Скачать 0.75 Mb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы А.Х. Арғынов, Р.А. Жұмақанова Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулықАлматы, 2009 ж. А.Х. Арғынов, Р.А. Жұмақанова Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.- Алматы: Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы, 2009.- 41 б.© Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы, 2009 Мазмұны
Алғысөз Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі қол қойылған алғашқы халықаралық құқықтық құжаттарының бірі бала құқықтарын мойындайтын және қорғайтын мықты заңды құрал Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады. Қазақстанның халықаралық бірлестіктің құқықтық субъектісі ретіндегі балалардың құқықтарын қорғауға қатысуға ұмтылысы оған тиісті міндеттемелер жүктейді. Бұл, ең алдымен, бала құықтарын қорғау жағдайлары мен тетіктерін құру, елдің заңнамалық актілеріндегі балаларға қатысты халықаралық нормаларды қолдану, Бала құқықтары туралы конвенция материалдарын міндетті білім беру мазмұнына қосу және өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық білім алуын кеңінен ұйымдастыру. Бала құқықтары туралы конвенция елімізде Қазақстан Республикасы Парламентімен 1994 жылдың 8 маусымында бекітілді. 2002 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл оқиғалар оқушылардың құқықтық құндылықтарын, қатынастарын және нанымдарын қалыптастыруға бағытталған оқытушы кадрларды дайындау, жаңа оқу курстары мен материалдарын әзірлеу және енгізу проблемасын көтерді. Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалды. Бұл нұсқаулықта оқушыларды балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы бала құқықтарына оқытуды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған. Оқу құралының міндеті:
Бұл құрал мектеп әкімшісі, орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялар мен колледждердің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы; педагогикалық жоғары оқу орындарының және Мұғалімдердің біліктілігін көтеру институттарының мамандары мен әдіскерлері, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары, қоғамдық және жастар ұйымдарының жаттықтырушылары үшін пайдалы болуы мүмкін. Оқу құралының материалдарын сабаққа дайындалу және сабақ жүргізу, семинар, консультация, байқау, бала құқықтары жөнінде форумдар өткізу барысында қолдануға болады. Оқу құралында адам құқықтары саласындағы білім беру міндеттері қарастырылады. Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы оқушыларды бала құқықтарына оқыту ресурсы ретінде қаралады. Құралда бала құқықтарына оқытудың әдістемелік талаптары, бала құқықтарына оқыту барысында балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Оқу құралының қосымшасында Бала құқықтары туралы конвенцияның, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы баптарының балаларға арналған нұсқасы, Бала құқықтары декларациясының жеңілдетілген мәтіні және бала құқықтарына оқыту барысында қолдану тиімді болуы мүмкін практикум келтірілген материал берілген. 1-бөлім. Адам құқықтары саласындағы білім беру Құқықтық білім берудің маңызды шарттарының бірі – мектеп қабырғасында, қазіргі заманғы қоғамға біріктірілген және осы қоғамды жетілдіруді көздеген адам-азамат қалыптастыруға бағытталған оқушылардың сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс қызметін ұйымдастыру барысында құқықтық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін меңгерген құзырлы мамандарды, әдіскерлер мен педагогтарды дайындау қажеттілігі. Адам құқықтары саласындағы білім беруді анықтау кезіндегі басты элемент оның мақсаты болып табылады, өйткені әдіснамасы мен мән-мағынасына қарамастан ол адам құқықтары мәдениетін дамытуды көздейді. Мұндай мәдениеттің аса маңызды элементтері адам құқықтары саласындағы білім берудің жалпы міндеттерін анықтайды, олар:
Балалық шақ – бала құқықтарын оқытуды бастау үшін ең ыңғайлы уақыт, осы шақта алған білім өмір бойы ұштала бермек. Мұның өзінде, адам құқықтары саласындағы білім берудің үштала түсетін жалпы міндеттерін баланың қоғамдағы және отбасыдағы өмірлік тәжірибесін, сондай-ақ оның басқа балалармен және ересектермен жеке қатынасының қалай қалыптасуын ескере отырып, кішкентай баланың өмірін нақты көріністірмен толтыратындай ыңғайластыруға болады. Бала құқықтарын оқыту өз-өзіне деген сенімділік пен әлеуметтік төзімділік қасиеттеріне тәрбиелеуге, адам құқықтарының бүкіл мәдениетінің басты құрамдас бөліктеріне бағытталған:
Бала құқықтарын қалай зерделеу қажет? Балаларға өздерінің құқықтарын күнделікті өмірде түсінуі үшін қандай білім қажет? Бала құқықтарын шынайы өмірде дамыту және қолдау үшін оларға қандай дағдылар мен ұстанымдар қажет? Осы құралдың Бала құқықтары туралы конвенцияны және еліміздегі балалардың құқықтары туралы Заңды зерделеуге негізделген материалдары осы сұрақтарға жауап береді. Құралды дайындаған авторлар құқықтық білім беру және Бала құқықтары туралы конвенция мен Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң баптарымен жұмыс барысында бала құқықтары туралы оқытуды, бала құқықтары үшін оқытуды және бала құқықтарын оқытуды қосатын жан-жақты тәсіл ретінде балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдарды қолдануды ұсынады. Сабақ жүргізу барысында ең алдымен оқытушы мен оқушының қарым-қатынасына, оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, творчествалық әлеуетін көтеруге негізделген оқытудың интерактивті әдістері қолданылады. Мұндай бірлескен жұмыстың нәтижесі қабылдауға (ақпаратты жай есте сақтау) негізделген дәстүрлі әдістемеге қарағанда анағұрлым жоғары. Балалардың өз бетінше қызмет ету, эмоционалдық толғаныстары арқылы оқытудың интерактивті әдістері сабақты түсіну, білімді меңгеру, қабілеттер мен дағдыларды, құндылықтар мен қарым-қатынастарды қалыптастыруға зор ықпал етеді. Білуге және түсінуге, ең алдымен, адам құқықтарының рухани жақтарын түсіну, Бала құқықтары туралы ковенцияда және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бала құқықтарының негіздерін білу, балалардың дамуға және қорғауға ерекше құқықтарының барын білу, бала құқықтарының бұзылу салдарын түсіну, өз құқықтарын қорғау тәсілдері туралы білу жатады. Бала құқықтары туралы білім баланың жасы мен бойындағы қасиеттеріне қарай құбылып тұрғанымен, әдетте ол төмендегі маңызды ұғымдарды қамтиды:
Қабілеттер мен дағдыларға орын алған жағдайды, қоғамдық құбылыстарды адам құқықтары жағынан талдай білу, адам құқықтарының бұзылғандығын айыра білу, өз құқықтарын қорғай білу, топпен жұмыс істей: ынтымақтаса, көмектесе, бір-бірімен келісе білу, пікірталас жүргізе білу, көпшілік алдында сөйлей алу, тыңдай білу, бірлескен қызметті ұйымдастыра білу кіреді. Құқықтық білім беру барысында балалар өздерінің қоғам өміріне араласуға, адам құқықтарының мәдениетіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін қабілеттер мен дағдыларды бойына сіңіреді. Бұған оқушылардың төмендегідей қызмет түрлерін ұйымдастыру ықпал етеді:
Құндылықтар мен қарым-қатынастар басқа адамдарға құрмет көрсету, өзге көзқарастарға, мүдделерге, дәстүрлерге төзе білу, басқа адамның қайғысына ортақтасу және аяу, басқаның бойынан жақсыны көріп, оған жақсылық тілеу арқылы білінеді. Адам құқықтары балалардың, бүкіл адамдардың қалай бірге өмір сүру керек екендігі туралы қағидаттар ретінде қарастырылады. Алайда, адам құқықтары материалдық болмағандықтан, негізінен оның әрекеттері мен құндылықтары және көзқарастары арқылы көрсетілетіндіктен адам құқықтары саласындағы білім беруді аса күрделі де ұзақ жүретін түрі болып табылады. Балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдар арқылы балалар өз құқықтарын сабақтағыдай, одан да көбірек оқи алады. Сондықтан да баламен жұмыс істейтін кез-келген адам өзі ықпал еткісі келген адам құқықтарының құндылықтарын түрлендіруге міндетті. Үйретілуі міндетті адам құқықтары саласындағы ұстанымдарға мыналар жатады:
Сонымен, жеке тұлға құқықтары дегеніміз – бұл әр адамның өмірлік тәжірибесінің бір бөлігі, сондықтан адам құқықтары саласындағы білім беру балаларды оқытудың күнделікті жүріп жатқан үрдісіне қосылуы тиіс. Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң балалардың адам құқықтарына деген қызығушылықтарын және осы құқықтарды өмір барысында түсінуін арттыру ресурстары болып табылады. Адам құқықтары саласындағы білім берудің басты мақсаттарының бірі құқықтарды қорғау әрекеттері болып табылады. Сондықтан, балалардың осы саладағы проблемаларды шешу үшін тиімді және мақсатты әрекеттер жасау қабілеттерін қолдап, дамытып отыру өте маңызды. Балалар үшін мұндай әрекеттер кітап, анимациялық фильмдер кейіпкерлерінің арасындағы құқықтық қатынастар ретінде болуы мүмкін, сонда олар шынайы өмірде топтағы немесе отбасыдағы қақтығыстарды шешу үшін өздерінің бауырларына деген қарым-қатынасын өзгерте алады. Бұл әрекеттер бұдан да ауқымды жерлерде, мысалы, Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтуді ұйымдастыруда немесе адам құқықтары тақырыбына арналған суреттер мен қолөнер көрмелерін ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін. Баланың жасына қарай, олар кішкентай болған сайын оларға ересек адамдардың көмегі көп қажет болады, бұл оқушылардың ұжымдық шығармашылық қызметін және балалардың ұжымдық жобалау қызметіне (мысалы, шығармашылық топ күшімен жасалатын Бала құқықтары жөніндегі кітап жасауға), жеке және ұжымдық Конкурстар мен Байқауларға, балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы суреттер мен ашық хаттар жасауға қатысуға мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді. |