тұсау кесу» жоралғылары көрсетіліп, әз наурыздың соңы өнерлі оқушылар шырқаған ән мен күйге ұласты.

Д.Қ.Ниязова,

Жылыбұлақ мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
бАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ

№1 Шарбақты орта мектебінде орналасқан шағын балабақшаның «Балапан» және «Көбелек» топтары наурыз мейрамын тойлап өткізді. Мереке күні ұлттық киім киген 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салды. Салт – дәстүр көрінісін ұйымдастырып, бүлдіршіндер ертегілер көрінісін көрсетіп, өлең айтып, билеп наурыз мейрамы көңілді өтті. Шағын балабақшада осындай мерекелі кеш өткізудің бүлдіршіндерге берер тәрбиесі мол. Осы орайда наурыз мерекесінің өз мәнінде балабақша тәрбиешілері Кокина Индира, Оразбаева Шынар, Райымбек Мейрамгүл және Сейтахметова Бақыттың еңбектері мол екенін атап өткен жөн.

Қадыс Жазира.

Қамқорлыққа алынған интернат

Хмельницкий ауылындағы коррекциялық мектеп интернатында мүмкіндігі шектеулі балалар білім алады десек те мұндағы жағдайды қоғамнан оқшау қарауға болмайды. Мұнда балаларға белгілі бір деңгейде білім берілумен қатар олардың өздеріне лайықты кәсіппен шұғылдануына ерекше назар аударылған. Яғни, мұндағы білім мен тәрбие алып жатқан балалар болашақта белгілі бір мамандықты игеріп шығады деп айтуға толық негіз бар.

Интернатта әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамыту және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасау жұмыстары жүргізеді. Ең негізгісі мұнда дәрігерлердің бақылауына ала отырып, балалардың денсаулықтарының оңалып кету жолдары үнемі бақылауға алынған. Қазір мұнда балалар дәрігері, невролог дәрігерлер жұмыс істейді. Сондай-ақ 5 дефектолог, 1 логопед және 1 психолог маманы – жұмыс істейді. Сонымен қатар 26 педагог маман білім беретін болса, 17 тәрбиеші балалардың күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық–пайдалы жұмысқа араласуын, бос уақытын ұйымдастыруын және қосымша білім алуын қадағалайды.

Қазіргі кезде коррекциялық мектеп интернатында барлығы 81 бала білім алады. Мұнда тек қана Шарбақты ауданының балалары білім алады деп ойлауға болмайды. Мұнда Павлодар қаласы мен Қашыр, Успен, Лебяжі аудандарынан келген балалар да бар.

Мамандардың айтуына қарағанда мұнда білім алып жатқан балалардың тұлға болып қалыптасуына толық мүмкіндік бар. Бірақ та коррекциялық мектепке балалар уақыттарын өткізіп алып барып, соңынан келеді. Егер де мүмкіндігі шектеулі балаларды мұнда дер кезінде, яғни бірінші сыныптан бастап қабылдайтын болса олардың білім алуына да жеңіл болады. Себебі балаға жастай берілген білім олардың санасына тез қабылданады.

Биылғы жылы коррекциялық мектепті 7 оқушы бітіреді деп күтілуде. Жоғарыда атап өткенімдей мұндағы балалар екі түрлі мамандық иеленіп шығады. Мәселен қыз балалар тігінші, ұл балалары ағаш шебері мамандықтарын игереді. Бұл мамандықтар қай кезде де еңбек нарығында сұранысқа ие. Тіпті осында білім алып, тігінші немесе ағаш шебері болған балалардың болашақта кәсіпкерлікпен шұғылдануына да болады.

Интернат мектебінде білім алатын балаларға толық жағдай жасалған. Балалардың барлық қажеттіліктері бюджет қаржысы есебінен төленеді. Ішетін тамақтары құнарлы. Жалпы алғанда, коррекциялық мектеп интернатындағы балалар мемлекеттің толық қамқорлығына алынған.

Қадыс Жазира.

Похожие:

Мәуліт мерекесі аталып өтілді icon«Су, су айналаның барлығы су» тақырыбында өтілді. Тақырыбы: «Су, су айналаның бәрі су»
«Су ханшайымы» атты тақырыппен алынған жаратылыстану пәндер апталығынын он күндігін қорытындылау мақсатында конференциялық сабақ...
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconМәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі

Мәуліт мерекесі аталып өтілді icon«Тұсау кесер» салты. І-жүргізуші
«Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем...
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconБелгілі ғалым М. Спектордың аграрлық сектордағы қызметіне 50 жыл толу мерейтойы атап өтілді

Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconАҚ еб "Альфа-Банк" visa халықаралық корпоративті төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы келісім акционерлік Қоғам Еншілес Банк «Альфа-Банк»
К» деп аталып, атынан, негізінде әрекет етуші және, бұдан ары «Клиент» деп аталып, негізінде әрекет етуші, екінші тараптан, бұдан...
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconШығыс Қазақстанда 2010 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі. Алғы сөз «2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер»
«2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесін А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан...
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconШығыс Қазақстанда 2010 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі. Алғы сөз «2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер»
«2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбегін А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан...
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconШығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер...
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconҚұрметті науырзымдықтар!
Халқымыздың тарихында 9 мамыр күні ұлы, салтанатты және жарқын мерекесі болып саналады
Мәуліт мерекесі аталып өтілді iconХалықаралық әкелер күнін әлемнің 52 елі мусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр
Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр. Бұл күні отбаслық кештер әке мен балаға арналады, сонымен бірге ұрпақтың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница