«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің




Название«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
страница1/9
Дата конвертации15.01.2013
Размер1.18 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Бесқарағай аудандық әкімдігінің

2011 жылғы 31 қаңтар № 22 қаулысына қосымша

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Мазмұны


1 - тарау. Миссиясы мен пайымдау

2 - тарау. Ағымды жағдайды талдау және білімді дамыту тенденциясы

2.1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

2.2. Жалпы орта білім

2.3. Әрбір баланың өмірі мен отбасындағы тәрбиеленуге құқығын іске асыру есебінде әлеуметтік жетімділікті төмендету

2.4. Дамытудағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту

3-тарау. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, толық индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелердің көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, толық индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелердің көрсеткіштері

3.2. Стратегиялық бағыттары мен мемлекеттік органы мақсаттарының мемлекет мақсаттарына сәйкестігі

4 - тарау. Функционалдық мүмкіндіктері мен тәуекелдері

5 - тарау. Ведомствоаралық өзара қатынас

6 - тарау. Тәуекелдермен басқару

7 - тарау. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік шығындардың жиынтығы

Миссиясы мен пайымдау
«Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: «Барлық адамдар үшін өмір бойғы білім» пікірге сәйкес нәтижеге бағытталған, сапалы, бәсекеге қабілеттігі бар қол жетімділікпен қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Пайымдау: жоғары білімді, бәсекеге қабілеттігі бар және интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға қабілетті сапалы білімді қызметтер көрсету үшін білім басқармасының нәтижелілік жүйесін құру.

2-тарау. Ағымды жағдайды талдау және білімді дамыту тенденциясы
Бесқарағай аудандық білім беру жүйесі 26 білім беру мекемелерді қосатын, мемлекеттік оқу орындарының көп жүйелі жүйесін көрсетеді. Оның ішінде:

- 24 жалпы білім беретін мектептер:

18 орта мектеп, оның ішінде 18 ауылдық,

4 орталау мектептер, оның ішінде 4 ауылдық мектеп,

2 бастауыш мектеп, оның ішінде 2 ауылдық мектеп.

- 2 мектептен тыс ұйымдар:

Бесқарағай ауылының балалар саз мектебі,

Бесқарағай ауылының шығармашылық Үйі.
2.1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Ауданда 111 оқушыны қамтитын (бала-бақшаның тобында – 95 бала, мектепалды даярлық топтарында – 16 бала бар) 1 мектепке дейінгі мекеме «Борас орта мектебі-бақшасы» мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Ауданның 22 мектебінде 353 баланы қамтитын 28 мектепалды сынып, 18 мектебінде 321 баланы қамтитын қысқа мерзімді шағын орталықтардың 19 тобы ұйымдастырылды. 2010 жылы балалардың жағдайларын жақсарту үшін Канонерка және Глуховка орта мектептерінде 50 баланы қамтитын толық күнді 2 шағын орталық ашылды.

2011 жылғы қыркүйекте Беген орта мектебінде және Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде толық күнді, Жыланды негізгі мектебінде қысқа мерзімді шағын орталықтардың ашылуы жоспарлануда. 2012 жылы Сосновка орта мектебінде толық күнді және Грачи негізгі мектебінде қысқа мерзімді шағын орталықтардың ашылуы, 2013 жылы Семеновка орта мектебінде толық күнді және Бірлік бастауыш мектебінде қысқа мерзімді шағын орталықтардың ашылуы, 2014 жылы Қоянбай орта мектебінде толық күнді шағын орталықтың, 2015 жылы Өндіріс орта мектебінде шағын орталықтың ашылуы жоспарлануда.
2.2. Жалпы орта білім

Жалпы білім беретін мектептердің жүйелер динамикасы мен саны

Оқу жылы

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Мектеп саны

27

27

28

28

28

28

28

27

26

25

24

Саны

6117

6331

5773

5599

5207

4842

4293

3815

3571

3414

3294


Бесқарағай ауданында 24 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 2 бастауыш, 4 негізгі, 18 орта мектеп. Қазақ тіліндегі мектептердің саны – 9 мектеп. Жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларының саны 3294 оқушыны құрады. Соңғы 3 жылы оқушылардың саны азайғандықтан 4 мектеп (Беген негізгі мектебі, Лесной, Черемушка, Стеклянка бастауыш мектептері) жабылды.

2004 жылмен салыстырғанда оқушылардың саны 1913 оқушыға азайып, 2010-2011 оқу жылының басында 3294 оқушыны құрады.

