Скачать 309.41 Kb.
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті –білім ордасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттеріне арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛ КӨРСЕТКІШ «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауынан (2012 жылы 27 қаңтар) 1. ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 1.1 Жалпы мәліметтер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – көп бейінді оқу-білім және ғылыми кешені даму үстіндегі еліміздің батыс өңіріндегі беделді жоғары оқу орындарының бірі. Біздің жоғары оқу орнымызда алпысыншы жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жалпы ғылыми пәндерден білім алды. Университет мұражайында Қарағанды политехникалық университетінің студенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған экспозиция мұқият сақталуда. 65 мыңнан астам біздің түлектеріміздің арасында – белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге әлемнің басқа елдеріндегі ғылыми мекемелердің басшылары, мәдениет және білім беру саласының майталман үздіктері бар. Университет мамандар даярлаудың сапасын және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жетекші шетел жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастықта қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда. АтМУ – ірі ғылыми орталық. Университетте өткізілетін халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-техникалық конференциялар академиялық таңдаулы топты, магистранттарды, студенттерді, өңірдегі, республикадағы, ТМД елдеріндегі және шетелдегі ірі кәсіпорындардың мамандарын топтастырады. Біздің студенттеріміз спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады: ҚР ЖОО Универсиадасы, «Президенттік миля», «Денсаулық сағаты», спорттың 15 түрінен факультеттер арасындағы спартакиада; спорттың 6 түрі бойынша Ректор Кубогы, «Сергектік және денсаулық» Спартакиадасы. Соңғы жылдары университетте халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 18 спорт шебері, 20 спорт шеберіне кандидат, 259 спортшы – разрядшылар жаттықтырылды. Ректор Б.Мамраевтің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев өнегесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың инновациялық моделі әзірленді және табысты енгізілуде. 1.2 Студенттің құқықтары мен міндеттері Студент:
Материалдық марапаттау түрлерін таңдау деканат және кафедра ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады. Бітіруші кафедралардың ұсыныстары бойынша жақсы оқитын студенттер оқытудың жеке кестесіне ауыстырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен білімгерлер қоғамдастығы, жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты: мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санап, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары оқытушылары мен білімгерлерінің Ар Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады. Білім алушылардың Ар Кодексі Білім алушы өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады. Білім алушы үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады. Білім алушы парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді. Білім алушы салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады. Білім алушы жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, білімгерлер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды. Білім алушы жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды. Білім алушы жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды. Білім алушы академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату. Білім алушы болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды. Оқытушының Ар Кодексі Оқытушылық қызметтің басты бағыты - білімгерлермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу. Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытуы қажет. Оқытушы - ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы. Оқытушы өз іс-әрекетімен білімгерлерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді. Оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі. Қазақстанның жоғарғы оку орындары оқытушыларының Ар Кодексі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі. Біз, оқытушы мен білімгерлердің Ар Кодексімен жүруге және берілген міндеттемелерді іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз. Біз, өзіміздің жоғарғы оқу орындарымыздың өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысамыз. Университетте рұқсат қағаз жүйесі жұмыс істейді. Корпусқа кіру студенттік билеттерді (сынақ кітапшаларын) көрсету арқылы жүргізіледі. Студенттерге міндеттерді бұзғаны үшін тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін. 1.3 Оқу процесін ақпараттық кітапханамен қамтамасыз ету
Кітапхананы Университет студенттері және магистранттары пайдалана алады. Біздің кітапханамыз ақпараттың кең шоғырымен қамтамасыз етілген және оны іздеуде каталог, картотека, анықтамалық және ақпараттық баспалар бойынша көмек көрсетіледі. Картотекалар – бұл Сіздің сәтті жұмысыңыздың, құзіреттілігіңіздің кепілі, Сіз онда оқулықта жоқ нәрселерді табасыз. Ақпаратты іздеуді жеделдетуге электрондық каталог көмектеседі. Электрондық каталогтың ДБ-на қол жеткізуді электрондық оқу залында, кластағы компьютерден - университеттің жергілікті желісі бойынша алуға болады. Электрондық каталог кітапхананың кітап қоры туралы ақпаратты береді. Іздеу былай жүргізіледі: кілт сөздері бойынша, автордың тегі, баспадан шыққан жылы, басылым типі (оқулық, анықтамалық және т.б.). Кітапхана оқырмандарына көрсетілетін қызмет библиографиялық және толық мәтінді деректер базасы ретінде ұсынылады:
Кітапхана құрылымы:
Жыл бойына кітапхана 62030 оқырманға қызмет етеді және 154604 дана кітаптар мен журналдарды береді. Күнделікті кітапханаға шамамен 350 оқырман келеді, ал бір жылда кітапхана қызметін 50908 оқырман пайдаланады. Әрдайым ғылыми-практикалық конференциялар, жаңа әдістемелік, ғылыми кітаптармен таныстыру үшін көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Толық мәтінді деректер базасы:
Кітапхана қоры туралы қосымша ақпаратты кітапхананың электрондық оқу залында INTERNET бойынша алуға болады. Біздің оқырмандарымызға хабарлаймыз:
Біздің кітапханамызда өзіңізді сенімді және жайлы сезіну үшін бірнеше қажетті ережені есте сақтаңыз:
Жыл сайын 1-қыркүйектен 1-қаңтарға дейін кітапхананың абонементіне қайта тіркеуден өту қажет. Кітапхананың жұмыс істеу тәртібі: күн сайын 8.30-дан 17.30-ға дейін. Сенбіде - 9.00-дан 14.00-ке дейін. Жексенбі - демалыс. Әр аптаның бейсенбісі— тазалық күні. 1.4 Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру АтМУ-да өте жақсы жабдықталған «Жайық» спорт кешені орналасқан, онда спорт клубы жанында келесі секциялар жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, күрес, жеңіл атлетика, туризм, теннис. Сондай-ақ университеттің Жастар орталығы жанында мынадай студенттік үйірмелер бар: вокал, домбыра ансамблі, «Сауле» би тобы, КВН клубы, пікір-сайыс клубы. 2 КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ КЕЗІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 2.1 Жалпы ережелер Кредиттік оқыту технологиясын (КОТ) пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:
Кредиттік оқыту жүйесіне (КОТ) тән ерекшеліктер мыналар болып табылады:
Бакалавриаттың білім беру кәсіби бағдарламасы 4 жыл оқу ішінде іске асырылады және 40 пәннен кем емес зерделеуден тұрады. Бакалавр дәрежесін алу үшін 128 кредит алу, практиканың барлық түрлерінен өту, мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысын немесе диплом жобасын қорғау керек. |
![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық... | ![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және... |
![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және... | ![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және... |
![]() | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау. Құрметті әлеумет! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз Отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Осындай тамаша... | ![]() | 13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз Азақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-ға ресми сапармен келген Моңғолияның Президенті Н. Багабандимен... |
![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы сму қазақстанның Солтүстік-Шығыс өңіріндегі мәдени, оқу-әдістемелік және ғылыми орталық бола келе, жоғары мектеп... | ![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық... |
![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық... | ![]() | Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияларды жоғары оқу орындары арасында бөлу Республикасының Президенті тағайындаған стипендияларды жоғары оқу орындары арасында бөлу |