Скачать 1.24 Mb.
|
--> Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 25-26, 186-құжат Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты; 2) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты; 3) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты; 4) «Нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.31 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 қаулысымен бекiтiлген «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.31 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 1. Жалпы ережелер 1. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi - аумақтық инспекциялар) көрсетедi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 4-бабының 1-тармағы және «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердiң, сондай-ақ жоғары өтiмдi арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2005 жылғы 14 қазандағы № 597 бұйрығы (бұдан әрi - Бұйрық) негiзiнде көрсетiледi. 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер» деген бөлiмде «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» деген кiшi бөлiмде, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан немесе жергiлiктi баспасөзде жарияланады. 5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк немесе дәлелдi бас тарту болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi: 1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады; 2) мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды. 8. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес тiркеу алымы алынады, ол (қолма-қол немесе қолма-қол ақшалай емес): 1) жеке тұлғалардан - 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн; 2) заңды тұлғалардан - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн; 3) машиналар кепiлiн тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн - 0,5 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Тiркеу алымы құжаттар тiркеушi органға тапсырылғанға дейiн банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленедi. 9. Мемлекеттiк қызмет демалыс күндерiн қоспағанда, аумақтық инспекция бекiткен кестеге сәйкес жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн ұсынылады. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған кресло, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Аумақтық инспекцияның ғимараты физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған. 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi 11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларға қойылатын талаптар: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш (нысан Бұйрықпен белгiленген); 2) жеке басын куәландыратын құжат, ол өкiл үшiн - оның өкiлеттiгiн растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар; 3) тiркеу алымының төленгенi туралы құжат; 4) кепiл туралы шарт немесе кепiлдiң талаптарын қамтитын шарт; 5) машиналар келесi кепiлге салынған жағдайда (қайта кепiлге салу) - бұрынғы кепiл ұстаушылардың хабардар екендiгi және машиналарды қайта кепiлге салуға қарсы еместiгi туралы хаттары. 12. Бланкiнi осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша аумақтық инспекциялардан немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады. 13. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тұтынушы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша аумақтық инспекцияға тапсыруы қажет. 14. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде өтiнiштiң көшiрмесiне өтiнiштiң тiркелгендiгi туралы шығыс нөмiрi, күнi, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты-жөнi және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлiп белгi қойылады. 15. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының өзiнiң келуi немесе сенiм хат негiзiнде әрекет ететiн уәкiлеттi өкiл арқылы көрсетiледi. 16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту негiздерi: 1) кепiл туралы шарттың немесе өзге де шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 307-бабының талаптарына сай келмеуi; 2) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды табыс етпеу болып табылады. 3. Жұмыс қағидаттары 17. Мемлекеттiк қызмет көрсетушi аумақтық испекциялардың қызметкерлерi өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын, оның iшiнде көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде баса көрсетпеу және пайдаланбау; 2) сыпайы және әдептi болу; 3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қабылдау; 4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету. 4. Жұмыс нәтижелерi 18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 19. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi. 5. Шағымдану тәртiбi 20. Аумақтық инспекция мамандарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген аумақтық инспекция кеңсесiнiң қызметкерлерi жүзеге асырады. 21. Тұтынушы көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiне келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-761, www.tehnika@minagri.kz, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн шағым жасай алады. 22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым демалыс күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30 дейiн аумақтық инспекция бастығының атына берiледi. 23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар. 24. Тұтынушы шағым беру үшiн мынадай құжаттарды ұсынады: 1) еркiн нысандағы өтiнiш; 2) мемлекеттiк қызметтi көрсетуден дәлелдi бас тартудың көшiрмесi (бар болған жағдайда). 25. Тұтынушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын, берiлген шағымға жауап алу күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi. 26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша аумақтық инспекциялардың кеңсесiнен ала алады. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 қаулысымен бекiтiлген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты |
![]() | Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi... | ![]() | Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi... |
![]() | Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк... | ![]() | Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк... |
![]() | Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк... | ![]() | Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi |
![]() | Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» «Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру... | ![]() | «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар «Ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін бекiту туралы» |
![]() | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын... | ![]() | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын... |