Оқушылардың саны азайғандықтан мектептер қысқартылып, қайта ұйымдастырылуда, сыныптар қосылды. Мектептерді қайта ұйымдастыру мен жабу есебінде орта, орталау және бастауыш мектептердің саны өзгерді.
Бесқарағай ауданы бойынша мектеп жүйелерін өзгерту
Ауданда оқушылардың санының азайтылуына байланысты шағын ықшамды мектептердің санын арттыру - 21 (84 пайыз), білім беру нысандары жоқ елді мекендердің санын арттыру тенденциясы байқалуда. Ауданның 10 елді мекендерінде мектептер жоқ (2007 жылы 6 елді мекендерде болмаған), оның ішінде екі елді мекенде мектеп жастағы балалар жоқ.

Мектептер жоқ елді мекендердің балаларын оқумен қамту мақсатында, 10 елді мекендердің 288 оқушыларын ауданның 8 мектебіне тасымалдау іске асырылуда. Ол үшін 12 автобус пайдалануда, оның ішіндегі 11 автобус мектеп меншігінде, ал 1 – жалға алынған. 2010 жылы Канонерка, Сосновка, Глуховка орта мектептерге тасымалдау үшін 3 автобус сатып алынды. Қажеттілік 4 бірлігін құрайды (3-і тозғанына байланысты, 1-і жалға алынғанның орнына). 2011 жылы Борас орта мектебі-бақшасына және Н.Баймұратов атындағы орта мектебіне жалпы 8600,0 мың теңге сомада 4300,0 мың теңгеге 2 автобус сатып алу жоспарлануда.

ҰБТ қорытындылары бойынша 2010 жылғы түлектердің білім сапасының негізгі көрсеткіштері 2009 жылмен салыстырғанда жоғары. ҰБТ орташа баллы – 88,1 баллды құрайды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 17,9 баллға жоғары.

Оқушылардың сапалы білім алу үшін жағдайларды жасау мақсатында мектептердің материалдық базасын жақсарту бойынша маңызды жұмыстар атқаруда. 2008 жылы Беген орта мектебі пайдалануға берілді.

2011-2012 жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға болжамдалған жергілікті инвестициялық жобалардың тізіміне сәйкес Семияр орта мектебінің құрылысы жоспарлануда.

2012 жылы Бесқарағай ауылында 15000,0 теңге сомада меншік және несиелік қаражаттардың есебінде 50 орынды бала-бақшаның құрылысы жоспарлануда.

2010 жылы Жол картасын іске асыру бойынша Семеновка, Өндіріс, М-Владимировка, Баскөл, Канонерка орта мектептерінде, Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде және Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінде 69870,0 мың теңге сомада күрделі жөндеу өткізілді. 2011 жылы Долон, Ү-Владимировка, Сосновка орта мектептерінде және Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде 43700,0 мың теңге сомада күрделі жөндеу өткізу жоспарлануда.

Жалпы білім беретін мектептерде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану үшін жағдайлар жасалуда. Ауданда 2005-2010 жылдарында 11 мультимедиялық, 11 физика, 4 химия және 5 биология кабинеттері сатып алынды. 2011 жылы жалпы 24600,0 мың теңге сомада жаңа заманауи 6 кабинет сатып алу жоспарлануда, оның ішінде жергілікті бюджеттен 3 кабинет (Баскөл орта мектебіне биология кабинеті, Кривинка орта мектебіне физика кабинеті, Глуховка орта мектебіне химия кабинеті) 123000,0 мың теңге сомада және республикалық бюджеттен Семеновка, Сосновка, Қоянбай орта мектептерге 12300,0 мың теңге сомада сатып алу, сонымен қатар 3500,0 мың теңге сомада «Өзін-өзі тану» кабинетін жабдықтау үшін құралдар-жабдықтарды сатып алу жоспарлануда (М-Владимировка, Семеновка, Кривинка, Өндіріс, Глуховка, Қоянбай орта мектептері).

Жалпы білім беретін мектептерінің мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуы 61,1 пайызды құрады, физика – 61,1 пайыз, химия – 22,2 пайыз, биология – 27,7 пайыз.

Ауданда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім процесіне енгізіледі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім процесіне енгізу бойынша алдағы жұмыстар бірнеше бағыттарға тұрғызылды:

1) оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға және осы негізінде білім процесінің барлық қатысушылардың жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндіктері бар аудандық білім беру мекемелерінің кадрлармен, педагогикалық, әкімшілік және инженерлік-техникалық дайындықпен барлық деңгейде қамтамасыз ету;

2) білім беру мекемелерінің компютерлік паркісін станционарлық компьютерлік сыныптарындағы ескі компьютерлерді ауыстыру жолымен жұмылдыру, мектептерді жоғары шапшаң кең тілім жол бойынша Интернет жүйесіне қосу, білім мекемелеріндегі компьютерлік сыныптардың санын арттыру;

3) барлық білім беру мекемелеріне электрондық құжат өңдіру мен электрондық пошта жұмыстарын енгізу үшін Интернет жүйесіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету;

4) ақпараттық технологияларды пайдалану саласында педагогикалық кадрлардың біліктілерін арттыру жүйесін құру;

5) оқушылармен оқу және сабақтан тыс жұмыстарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нәтижелілік пайдалану; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мен пайдалану нәтижелері мониторингісінің жүйесін құру;

6) білім беру мекемелерін ақпараттандыру ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ету.

Ауданда мектептер 100 пайызға компьютерленген. 2010 жылғы жағдай бойынша білім беру ұйымдарындағы компьютерлік паркі мультимедиялық лингафондық кабинеттерді есепке алғанда компьютер техникасының 524 бірлігін құрайды. 2011-2015 жылдарынан бастап білім беру ұйымдарының «кең көлемді» Интернетке қол жетімділікке оқытуды өткізу жоспарлануда.

2010-2011 оқу жылы жалпы 8520,0 мың теңге сомада оқулықтар сатып алынды, оның ішінде республикалық бюджеттен 2520,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 6000,0 мың теңге. 2011-2012 оқу жылдарға жергілікті бюджеттен 7000,0 мың теңге сомада оқулықтар сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта ауданда аудан мектептерінде оқитын 49 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады, оның ішінде 6 балада баспана бар.

Жетім-балаларды мемлекеттік тұрғын қорынан баспана алу үшін кезекке тұрғызу бойынша жұмыстар жалғастыруда. Бүгінгі күні кезекке 33 жетім бала тұрғызылды.

16 баланың құжаттары жергілікті атқарушы органдардың қарауында.

Ауданда қосымша білім берудің 2 ұйымы жұмыс істейді, онда оқушылардың 34,9 пайызы өздерінің мүдделері мен бейімділіктері бойынша оқиды.

Білім беру мекемелерінде Жинақталған тәрбиелеу бағдарламасы Бесқарағай ауданының тәрбиелеу жүйесін дамыту бағдарламасының негізінде іске асырылады, оның мақсаты- тәрбиелеу ортадағы көп жоспарлық, полисубъектік әрекеттегі баланың жеке басын өздігімен даму, өзін-өзі белсенді ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Білім беру мекемелерінде білім беру мекемелерінің тәрбиелеу қызметтерінің нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру, ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету арқылы тәрбиелеудің жүйелі ұйымдастырумен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды. Сонымен қатар балалардың өздігімен дамулары үшін қосымша кеңістік құрылды.

24 білім беру ұйымдарында кіші мектеп ассамблеялар құрылып, жұмыс істейді, жол қозғалысының жас инспекторларының, жас мектептік полиция инспекторларының оқу отрядтары жұмыс істейді.

Мектептерде оқушылардың сабақтан тыс кезінде бос уақытты іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында пікірлер бойынша бөлімдер құрылды.

Тәрбиелеудің аудандық мақсатты бағдарламаны іске асыру шеңберінде балаларды өздігінен іске асыру үшін қосымша кеңістіктер құрылуда. Білім беру ұйымдарында көркем үйірмелер жұмыс істейді, онда 1150 оқушы қатысады. Ауданның 952 оқушысы спорттық секцияларына қатысады.

2009-2011 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнеспен күресу бойынша Өңірлік бағдарламаны іске асыру шеңберінде аудандық бюджеттен 3150,0 мың теңге бөлінді. Балалар қылмыстарды, панасыздықты төмендету мақсатында ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің есебінде және мектепішілік есебінде тұрған балалардың жазғы жұмыспен қамтылуына ерекше назар аударылды.

Ауданда жазғы кезеңінде 1585 баланы қамтитын 21 мектепалды лагерлер жұмыс істеді. 130 бала қала сыртындағы «Радуга» лагерінде демалды, бұл балалар – жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, «қауіп» тобындағы, күн көрісі төмен және көп балалы отбасылардың балалары, сонымен қатар оқу үздіктері. Жыл сайын біздің ауданымыздың балалары Астана қаласына барады. Жазғы демалыс кезінде құрамында 154 бала бар 3 шығулар жоспарланды. Балалардың сауықтырылу демалысымен қамту 99,92 пайызды құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,92 пайызға артық. 2011 жылы балалардың сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына 4000,0 мың теңге қаралды.

Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау және енгізу мәселелері Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бесқарағай ауданында туризм индустрияларды тұрақты дамыту үшін 2012 жылы «Шошқалы» көлінде жалпы 10000,0 мың теңге сомада сауықтырылу кешенінің құрылысы жоспарлануда, қаржыландыру көзі - «Ромат» ЖШС-і.

Өткізілетін спорттық іс-шаралардың саны жыл сайын артуда. 2010 жылы 43 іс-шара өтті, 2011 жылы 48 іс-шараны өткізу жоспарлануда. 2011 жылы ішкі туризм бойынша іс-шараны өткізуге, Қазақстан және халықаралық туристік көріністерге, облыстық іс-шаралар слеттарына қатысуға 0,100 мың теңге жоспарлануда.

Бұқаралық спортты және жоғарғы жетістіктері спортын дамыту үшін бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізуге 1592,0 мың теңге, аудандық құрама командаларының әртүрлі спорттың түрлері бойынша дайындалу мен қатысуларына 2535,0 мың теңге, Бесқарағай ауылында жазғы спорттық алаңының құрылысына 15000,0 мың теңге жоспарланды.

Қазіргі уақытта оқушылар ыстық және буфеттік тамақтандырылатын 14 асхана мен 14 буфет жұмыс істейді. Асхана мен буфеттері жоқ мектептерде ыстық тамақпен тамақтандырудың альтернативтік үлгісі енгізілді, үзіліс 30 минутқа дейін ұзартылды.

3251 оқушы (98,7%) ыстық тамақпен тамақтандырумен, оның ішінде 3142 оқушы (тамақтандырылатындардың санынан 99 пайыз) ақысыз тамақтандырумен қамтылды.

Бастауыш сынып оқушыларының саны 1208 оқушыны құрайды, оның ішінде 1-4 сыныптың 1180 оқушысы ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылды (97,6), оның ішінде бастауыш сыныптардың 945 (79,2%) оқушысы жергілікті бюджеттің қаражаты есебінде ақысыз тамақтандырылады, Мостик орта мектебінің 28 оқушысы бюджеттік қаражаттар есебінде ақысыз буфеттік тамақтандырылады, 235 оқушы альтернативтік ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылды.

Тамақ беретін орындар жұмыс істейтін технологиялық құралдармен жабдықталды. 2009 жылы 9 мектеп асханалары үшін 2230,7 мың теңге сомада құрал-жабдықтар сатып алынса, 2010 жылы 11 мектеп асханаларына 3313,0 мың теңге сомада құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқушылардың тамақтандырылуы ұйымдастырылған барлық мектептерде тамақ беретін орындарының паспорттары бар. 2011 жылы Жыланды негізгі мектебінің және Баскөл орта мектебінің мектептік асханалары мен тамақ беретін орындарына жалпы 1000,0 мың теңге сомада құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарлануда.

2010 жылдың бюджетінде ыстық тамақпен тамақтандыруға 15141,0 мың теңге, сонымен қатар бір балаға аптасына екі рет 20 граммнан есептегенде балға 1275,0 мың теңге қаралды, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары (945 оқушы) үшін 970 мың теңге бөлінді. 2011 жылы 20495,0 мың теңге, оның ішінде күн көрісі төмен отбасылардың оқушылары үшін 9400,0 мың теңге қаралды.

Соған қарамастан Бесқарағай аудандық білім беру жүйесін тиімді дамуының кейбір өзекті мәселелер бар:

1. Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарына қажеттіліктері сақталуда. 2010 жылғы 1 қыркүйекке аудан бойынша 2-6 жастағы 1086 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған жоқ, бұл 55,6 пайызды құрайды.

2. Демографиялық және көші-қон үдірістерінің салдарынан мектеп оқушыларының саны азаюда.

3. Апаттық мектептер саны жыл сайын өсуде (Баскөл және Мостик орта мектептері).
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Салауатты өмір салты қағидаттарына ену тетігін тиімді құрылуын пайымдау бойынша Бесқарағай ауданында дене шынықтыру және спорт саласындағы...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын 2010ж Мазмұны
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconБесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыз №81
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің миссиясы мен пайымдау
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница